Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
2016 жылы аудандық әкімшіліктің жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан халқына Жолдауынан туындаған міндеттер мен мақсаттарды және «5 институционалдық реформалар - 100 нақты қадам Ұлт жоспарын» жүзеге асыру арқылы экономикалық өсімнің қарқынын арттыруға, сапалы әлеуметтік кепілдемелерді қамтамасыз етуге бағытталды.
Мақсатты бағытталған жұмыс нәтижесінде өткен жылы ауданның негізгі әлеуметтік-экономикалық даму динамикасында оң өзгерістер байқалды.
ІШКІ ЖАЛПЫ ӨНІМ
2016 жылы аудан бойынша өндірілген өңірлік жалпы өнім көлемі 32,2 миллиард теңгені құрады. Жалпы өңірлік өнім әр тұрғынға шаққанда 2015 жылғы 664 мың теңгемен салыстырғанда 2016 жылы 1052 мың теңгеге артты, бұл 158%. Өнеркәсіптегі өндірілген жалпы өнім үлесі 11,0 %, ауыл шаруашылығында 89 %.
АУДАН БЮДЖЕТІ
2017 жылдың 1 қаңтарына кірістер бойынша аудан бюджеті 103,2% орындалып, жоспарланған 4899,7 млн.теңге түсті, бұл өткен жылмен салыстырғанда 123,6 % құрады. Бюджет шығыны 4744,7 млн.теңге немесе 99,6 % игерілді.
Аудан бюджеті әлеуметтік бағытқа икемделген. Негізгі бөлігі білім беруге тиесілі, яғни 60,9 %, әлеуметтік қорғауға – 4,0 %, мәдениетке – 3,8 %. Өздік кіріс бойынша жоспар 120,7% орындалды, өткен жылмен салыстырғанда 864,4 млн.теңге өсіммен 132,4 % құрады.
ИНВЕСТИЦИЯЛАР
Негізгі капиталға құйылған инвестицияның көлемі 1 822 млн. теңгені құрап, 2015 жылғымен салыстырғанда 140 % болды. Инвестицияның осылай өсуі шағын және орта бизнес субъектілерінің инвестициялық белсенділігімен тығыз байланыс-ты.
Қаржыландыру көздерін зерттеу нәтижесі көрсеткендей, барлық түскен инвестиция көлемінің 96,6 пайызын кәсіпорындардың өз қаражаттары құрайды, бюджеттік қаржы - 0,6%,несиелік инвестиция 2,8 % құрап отыр. Ғимараттар мен құрылымдардың құрылысы мен күрделі жөндеуге тартылған инвестиция 224,9 млн.теңге немесе 12,7 %, ал автокөліктер мен қондырғылар алуға 1424,0 млн.теңге жұмсалған, бұл – 80,7 %. Қалған шығындар 115,7 млн.теңге немесе 6,6 %.
Ауыл шаруашылығына тартылған инвестиция көлемі 1047,6 млн.теңге немесе 59,4%.
ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ
Жергілікті өзін-өзі басқару Концепциясын жүзеге асыру мақсатында ауылдық округ әкімдерінің жергілікті маңыздағы мәселелерді шешудегі қаржылық-экономикалық дербестігі кеңейтіліп отыр.
2016 жылдың қаңтарында ауылдық округ әкімдерінің жергілікті өзін-өзі басқару функцияларын жүзеге асыруға бағытталатын қаржының кірістер мен шығыстарының жоспарлары бекітілген жиындар болды. Барлық ауылдық округтерде кіріс салықтарына есеп жүргізу үшін «Парус-Каз Бюджет» бағдарламасы және «ЖӨӨБ бюджеттік қаржыландырылуы» модулі енгізілді.
2016 жылға жергілікті өзін-өзі басқару ҚСЕ қаржы кірісі 77 млн. 914 мың теңгені құрап, оның ішінде салықтың алты түрінен трансферттерге 77 млн. 300 мың теңге 99,2 %.), сыртқы жарнамаларға жұмсалған төлемдер – 65,9 мың теңге болды.
Игерілген қаражат 53 млн.760 мың теңгені құрады, оның ішінде:
-абаттандыру жұмыстарына 15 655, 5 мың.теңге немесе 29,1 %.
-санитарлық тазалыққа 6 760, 2 мың. теңге 12,6 %.
-Жарықтандыруға жұмсалған шығындар 16 343, 5 мың. теңге, 30,4 %.
-жолдарға 12 364, 7 мың.теңге, 23 % бағытталды, оның 5721,3 мың теңгесі қысқы жолдарға.
-Аудан бойынша басқа шығыстар 2 636, 7 мың.теңге 4,9 %.
ҚСЕ қалдығы 24 млн. 287 мың теңгені құрады.
«АЙМАҚТАРДЫ ДАМЫТУ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ
Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржыландыру ауылдық елді мекендерді (әрі қарай АЕМ) дамыту бойынша жасалатын шараларды нақтылау бойынша ұсыныстарымен тұрғындарды тартуға және ауыл тұрғындарының өмір сүру салтын жақсартуға бағытталған.
Жергілікті өзін-өзі басқаруды қаржыландыру аясындағы бұл шараларды жүзеге асыру тек жоғарғы және орташа әлеуметтік-экономикалық даму әлеуеті бар АЕМ-дерде іске асырылады.
Аудан көлеміндегі 56 елді мекеннің ішінде 4 ауыл – жоғарғы, 48 ауыл – орташа, 4 ауыл (Сүлеймен, Нұра, Ақсу, Қайнар) төменгі әлеуметтік-экономикалық даму деңгейінде.
2016 жылы аудан ауылдарында Бағдарлама аясында 17 жобаны іс жүзіне асыру үшін 29,3 млн. теңге игерілді. Бағдарламаны жүзеге асыру барысында көшелерді жарықтандыру, ауыл ішіндегі жолдардың шұңқырларын тегістеу және ағымдағы жөндеу, сондай-ақ, елді мекендерді көркейту бойынша шаралар жасалды.
ЖАС МАМАНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ
БОЙЫНША ШАРАЛАРДЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
«Дипломмен – ауылға!» жобасын жүзеге асыру бойынша 2016 жылы көтерме өтемақыны әлеуметтік саладағы 24 жас маманға 3,6 млн. теңге және 17 маманға тұрғын үй сатып алуға бюджеттік несие 47,7 млн теңге көлемінде беріліп, мамандардың ауылдарда тұрақтап қалуына мүмкіндік берді. Оның ішінде 12 маман білім беру саласында, 3 – денсаулық сақтау және 2 маман мәдениет саласында тұрақтап қалды.
ӨНЕРКӘСІП
2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда 3,6 мил-лиард теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді.
Өндірістік өнім өндіруде негізгі болып табылатын өңдеуші өнеркәсіптің үлесі – 73,5%, тау-кен өндірісі - 19,6% құрайды.
КӘСІПКЕРЛІК
Көкпекті аудандық мемлекеттік кіріс бойынша басқармасының мәліметі бойынша 2017 жылдың 1 қаңтарына ауданда1841 бірлік шағын және орта бизнес субъектілері тіркелген.
Оның ішінде:
- заңды тұлғалар - 119 бірл.. (6%),
-жеке кәсіпкерлер – 897 бірл. (49 %).
- шаруа қожалықтары – 825 бірл. (45%) .
Бөлшек сауда айналымының көлемі 5,2 млрд. теңгеге жетті.
Өткен жылы ауылдық округ әкімдерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін сатуға үстеме қаржыны 10% асырмау, бағаларды тұрақтандыру мақсатында 196 меморандумға қол қойылды.
Кәсіпкерлікпен шұғылдануды ұйымдастыру бо-йынша 2016 жыл ішінде аумағы 45,6 гектар болатын 72 жер телімі берілді. Сондай-ақ, шағын кәсіпкерлікті ғимараттармен қамтамасыз ету бойынша шаралар іске асырылуда. Бүгінгі күнге коммуналдық меншіктегі 5 нысанды кәсіпкерлер жалға алып отыр.
Жеке кәсіпкерлікті қаржылай қолдау мақсатында «Көкпекті – Несие» НС ЖШС арқылы 2016 жылы 383,6 млн. теңге көлемінде несие берілді;
-«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағ-дарламасы арқылы ФФПСХ 8 жоба 21,4 млн. теңгеге қаржыландырылды.
Аймақтық үйлестіру Кеңесінің 2016 жылы 6 мамырдағы отырысында «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті дамыту мен қолдаудың Бірыңғай бағдарламасы аясында «ДСУ № 14» ЖШС 30,0 млн. теңгенің субсидиясын сыйақының бір бөлігін төлеу бойынша ұсынысы қаралып, қолдауға ие болды.
«Бизнестің жол картасы-2020» аймақтық Бірыңғай бағдарламасы аясында грант тағайындау бойынша конкурсқа 5 кәсіпкер қатысты. 2016 жылы 23 маусымдағы конкурстық комиссиясының қарауымен 2 кәсіпкерге жалпы құны 6 млн. тұратын грант тағайындалды.
Кәсіпкерлік әлеуетті арттыру үшін қаржылай емес те көмек көрсетіледі. Атап айтсақ, өткен жылы 20 қатысушы «Бизнес Кеңесші» жобасы арқылы біліктілігін көтеріп, сертификат алды.
Жыл басынан бері кәсіпкерлік субъектілері 18 жаңа ауылшаруашылық өндірістік кооперативтерді қатарға қосып, әділет органдарында тіркеуге тұрды.
ШҚО өңірді индустриалдандыру Картасы аясында ауданның индустриялық-инновациялық әлеуетін нығайта түсу үшін 2 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда.
1.«Сәтбаев кен-байыту орнында екінші ильмениттік құм кен-байыту фабрикасы құрылысын салу».
Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары әлі басталған жоқ. Екінші кен байыту фабрикасының құрылысының жобасы жасалу үстінде. Жобалау жұмысының аяқталу мерзімі 2017 жылдың 15 маусымы. Құрылысты жүргізу 2018-2019 жылдарға жоспарланған.
2. «Балықтың бағалы түрлерін «бекіре, лосось (арқан балық), сиг тұқымдастар), шаян, жылыжай көкөністерін кешенді жедел өсіру және құрамажем мен биотыңайтқыш өндіру, туризмді жандандыру шаруашылығын құру», «Кузьмич» ЖШС.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Аудан дамуында өткен жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласы оң үрдістермен сипатталады. Ауыл шаруашылығымен 825 шаруа қожалығы, 38 ЖШС және 6727 жеке қосалқы шаруашылықтар шұғылданады (8624 аулаға алғанда 78%).
2016 жылға ауылшаруашылығының жалпы өнімі 28,6 миллиард теңгені құрады, өсу қарқыны өткен жылғы деңгейге қарағанда 106,6 %, оның ішінде мал шаруашылығы өнімі - 15,8 миллиард теңге, өсімдік шаруашылығы өнімі – 12,8 миллиард теңге.
2016 жылы егіндікке жоспарланған ауылшаруа-шылық дақылдары егілетін жердің жалпы көлемі –154,8 гектарды құрады. Ауданның ауылшаруашылығы өнімін өндірушілер 88,0 мың гектардағы дәнді дақылдарды жинауды уақтылы аяқтады. Аудан бойынша орташа өнімділік гектарына 19,0 центнерді құрады, жалпы жиналған астық мөлшері 166,2 мың тонна. Күнбағыстың орташа шығымы әр гектардан 16,0 центнерден, барлығы 70,3 мың тонна жиналды. Қамбаға 2017 жылғы астық тұқымына 14640 тонна дән құйылды, бұл ауданға қажет тұқымға шаққанда 100,0%. Жоспар бойынша 155 мың тонна шөп, 8,5 мың тонна пішен, 44 мың тонна сүрлем дайындалды.
Бес жылдың ішінде ауылшаруашылығы мақсатына пайдалануға арналған жер көлемінің артуы 27,2 % құрады, ауыл шаруашылығының өндірген өнім көлемі үш есеге көбейді, шаруашылық айналымына бос жатқан 46,7 мың гектар жер игеруге енгізілді.
Арнайы құрылған жұмыс тобы ауылшаруашылығы иелігінідегі жерлердің есебін жүргізді. Нәтижесінде 24 субъекттермен 40 жер теліміне қатысты келісімшарт мерзімінен ерте бұзылды. 2527 гектар жыртылған жер,1289 гектар шабындық,13117 гектар жайылым және басқа да 135 гектар өз қажеттілігіне жұмсалмай жатқан жер телімдері мемлекет меншігіне өтті және басқа жер пайдаланушыларға берілді. Ең көп бұзылған келісімшарттар төмендегі ауылдық округтеріне тиесілі. Олар Үлкенбөкен (6) 2183,48 гектар, Көкжайық (2) 2786 гектар, Биғаш (5) 7376 гектар, Самар (5) 396 гектар, Палатцы (4) 1485 гектар аумақты алып жатыр.
Жыл бойына жалпы көлемі 24,83 мың гектар болатын 89 жер телімдері тауарлы ауылшаруашылық өнімдерін өндіру үшін жалға берілді. Жалпы көлемі 23,23 мың гектар болатын 86 жер телімін жалға беруге конкурс жарияланды. Жеке және заңды тұлғаларға меншіктеуге кадастрлық құны 25,726 миллион теңге тұратын, көлемі 13,04 гектар 44 жер телімі сатылды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылы 27 наурыздағы № 268 бұйрығымен бекітілген, жерлерді тиімді пайдалану Ережесінің талаптары бойынша 20 ауылшаруашылығы құрылымымен 102,477 мың гектар жерге шаруа-шылықішілік жоба жасалды. 25 шаруашылық жүргізуші субъектіде жалпы көлемі 152,871 мың гектар жерге құжат жасалуда, бұл ауданның ауылшаруашылығы өнімін өндірушілерінің иелігіндегі жалпы жер көлемінің 40 пайызын құрайды.
Жыл сайын 900 тоннаға дейін барынша жоғары репродукциялы тұқым жаңартылып отырылады, бұл жалпы сақталған тұқымның 64 % құрайды. Ауыл шаруашылығының барлық саласының табысты дамуы ауылдық жерлердің әрі қарай дамуына, ауылдың дамуы оның тұрғындарының әл-ауқатының артып, тұрмысының жақсара түсуіне ықпал етеді. Өйткені, ауыл шаруашылығының әлеуеті өте жоғары. Бұл сала тұрғындарды қажетті азық-түлікпен қамтамасыз етеді, жаңа жұмыс орындары ашылады, өңдеуге қажетті шикізат өндіреді және ауқымды егіс алқаптары пайдаға асады.
Жыл сайын қаржылай көмек ресурстары ұлғайып, мемлекет тарапынан зор қолдау жасалып отыр.
Көктемгі егіс науқаны мен күзгі орақ жұмыстарына 2795 тонна арзандатылған дизель отыны бөлінді. Сонымен бірге, бюджеттік қаражат есебінен ауылшаруашылығы өндірісін субсидиялау жүзеге асып келді.
Өсімдік шаруашылығы саласын дамыту үшін 227,6 млн. теңге, оның ішінде гербицид алуға – 48,537 млн. теңге, ЖЖМ-ды арзандатуға – 109,997 млн. теңге, тұқым алуға – 8,689 млн. теңге, минералдық тыңайтқыш алуға – 29,821 млн.теңге, ауылшаруашылығ тауарларын өндірушілерге су жеткізу қызметін субсидиялауға 30,549 млн. теңге бөлінді. Бұл ауылшаруашылығы құрылымдарына көрсетіліп отырған тікелей көмек пен шығындарының орнын толтыру болып табылады.
Ауданда машина-трактор паркін жаңалау белсенді жүргізіліп отыр. Есеп беру кезеңіне 92 бірлік жаңа ауылшаруашылық техникасы сатып алынған.
Мал шаруашылығы жылдан жылға дамып келеді. Ауылшаруашылығы өнімін өндірудегі жалпы үлес салмағы соңғы жылдары 55,5%-ды құрап отыр. Бүгінгі күні ауданда 16 бордақылау алаңы мен «Өрнек» ЖШС-нің тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Жыл бойына 14,1 мың тонна мал және құс еті, 56,8 мың тонна сүт, 13,9 мың дана жұмыртқа өндірілген.
Ауданда мемлекеттік және үкіметтік бағдар-ламаларды тиімді жүзеге асыру арқасында мал басының барлық түрі бойынша 2015 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда арту бар. Ірі қараның басы 57,8 мың басқа (өсу қарқыны 0,2%), қой мен ешкі - 88,3 мың бас (өсу 0,1%), жылқы – 15,1 мың бас (өсу 0,1%), марал – 1,666 мың бас (өсу 7,2%), құс – 67,9 мың бас (өсу 0,1%). Асыл тұқымды мал басының көбеюі байқалады. Асыл тұқымды ірі қара басы 13,1% артып, жалпы саны 8825 мың басқа жетті, жылқы – 7,7 %-ға артты (986 бас). Осылайша табындардағы асыл тұқымды ірі қара басы12%-дан 15,2%-ға артты.
«Сыбаға» бағдарламасын жүзеге асыру барысында құны 30,0 млн теңгенің 1 жобасы жүзеге асырылды, жоба бойынша 169 бас ірі қара сатып алынды, оның ішінде 6 бас асыл тұқымды бұқа бар.
«Ырыс» бағдарламасы аясында құны 60,0 млн. теңге болатын 1 жоба жүзеге асырылып, 100 бас сүт бағытындағы ірі қара сатып алынды.
ВЕТЕРИНАРИЯ
Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына (БСҰ) кіруі кезінде қойылған талаптарда ветеринарияны дамытуға басымдық танытылған болатын. 2016 жылы эпизоотикаға қарсы шараларды атқару үшін республикалық бюджеттен 68 миллион 800 мың теңге бөлінді. Барлық жоспарланған малдәрігерлік алдын алу шаралары уақтылы және толық көлемде орындалды.
Сондай-ақ, энзоотиялық аурулардың алдын-алу жұмыстарын жүргізу үшін облыстық бюджеттен 13 миллион 814 мың теңге бөлінді. Жұмыстың орындалуы 100%.
Жоспар бойынша 2016 жылы сарып ауруына диагностикалық зерттеу 96754 бас ірі қара (шаралар жоспарын орындау 100 %), зерттелді, соның ішінде бюджеттен 318 ауру жануарлардың, жұғу пайызы – 0,33; 131 091 бас ұсақ мал (шаралар жоспарын орындау 100 %), соның ішінде бюджеттен 560 ауру, жануарлардың жұғу пайызы – 0,4.
Сарып ауруымен сойылған жануарлардың құнын өтеу мақсатында, ішінара (50% дейін) облыстық бюджеттен 11 миллион 770 мың теңге бөлініп, қаражат толығымен игерілді. Малдары ауру жұқтырған деп танылған 78 мал иесіне қаржылай өтемақы берілді.
2016 жылға бірдейлендіру жоспары бекітіліп, 100% орындалған.
2016 жылы 93 нысанда дезинфекция жасалып, 22 444 шаршы метр аумақ дәріленді.
2016 жылы 518 қаңғыбас иттер жойылып, оған 1190 000 теңге жұмсалды. Аудан бойынша 20 мал сою алаңы және 32 мал қорымы бар, оның ішінде 1 типтік, Бастаушы ауылдық округінде және 30 биотермиялық шұңқырлар.
Сібір жарасының Қарағанды, Павлодар облыстарында, сондай-ақ ШҚО Жарма ауданы Айғайкезеңде тіркелуіне байланысты, ауданда сібір жарасымен ауырған жануарларға арналған 22 учаскедегі қорымдар тексерілді. Аудандық бюджеттен сібір жарасымен ауырған жануарларға арналған қорымдарды қоршауға 1100,0 мың.теңге бөлінді.
Санитарлық-эпидемиологиялық қағидаларға сәйкес, жер учаскелеріне алаңы 5 шаршы метр тақтайшалар қойылып, әрқайсысының биіктігі 35-40 сантиметрге дейін бетондалып, темірмен қоршалды.
Барлық ауылдық округтерде ветеринариялық дәрігерлер ветеринариялық пункт, қоғамдық орындарда сібір жарасының алдын-алу бойынша жадынамалар іліп, сібір жарасының алдын-алу туралы мақалалар аудандық газетте берілді.
ТҰРҒЫН ҮЙ КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Жергілікті билік органдарының жұмысындағы бас-ты бағыт өмір сүруге қажетті инфрақұрылымдардың тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету болып табылады. Оған автомобиль жолдарының дамуы және тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету жатады.
Аудан бойынша жергілікті маңызға ие автокөлік жолдарының ұзындығы 470,7 км құрайды, оның ішінде 23 км асфальтты бетон, қара гравий жабындылы 123,6, қиыршық гравийлы – 307,6, қара топырақты – 16,5 км. Аталмыш жолдардың ішіндегі жақсы жағдайдағысы – 53 км, қанағаттанарлық – 287,7 км және нашар жолдың ұзындығы 130 км.
2016 жылы Көкпекті ауданындағы елді мекендердегі көшелердің жолдарын орташа жөндеуден өткізу және абаттандыру үшін 211 млн. теңге бөлінді.
Тұрғын үй комиссиясы да Көкпекті ауданында мемлекеттік тұрғын үй қорын есепке алу бойынша нақты жұмыстар жүргізді. Жүргізілген ревизиялық жұмыстың нәтижесінде «Тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары бөлімі» ММ теңгерімінде 134 тұрғын үй мен пәтер есепте тұр.
Бүгінгі күні Көкпекті ауданы бойынша мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алуға кезекте 473 адам есепте тұр, олардың ішінде:
- жетім балалар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 260;
- тұрғындардың әлеуметтік жағынан әлсіз қорғалған тобынан - 133 адам;
- бюджеттік сала мен мемлекеттік қызметкерлер - 80 адам.
2016 жылы жергілікті бюджет қаражатына Көкпекті ауылында барлығы 2 446 000 теңгеге 3 тұрғын үй сатып алынды.
Сумен қамтамасыз ету және су тарту жүйесі
Аудан тұрғындарын орталықтандырылған ауыз сумен қамтамасыз етілгендер 50 %, және орталық-тандырылмаған ауыз сумен қамтамасыз етілмегендер 50 % құрайды.
Су жинақтау ғимараты мен су құбыры жүйесі аудандағы екі пайдаланушы ұйымның теңгерімінде, олар – «Көкпекті» ШЖҚ КМК және «Самар» ШЖҚ КМК. Кәсіпорындар ұзындығы 101,1 км болатын су жүйесі құбырына қызмет етеді, оның ішінде 21,6 км – Көкпекті ауылында, 13 км- Тассай ауылында және 44 км – Самарда, 16,5 – Сарыбелде, 6 км – Палатцы ауылдарында.
2016 жылы «Көкпекті» ШЖҚ КМК және «Самар» ШЖҚ КМК мекемелерінің күшімен 32 су құбырлары апаты жағдайдан кейін қалпына келтірілді.
Самар және Көкпекті коммуналдық мекемелеріне 51 248,5 мың теңге бөлінді.
Электрмен жабдықтау
Қайыңды ауылында 5 млн. теңгеге электр желісілеріне ағымдағы жөндеу жұмысы КТП орнатумен қоса жүргізілді.
Құрылыс
2016 жылы Көкпекті ауылында орналасқан бұрынғы тұрмыстық қызмет көрсету комбинатының 2 қабатты ғимаратын 16 пәтерлі тұрғын үй етіп қайта жөндеу жұмыстары басталып кетті.Бұл үйдегі пәтерлер жетім балаларға және аз қамтылған отбасыларына берілетін болады. Келісімшартқа сәйкес нысанды өткізу мерзімі 2017 жылдың маусым айы.
Жобалар бойынша ЖСҚ жасалды:
- «ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылында салынатын 36 пәтерлік тұрғын үй». Жобаның жалпы сметалық құны - 327,793 млн.теңге, ғимараттың тұрғын үйге арналған ауданы - 2691,96 шаршы метр.
- «ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылындағы 36 пәтерлік тұрғын үйдің инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы» Жобаның жалпы сметалық құны- 62,122 млн.теңге.
Жеке тұрғын үй құрылысын салу есебінен 1609 шаршы метр енгізілді, 2015 жылы осы кезеңінде 1926,0 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген, 317,0 шаршы метрге аз.
БІЛІМ БЕРУ
Ауданда 37 жалпы білім беру мекемесі бар, оның ішінде орта мектеп -21, негізгі -11, бастауыш - 5. 2016-2017 оқу жылының басына барлығы 4065 бала оқушы ретінде тіркелген.
Білім беру саласына аудан бюджетінің 61 % бағытталып, 2 829 965, 181 мың.теңгені құрады.
Барлығы аудан бойынша 17 мектепте және Тассай ауылындағы мектеп жанындағы интернатына оқушыларды мектепке тасымалдау ұйымдастырылып, ол 100 % құрайды. Оқушыларды мектепке жеткізу 14 автобус және 2 шағын автобуспен жүзеге асырылады.
Мектепке дейінгі білім беру жүйесінде 44 мектепалды мекемелер жұмыс істейді. Балабақша – 9, оның ішінде жеке меншік балабақшалар - 3. Шағын орталықтарға - 1068 бала, балабақшаларға – 728. Балаларды мектепалды даярлауға 433 бала қамтылған.
ҰБТ бойынша 2016 жылғы орташа балл - 86,5 болып,өткен жылға қарағанда 2,7 балл жоғары болды.
«Алтын белгі» төсбелгісіне 7 мектептен 11 түлек үміткер болып, оның арасынан 4 түлек өз білімдерін қорғай алды.
2016 жылдың 1 қыркүйегінен бастап, жаңартылған білім беру мазмұны енгізілді. Бұл аудандағы 54 сыныптардағы барлық 433 оқушыны қамтыды.
Осыған орай, білім беру мазмұнын жаңарту бойынша 54 мектептің 1-ші сынып мұғалімдері, пән мұғалімдері, директорлары және мектеп директорларының орынбасарлары мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Аудан мектептерінде Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату бойынша жұмыс жүргізілуде. Өскемен қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебімен Казнаковка орта мектебінің арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Ауданда алғаш рет мектеп-лицей мәртебесіне ие болған Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепті ашуға, жергілікті бюджеттен 4574,0 мың. теңге бөлінді.
2016 жылдың 1 қыркүйегінде Әуезов атындағы орта мектептің базасында спорттық сынып ашылып, жергілікті бюджеттен 821,0 мың теңге бөлінді.
Көкпекті орта мектебінде «Шығыс Ұландары» кадет сыныбы ашылып, дарынды балаларға арналған «Жас Ұлан» облыстық мамандандырылған ерлер мектеп-лицей-интернатының қарамағында бекітілді. Бұған жергілікті бюджеттен 1257,0 мың теңге бөлінді.
Облыс мектептерінде «Мен – инженер» жобасы басталған болатын, осыған орай 1 қыркүйекте Көкпекті орта мектебінде «Зияткер» инженерлік-сыныбы ашылып, жергілікті бюджеттен 675,0 мың теңге жұмсалды.
2016 жылдың жазғы каникул кезеңінде оқушылар демалыстың барлық түрлерімен, сауықтырумен және жұмыспен 100% қамтылды. Қала сыртындағы 3 балажайда 570 оқушы демалды.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен халықтың әлеуметтік әлжуаз топтарынан 1032 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілді.
Мектеп оқушыларын оқулықтармен қамтамасыз ету үшін бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 10 млн. 250 мың теңге. Мектеп 100% оқулықтармен қамтамасыз етілді. Ауданның 6 білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беру үшін жағдай жасалған. Қамқорлық және қорғаншылық органдарында 48 жетім бала мен ата-анасының қамқорлығынан айырылған бала есепте тұрады, 9 бала патронаттық тәрбиеде.
Аудан бойынша жаңа үлгідегі кабинеттер саны – 80, оның ішінде физика кабинеті – 22, химия – 16, биология – 19, лингофонды-мультимедиялық кабинеттер – 23.
13 мектепке сомасы 12 млн. 896 мың теңгеге мультимедиялық жабдықтар сатып алынды.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 94,9 млн. теңгеге 6 мектеп жөндеуден өткізілді. («Октябрь мектеп-балабақша», «Көкпекті ОМ», «Аухадиев ОМ», Романовка НМ, Шәріптоғай және Куйбышев НМ). Жергілікті бюджет есебінен «Шуақты шұғыла» балабақшасының жылу қазандығына 4,2 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмысы жүргізілді.
3 балабақша және 28 аудан мектептерінде бейнебақылау жүйесі жалпы сомасы 4050,0 мың теңгеге орнатылды. Миролюбовка орта мектебіне 8484,0 мың теңгеге автобус сатып алынды.
Ауданда 190 спорттық құрылым бар, оның ішінде 39 спорт залы,1 ипподром, 6 жүгіру трассасы, 125 ойын алаңдары мен ұлттық спорт түрлерімен айналысатын алаңшалар, 19 хоккей қорабы, Самар ауылында жасанды жаттықтыру алаңы жабдықталған 1 спорттық модуль бар. Көкжайық, Преображенка, Миролюбовка, Тассай, Биғаш, Белое, Мамай ауылдарында 7 жасанды жамылғысымен шағын-футбол алаңы бар. Үлкенбөкен ауылындағы мектеп балабақша кешеніне 3000,0 мың теңгеге спорттық құрал-жабдықтар сатып алынды.
ТҰРҒЫНДАРДЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ
2017 жылдың 1 қаңтарына 3 мекеменің таратылуына байланысты, 138 жұмыссыздар тіркелген, жұмыссыздық деңгейі 1,0% құрайды, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыссыздық деңгейі 0,4%-ға артты. Ақылы қоғамдық жұмыстарға 250 адам тартылды және 585 жұмыс орны құрылды, 692 адам жұмысқа орналастырылды. 20 адам оқуға және қайта даярлауға, 12 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 14 адам жастар тәжірибесіне жіберілген.
Көп балалы және аз қамтылған отбасыларға, балаларға ерекше назар аударылады. 2016 жылдың 1 қаңтарына 383 отбасына, оның ішінде 18 жасқа дейінгі 985 балаға жалпы сомасы 17,3 млн. теңге, сондай-ақ, 163 отбасына, оның ішінде 546 атаулы әлеуметтік көмек алушыларға 20,1 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды. 3,5 млн. теңге көлемінде, 148 отбасына тұрғын үй көмегі тағайындалды.
2015 жылмен салыстырғанда атаулы әлеуметтік көмек алушылар 20,4%,18 жасқа дейінгі мемлекеттік жәрдемақы алушылар 10,1%, тұрғын үй көмегін алушылар 15,9% азайды
«Өрлеу» пилоттық бағдарламасы бойынша 79 отбасына, оның ішінде 337 алушыларға шартты ақшалай көмек 12.6 млн. теңге көлемінде тағайындалды.
2015 жылмен салыстырғанда 180,2% шартты ақшалай көмек алушылар саны көбейді, сондай-ақ, еңбекке қабілетті әлеуметтік жәрдемақы алушылар ШАК (шартты ақшалай көмек)қатысып, осыған орай, аз қамтылған азаматтардың тұрмыстық жағдайы жақсартылды.
Жыл басынан бері есепте тұрған туберкулезбен ауыратын 75 аз қамтылған науқастарға 567,0 мың. теңге, 59 аз қамтылған отбасыларға 2.0 млн. теңге мөлшерінде материалдық көмек көрсетілді.
Ауданда 1108 мүмкіндігі шектеулі адамдар бар, оның ішінде: 1-ші топтағылар 157 адам, 2-ші топ -352 адам, үшінші топ - 514 адам, бала кезінен мүгедектер - 85 адам.
Сонымен бірге, 14 адам мүгедектік арбамен қамтамасыз етілді, 24 адам протездік-ортопедиялық көмек, 46 гигиеналық құралдар,18 адам тифло-техникалық құралдар алды. 2 мүмкіндігі шектеулі жан «Мойылды» шипажайында, 3 адам «Бурабай», 78 зейнеткер «Уба», «Усть-Таловка» шипажайында санаторлық-курорттық емдеуден өтті. Сонымен бірге, ай сайын 20 мүгедек бала 8484 теңге алады, жиыны бір жылға 2,0 млн. теңге төленді. Көкпекті арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында әлеуметтік қызметшілер 111 жалғыз басты қарттарға 76 мүгедек балаларға, сондай-ақ, 11 балаға күндізгі бөлімде қызмет көрсетіледі.
Ауданымызда 12 соғыс ардагері тұрады. Ұлы Жеңістің 71 жылдығын мерекелеуге орай, облыстық бюджеттен 14 Ұлы Отан соғысына қатысушыларға 500,0 мың теңге сомасында жалпы құны 7,0 млн. теңге, жергілікті бюджеттен 57,0 мың теңгеден, жиыны 798,0 мың теңге табыс етілді.
Мерекелік шаралар аясында Ауған соғысына және Чернобыль апатын жоюға қатысқан адамдарға жергілікті бюджеттен 28634 теңгеден жиыны 1,5 млн. тенгенің материалдық көмегі табыс етілді.
8 наурыз және 1 маусым мерекелеріне байланысты 710 әйел «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен марапатталды, 4 және одан көп балалары бар 270 анаға облыстық бюджеттен әрқайсысына 10,0 мың теңгеден, жалпы сомасы 9,8 млн. теңге бөлінді.
1 қазаннан 1 қарашаға дейін қайырымдылық айлығы болып жарияланды. Оның қорытындысы бойынша 2084 адамға жалпы сомасы 7,6 миллион теңгенің көмегі көрсетілді. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеуге орай өткен республикалық акция аясында 100 отбасына жалпы құны 1,0 млн. теңге қаражат жұмсалды.
Облыс әкімінің гранты бойынша жоғары оқу орындарында 15 бала оқиды, оның ішінде 12 студент дәрігерлік, 3 студент педагог мамандығына.
«Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасының 2 бағыты бойынша 21,4 млн. теңгеге 8 жоба қаржыландырылды. «Отан» оқу орталығында «Ауылшаруашылық өндірісінің тракторист-машинисі» және «Манипулярлы тиегіш машинисі» мамандықтары бойынша 32 адам оқып, бітіргеннен соң тұрақты жұмысқа орналастырылды. «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 137 жұмыс орны ашылып, 14 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 14 адам жастар тәжірибесіне жіберілді.
МӘДЕНИЕТ
Өткен жылы ауданның мәдениет саласына жергілікті бюджет қоржынынан 179 056,0 мың теңге қаржы қоры жұмсалып, серпінді даму үстінде. Аудандағы мәдениет саласына барлығы 52 бірлік мемлекеттік мекемелер кіреді, оның 31 ауылдық клубтар, 19 кітапхана және 2 тарихи-өлкетану мұражайы бар. 2016 жылы 19 қазанда Көкпекті аудандық әкімдігінің №321 және 2016 жылы 4 қарашадағы 330 Қаулысына сәйкес 10 ауыл кітапханасы, 7 ауыл клубы оңтайландырылды. 2016 жылдағы барлық мәдени шаралар Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойы шеңберінде өтті. Өткізілген 3136 шараға 242888 адам тартылды. Ауданда 17 шығармашылық ұжым, оның ішінде «халықтық» атына «Толағай» ВИА, «Асыл мұра» этнографиялық клубы, «Іңкәрім-ай» триосы бар.
2016 жылы аудан кітапханаларындағы кітап қоры 385241 дана, олардың 9625 мемлекеттік тілде және өсімі 8% құрайды. Бұл оқырмандар санының артуына және кітаптардың таралуына әсерін тигізіп отыр.
2016 жылы Тассай, Преображенка, Көкжайық, Миролюбовка және Сарыбел ауылдарындағы кітапханалар ғаламтор жүйесіне қосылды және оған жергілікті бюджеттен 825000 теңге бөлінді.
ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ
Көкпекті ауданының Орталық аудандық ауруханасында 40 орындық тәулік бойы жұмыс істейтін стационар, 10 орындық күндізгі стационар бар. Самар ауылындағы ауданаралық аурухана бойынша тәуліктік стационарда 40 орын, күндізгі стационарда 5 орын қызмет көрсетеді.
2016 жылдағы демографиялық көрсет-кіштер:
-Туу - 312 адам;
-Өлім - 233 адам;
-Жаңа туған балалар өлімі – 1 адам;
-Аналар өлімі – 0;
-Туберкулезбен ауырғандар – 17 адам;
Ауданда 61 дәрігер және 229 орта білімді мамандар жұмыс істейді.
Көкпекті ауылындағы орталық аудандық ауруханада 1 анестезиолог-реаниматолог, Самар ауылындағы ауданаралық ауруханада 2 жалпы тәжірибедегі врач, 1 хирург, 1 онколог, 1 офтальмолог, 1 дермотовеноролог жетіспейді.
ҚОҒАМДЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
2016 жылы Көкпекті ауданы аумағында 2015 жылмен салыстырғанда тіркелген қылмыстардың өскені 230-дан 254-фактіге немесе 10,4% дейін байқалды.
ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЖАҒДАЙ
Ұлтаралық келісім, бейбітшілік, достық сияқты өзіміз қорғауға нығайтуға тиісті қазақстандық бренд ұлт Көшбасшысы Жолдауындағы басым бағыт болып қала береді.
2016 жылы аудан бойынша қоғамдық-саяси жағдай 89 % құрады және тұрақты деп бағаланды.
Өңірдегі мемлекеттік саясаттың басты бағыттарын жүзеге асыру туралы республикалық телеканалдарда 15 репортаж ұйымдастырылды, облыстық телеэкрандардан 11 репортаж таратылды, республикалық БАҚ-да 5 мақала, облыстық БАҚ-да 86 мақала жарық көрді.
Барлық ақпараттық топтардың Қазақстан халқына арналған Президент Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша тұрғындармен 324 кездесулер ұйымдастырылып, оған 22953 адам қатысты. Тұрғындарды ақпараттандыру және таныстыру мақсатында аудан бойынша түрлі тақырыптардағы 430 көрнекі үгіт-насихат құралдары ілінді.
Ауданда осында тұратын барлық ұлттар арасындағы достықтың көпірі болып табылатын «Қоғамдық келісім орталығы» жұмыс істейді. Ұлтаралық келісімнің нығаюына немістің «Хофнунг», қазақтардың «Мирас» және «Асыл Мұра», орыстың «Вера», татардың «Туған Як Моннары» этномәдени бірлестіктерінің қосып отырған үлестері ұшан теңіз.
Өскелең ұрпақты ұлтаралық татулық пен отансүйгіштік рухта тәрбиелеу ісінде «Аудандық ардагерлер Кеңесі», «Ауғанстан соғысы ардагерлер ұйымы» сынды қоғамдық бірлестіктер және «Көкпекті Жастары» патриоттық-жастар бірлестігі белсенді атсалысуда. Барлық ауылдық округтерде ардагерлердің, ақсақалдардың, әкелердің, әйелдердің, жастардың қоғамдық Кеңестері жұмыс атқарады.
Көкпекті ауданындағы діни ахуал тұрақты. Діни конфессиялардың өкілдері бір-біріне түсіністікпен қарап, толеранттылық танытады. Аудан аумағында 12 діни бірлестіктер болса, оның 11 мұсылман дінінде, 1 православтық.
Көкпекті ауданында 14-29 жас аралығындағы 6676 адам бар, оның ішінде 3725 жігіттер, 2951 қыздар. Мемлекеттік жастар саясаты саласында ұйымдастырылған 212 шараның 72 – мәдени-көпшілік, 58 – патриоттық, 63 – спорттық, 27 танымдық жұмыстар.
Сонымен қатар, ауданның қоғамдық-саяси өмірінде белсенді атсалысатын «Нұр Отан» саяси партиясының филиалы жұмыс істейді. Партия мүшелерінің қатарында депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер, мұғалімдер, дәрігерлер, жұмыс-шылар, НПО өкілдері, зейнеткерлер кіретін 1947 адам бар. Жыл бойы іске асырылған идео-логиялық шаралардың барлығы Қазақстан Рес-публикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын атап өту мақсатында жүргізілді. 1067 маңызды шаралар ұйымдастырылып, оған 39340 адам қамтылды, оның ішіндегі 365 шара «25 жұлдызды күндер» акциясы шеңберінде өтті.
МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ
2017 жылдың 1 қаңтарына алғанда ауданның жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметкерлер 179 штаттық бірлікті құрайды.
2016 жылдың басынан бері 83 бос әкімшілік мемлекеттік қызметкерлерге 10 байқау жарияланды. 90 мемлекеттік қызметкерлер қайта даярлау және біліктілікті көтеру курсынан өтті. Мемлекеттік қызметкерлер реестеріне сәйкес, ауданның жергілікті атқарушы органдарымен 83 түрлі мемлекеттік қызметтер көрсетілуде. 2016 жылы 84 868 мемлекеттік қызмет көрсетілді.
Оның ішінде, мемлекеттік органдар арқылы – 79 081, Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы – 5406, «Электрондық Үкіметтің» портал арқылы 381 мемлекеттік қызметтер.
2016 жылдың 12 ай ішінде аудан әкімі аппаратына 647 өтініш келіп түскен. Оның ішінде 579 жеке тұлғалардан және 68 заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштері.
Көкпекті ауданының өткен жылғы есепті кездесулерде 23 мәселе қаралған болатын. Оның ішінде 8 мәселе қолма-қол түсініктемелер беріліп, 15 сұрақ бақылауға алынды және барлық мәселе шешілді.
Көкпекті, Преображенка, Палатцы ауылдардың кейбір ішкі жолдарына ағымдағы жөндеу жұ-мыстары жүргізілді. Сарыбел, Қарамойыл, Егін-бұлақ, Үкіліқыз, Раздольное, Комсомол, Көкжыра, Үлгілімалшы, Белое ауылдарында ішінара жарықтандыру жұмыстары жүргізілді.
Өткен 2016 жыл – әрбір қазақстандықтың есінде қаларлықтай ерекше кезең болды. Біз Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын салтанатты түрде мерекелеу бақытына ие болдық.
25 жыл ішінде біз, қазақстандықтар, Ұлт Көшбасшысы Қазақстан Республикасының Пре-зиденті Н.А.Назарбаевтың басшылығымен бір-лесіп, күшті, серпінді дамудағы мемлекетті құру жолында еңбек еттік.
Азаматтық келісімнің, бірлігіміздің, ұйымшыл-дығымыздың арқасында экономикалық дамуға қол жеткіздік. Қазақстан Елбасы ұсынған 5 институционалдық реформалар арқылы айқын-далған Мемлекеттік құрылыстың жаңа сапалы кезеңіне шықты. Жалпыұлттық патриоттық «Мәңгілік Ел» идеясы, Ұлт Жоспарындағы базалық вектор болып табылды. Бұл - Қазақстанның 30 дамыған әлем елдерінің қатарына табысты кіріп, Болашағы Біртұтас Ұлт қалыптастырудың негізі.
2017 жыл әр қазақстандық үшін де, біздің әрқайсымыз үшін де ерекше болмақ. Біздің еліміз халықаралық ірі іс-шаралардың қайнаған ортасында болады. Алматыда өтетін Дүниежүзілік қысқы универсиадаға әлемнің барлық елінен үздік спортшылар келеді.
Астана «ЭКСПО:болашақтың Энергиясы» көр-месінде бүкіл жер шарының әр түкпірінен келетін қонақтарды қарсы алмақшы.
Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшелігіндегі өз міндеттеріне кірісе бас-тады. Бұл құрылым жаһандық бейбітшілік пен қауіпсіздікке жауап береді. Осының барлығы біздің елімізге деген айтарлықтай сенім мен оның дамуы үшін жаңа серпін болып табылады. Жұмыспен қамтудың жаңа тетіктері жарты миллионға жуық қазақстандықтар үшін өз істерін бастауға мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың жаңа бағдарламасы қолданысқа ене бастайды. Ол тек сапалы өнім шығаруды арттырып қана қоймай, ауыл тұрғындарының кірістерін молайтады. Жарты миллионға жуық шаруашылықтар кооперативке бірігіп, өз күштерін одан сайын арттырады. Зейнетақының, әлеуметтік жәрдемақы және басқа да әлеуметтік төлемдердің өсуі үш миллиондай қазақстандықтардың тіршілігіне әсерін тигізетін болады. Осының барлығы болашаққа деген се-німді нығайтады.
Құрметті көкпектіліктер!
Жасалған істер аз емес, алайда біздің алдымызда одан әрі өсу және даму жолындағы үлкен жұмыстар күтіп тұр. Бұл тұрғындардың өмір сүру сапасын бұрынғыдан да жоғарылататыны сөзсіз.
Аталған міндеттер мен тапсырмаларды бар-лығымыз бірлесе атқаруымыз керек.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.