Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында мемлекет басшысының Қазақстан халқына – «Үшінші жаңғырту - Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігі» Жолдауында «Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма ұсынған «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақытылы болжай алдық» делінген.
Бұл Жолдау стратегияның жалғасы болып табылады. 2050 жылға қарай Қазақстан әлемдегі дамыған мемлекеттердің ішінде 30 елдің қатарына кіруі керек. Үшінші жаңғыртуы Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттілігін артырып, жаңа экономикалық модельді құруға мүмкіндік береді. Мемлекеттік қызметкерлердің имиджі, олардың ел игілігіне адал қызмет етуге деген біліктілігі мен дайындығын шешу міндеттері Елбасы Жолдауында анық көрсетілген. Аудан әкімі аппаратының басшысы Раушан Алпысбекызы Кемербаевамен болған сұхбатымыз осы жайында.


- Раушан Алпысбекқызы, біздің ауданда мемлекеттік қызметкерлер қатарына жаңа кадрлар тарту бойынша жұмыс қалай жүргізілуде?
- Бүгінгі күні жергілікті атқарушы органдардың штат санын 179 бірлік мемлекеттік қызметкерлер құрайды.
Ауданның әкімшілік аппаратының Персоналды басқару қыз-метімен 2016 жылға 75 бос лауазымдарға байқау жарияланды. Оның бірінші ішкі байқауына мемлекеттік органдар қызметшілерінің арасынан 34 адам, екінші ішкі байқауға 16 адам өтті. 25 бос лауазымдық орын үшінші кезеңге қалды.
- Мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тәртібі туралы айтып кетсеңіз?
- Кез келген мемлекеттік қызметшінің жұмысына қойылатын бас-ты талап – оның тәртібі мен жауапкершілігі, сондай-ақ тапсырмаларды уақытылы орындауы. Ағымдағы жылы Шығыс Қазақстан облыс әкімі мен әкімдігінен, барлығы 130 акт түсті, алайда, олардың бірде-біреуі бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ. Облыс әкімі мен әкімдік отырыстарындағы хаттамалық шешімдердің орындалуы-нан да бұзушылықтар орын алмады.
- Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа генерация шенеунігі-ол өз ісіне берілген, әділ және кәсіпқой, ұлтына адал қызмет ететін патриот» деген. Ауданымызда халыққа мемлекеттік қызмет көрсету бойынша тұрғындар мен билік арасындағы екі жақты байланыс қалай жолға қойылған?
- Көкпекті ауданы әкімінің аппаратына 2017 жылдың басынан бері 78 жеке және заңды тұлғалардан өтініштер түсті. Бұл 2016 жылдағы осы мерзіммен салыстырғанда, екі өтініш артық. Оның ішінде ағымдағы жылы 29 өтініш қаралды, ал 39 өтініш басқа органдарға тұрғылықты мекені бойынша және төменгі органдарға жіберілді. 1 өтініш бойынша қанағаттанарлық жауап, жер туралы келіп түскен 3 шағымға қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер беріліп, екі шағым лауазымды тұлғаларға жіберілді. Аудан әкімі бойынша әр айдың бірінші дүйсенбісінде Көкпекті ауылында, бірінші сәрсенбісі күні Самар ауылында жеке мәселелер азаматтарды қабылдайды. Аудан әкімінің жеке қабылдауына жазылу әкімдік аппаратының кеңсесінде күнделікті жүргізіледі.
Қазақстан Республикасының Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіруінің негізгі көрсеткіштерінің бірі- мемлекеттік қызмет көрсету сапасы және өмір сүру деңгейі болып табылады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Тізіліміне сәйкес Көкпекті ауданында жергілікті атқарушы органдармен 83 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі. Өткен жылы ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 84 868 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету үшін, әрбір дербес бөлім мен ауылдық округ әкімдері аппараттарында барлық жағдай жасалған. Халыққа мемлекеттік қызметтерді дер кезінде және сапалы көрсету үшін, ауылдық округ әкімдерінің бұйрығымен әрбір дербес бөлім және ауылдық округ әкімдері аппараттарында бөлім басшылары, жауапты мемлекеттік қызметшілер бекітілген. Осы жұмыстар бойынша жыл басынан бері ай сайын тақырыптық семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады.
Мемлекеттік қызметтердің "электронды үкімет" порталы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің «Азаматтарға арналған Үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» арқылы көрсетілетін электрондық қызметтер үлесін арттыру, насихаттау бойынша халықты ақпараттандыру және пайдаланушылардың санын арттыруды бақылау және орындау алда тұрған негізгі тұрған міндеттер.
Ауданда ШҚО бойынша «Азаматтарға арналған Үкімет» «Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ-ның «Халыққа қызмет көрсету Орталығы» Департаментінің аудандық филиалы жұмыс істеп тұр. Бүгінгі күні Мемлекеттік корпорация 268 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді, оның ішінде 53 пилоттық.
- Елбасы Жолдауын жүзеге асыру барысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қандай жұмыстар жүргізілуде?
- Біздің ауданда сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша, жұмыс жоспарына сәйкес, бірқатар жұмыстар атқарылды. Ауданда жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ведомствоаралық комиссия құрылды 2016 жылы бекітілген жоспарға сәйкес 4 отырыс өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызметшілер мен азаматтық қоғамдық бірлестіктерді қатыстыра отырып, 8 дөңгелек үстел және 6 семинар өткізілді. 2016 жылы мемлекеттік қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлық әрекеті анықталған жоқ.
- Рахмет!

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз