Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Жер мәселесіне айрықша көңіл бөлген Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ел арасындағы түсінбеушіліктен туған наразылыққа байланысты түсіндірме жұмыстарының әлсіздігін айта отырып, ел көңіліндегі алаңдаушылықты үлкен ризашылықпен атап өткені белгілі. Ел тағдырына, жер тағдырына халқымыздың бейжай қарамайтынын, сондай-ақ, елге деген отаншылдық сезімнің көрініс беруі қуанарлық жағдай екенін айтты. Жер сату және жалға беру мәселесіне байланысты біздің редакциямызға да қоңырау шалып, мазасыздық танытып жатқан оқырмандарымыз аз емес. Осыған орай, Жер кодексі мен жер мәселесіне байланысты заңнамаларға сүйене отырып, сұрақ-жауап түрінде түсіндірме бергенді жөн көрдік. Осы мәселеге орай, Көкпекті ауданы жер қатынастар бөлімінің басшысы Жұмабек Меделбекұлы Бахтиновпен сұхбаттасқан едік.

 

- Жұмабек Меделбекұлы, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу мақсатына жерді жалға беру тәртіптері қандай?
- Қазіргі таңда Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 6 мамырдағы «Жер заңнамасының кейбір нормаларын қолдануға мораторий енгізу туралы» № 248 Жарлығымен Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларына мемлекеттік меншіктегі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер телімдеріне жеке меншік құқығын беруге 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін мораторий жарияланған болатын. Қазақстан Республикасының азаматтарына және заңды тұлға-ларына мемлекеттік меншіктегі және пайдалануға берілмеген жер телімдерін ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жалға беру, Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 48-бабы негізінде, әзірше, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығымен бекітілген жер телімін немесе жер телімін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты ұйымдастыру және өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) 39-75 тармақтарына сәйкес жүзеге асырылады.
- Конкурсқа қатысушы ретінде қалай тіркелуге болады?
- Атқарушы орган конкурсқа шығарылатын сауда-саттық объектісінің конкурстық құжаттамасын қалыптастырады және конкурс өткізу туралы хабарландыруды мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде конкурс қорытындылары шығарылған күнге дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей жариялайды.
Қағиданың 43-тармағына сәйкес конкурсқа қатысушы ретінде тіркелу үшін мынадай құжаттарды беру қажет:
1) мәліметтер түрінде жер учаскесіне меншік құқығын (жалдау) сату жөніндегі конкурсқа қатысуға өтінім;
2) өкілдің өкілеттіліктерін куәландыратын құжат.
Көшірмелердің дұрыстығын растау үшін салыстырып тексеру үшін түпнұсқалары ұсынылады. Электрондық өтініш берілген жағдайда құжаттардың электрондық көшірмелері нысанында беріледі.
Конкурсқа қатысу туралы өтінімді қабылдаудан бас тартқан жағдайда, конкурстық комиссия жазбаша не рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы өтініш берушіге бас тартудың себебін түсіндіріп, өтінім түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде хабарлайтын болады. Конкурсқа қатысу туралы өтінімді қабылдаудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады: 1) осы Қағидалардың 43-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбау; 2) өтінімдерді қабылдау және тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін өтінімдерді беру:
Конкурсқа қатысушыларды тіркеу конкурс өткізу туралы хабарлама жарияланған күннен бастап жүргізіледі және конкурс өткізуден үш күн бұрын аяқталады. Конкурс өткізу туралы хабарламада белгіленген уақытта конкурстық комиссия конкурсқа қатысушылардың қатысуымен келіп түскен ұсыныстар (конкурстық өтінімі) бар конверттерді ашады, барлық белгіленген талаптардың сақталуын тексереді, қажетті мәліметтер мен құжаттардың болуын анықтайды, келіп түскен ұсыныстарды жария етеді. Қатысушы ұсынысты (конкурстық өтінімді) басып шығарады немесе өшірілмейтін сиямен жазады, тігілген, беттері нөмірленген және соңғы беті жеке тұлғалар үшін - қатысушының қолымен, ал заңды тұлға үшін - бірінші басшының (сенім білдірген тұлғаның) қолымен және мөрімен куәландырылған түрде ұсынады. Ұсыныстарда (конкурстық өтінімде), қатысушы грамматикалық немесе арифметикалық қателерді түзетуі қажет болған жағдайларды қоспағанда, жолақтар арасында ешқандай қойылымдар, өшіріліп жазулар немесе қосымша жазылған жазулар болмауы тиіс.
Қағиданың 52-тармағына сәйкес конкурсқа қаты-суға өтінім бергеннен кейін өтінім беруші конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде жер учаскесінің бағасы және оны пайдалану жөніндегі жеке конвертте мөрленген ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) береді.
Қатысушы конкурстық ұсынысты (конкурстық өті-німді) конвертке салып мөрлейді, онда мына деректер көрсетіледі: атауы, және мекен жайы; конкурсты ұйымдастырушы және оның мекен жайы, сондай-ақ «____жылғы «__»___ _____сағатқа дейін АШУҒА БОЛМАЙДЫ» (нақты уақыты мен күні көрсетіледі) деген сөздер жазылады.
Ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді) табыс ету-дің соңғы мерзімі өткеннен кейін ұйымдастырушы алған барлық ұсыныстарды (конкурстық өтінімді) қабыл-дамайды, ашпайды және оларды қатысушыларға қайтарады.
- Конкурстық комиссияның құзыретіне не жатады?
- Қатысушылар немесе олардың уәкілетті өкілдері өздерінің қатысып отырғанын растау үшін қатысушыларды тіркеу журналында тіркеледі. Конкурстық комиссия ұсыныстар (конкурстық өтінімдер) бар конверттерді ашқан кезде қатысып отырған адамдарға конкурсқа қатысушылардың атаулары мен мекенжайын, конкурстық өтінімдерді кері қайтарып алу және өзгерту туралы ақпаратты, егер олар құжатпен көрсетілсе, ұсынысты (конкурстық өтінімді) құрайтын құжаттардың бар немесе жоқ екені туралы хабарлайды. Сонымен қатар, ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді), олардың толықтығы, есептеулерде қателердің болуы, құжаттарға қойылған барлық қолдардың бар екендігі тұрғысынан, сондай-ақ жалпы алғанда құжаттардың ресімделуінің дұрыстығын зерделейді. Ұсыныстар (конкурстық өтінімдер) бар конверттерді ашу рәсімі бойынша конкурстық комиссияның хатшысы конверттерді ашу хаттамасын жасайды, оған конкурстық комиссияның төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы қол қояды.
Конкурстық комиссия конкурстық құжаттамамен бел-гіленген жер учаскесінің пайдаланудың мәлімделген өл-шемшарттары бойынша қатысушылардың ұсыныстарын (конкурстық өтінімдерін) баллдық тәртіпке сәйкес бағалайды. Ұсыныстарды (конкурстық өтінімдерді) қарау қорытындылары бойынша конкурстық комиссияның қорытындысы шығарылады, оған конкурстық комиссия төрағасы, оның орынбасары, конкурстық комиссия мүшелері мен хатшысы қол қояды. Біріншіден, конкурстық комиссия мүшелерінің тізімі; 2) конкурсқа қатысушылар туралы мәліметтер мен олардың ұсыныстары (конкурстық өтінімдері); 3) қатысушылар ұсыныстарының (конкурстық өтінімдерінің) конкурстық құжаттамамен белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі туралы қорытынды; 4) жер учаскесін пайдаланудың қосымша шарттары туралы мәліметтер; 5) конкурсқа қатысушылардың ұсыныстарын баллдық бағалау нәтижелері.
- Конкурс жеңімпазы қанша уақытта белгілі болады?
- Жергілікті атқарушы орган конкурстық комиссия қорытындыға қол қойғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде конкурстың жеңімпазын анықтайды, ол хаттамамен ресімделеді, оған жеңімпаз және екінші сатып алушы қолдарын қояды. Егер екі немесе одан көп қатысушылардың бағасы бойынша ұсыныстар (конкурстық өтінімдер) бірдей және ең жоғары болған жағдайда, жер учаскесін пайдаланудың ең қолайлы жағдай бойынша ұсынылған шарттар бойынша (конкурстық өтінімдер) жеңімпаз анықталады. Конкурс қорытындылары шығарылған күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымында, сатушының ресми интернет-ресурсында және рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйе-сінде конкурстың қорытындылары жарияланады.
- Жер учаскесін пайдалану жөніндегі ұсыныс-тарға тоқталып өтсеңіз.
- Қағиданың 52-тармағына сәйкес ұсынылатын жер учаскесін пайдалану жөніндегі ұсыныстар (конкурстық өтінім) мыналарды қамтиды.
Заңды тұлғалар үшін: қатысушы еркін нысанда ұсынатын бизнес-жоспары немесе жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы; кәсіпорынның штатында ауыл шаруашылығының тиісті салаларында мамандықтары бойынша біліктілігі мен жұмыс өтілі көрсетілген, кем дегенде екі маманы болуы туралы, бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылған, заңды тұлғаның мөрі басылған анықтамасының түпнұсқасы; ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауыл шаруашылығы машиналарының болуы туралы (бірінші басшының немесе қол қоюға құқығы бар тұлғаның қолы қойылып, заңды тұлғаның мөрі басылған) анықтаманың түпнұсқасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының көшірмесін ұсыну.
Жеке тұлғалар үшін: қатысушы ұсынатын бизнес-жоспар немесе ауыл шаруашылығы дақылдарын өңдеу үшін қажетті ауылшаруашылық машиналарының іс жүзінде болуы көрсетілген ерікті нысандағы жер учаскесін пайдаланудың өндірістік бағдарламасы және (немесе) оларды сатып алу (жалға алу, қызметтерді сатып алу және т.б.) шартының (немесе ниеттер хаттамасының) көшірмесін ұсыну; білімі туралы дипломның көшірмесі (болған жағдайда) немесе ауыл шаруашылығы саласындағы еңбек қызметі және жұмыс өтілі туралы мәліметтері бар өмірбаяны. Сауда-саттыққа қатысушының жер учаскесін пайдалану жөніндегі ұсынысында (конкурстық өтінімінде) осы құжаттардың болмауы конкурстық өтінімді қабылдамау үшін негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары инвестициялық жобаларды іске асыру үшін, Кодекстін 48-бабының 1-тармағының 1) тармақшасының негізінде, мемлекеттік меншіктегі және жер пайдалануға берілмеген жер телімдерін немесе жер телімдерін жалдау құқығын алуды сауда-саттықсыз (конкурссыз, аукционсыз) жүзеге асырады. Ол үшін Кодекстің 43-бабының 3-тармағына сәйкес жер телімі орналасқан жергілікті атқарушы органға жер жер телімінің пайдалану мақсатын, оның болжамды көлемiн, орналасқан жерiн және сұралып отырған пайдалану құқығын көрсете отырып өтініш береді.
Жергілікті атқарушы органның жер телімін беру туралы шешімі, комиссияның оң қорытындысы және жерге орналастыру жобасы негізінде қабылданады.
Қазіргі уақытта, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы талқылану үстінде. Ағымдағы жылдың екінші жартысында қабылданатын шығар. Бұл Заң бойынша Кодексті ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер телімдерін беру туралы 48-2 баппен толықтыру көзделіп отыр. 48-2 баптың 1-тармағына сәйкес ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер телімдері Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына (шетелдік қатысуынсыз) конкурстық негізде осы баппен белгіленген тәртіпте және шарттарда жалға беру құқығында берілетін болады.
– Сұхбатыңызға рахмет!

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз