Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында № 6 Көкжайық сайлау округінің депутаты Нұрлан Ермектің төрағалық етуімен VI шақырылымдағы Көкпекті аудандық мәслихаттың кезекті тоғызыншы сессиясы өтті. Сессия жұмысына Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Сағандыков, Көкпекті ау-дандық мәслихатының хатшысы Т.Сарманов, ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық мекемелердің және ұйымдардың басшылары, бұқаралық ақпарат құрал-дарының өкілдері қатысты.
Тоғызыншы сессияның күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Көкпекті ауданының 2017-2019 жылдарға арналған бюджеті туралы» аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Әкімова баяндама жасады.
Аталмыш мәселе бойынша шешім жобасы бірауыздан қабылданса да, халық қалаулылары тарапынан бірқатар мәселелер бойынша сұрақтар туындады. Заречный сайлау учаскесінің депутаты Александр Бойков Көкпекті ауылындағы балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиелушілерін транспортпен қамтамасыз ету мәселесін алдыға тартты. Облыстық және республикалық деңгейдегі жарыстарға шығу үшін бүгінгі күні автокөлік жоқ. Өзекті мәселенің оңды шешілуіне баса назар аударған депутаттар аудан басшылығының аталмыш сұрақты шешуге ықпал етуін сұрады.
Аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов депутаттық корпустың 2016 жылы атқарған жұмысы туралы есептік баяндама жасады. – Бүгінгі күні аудандық мәслихат депутаттық корпусында 12 халық қалаулысы бар. Алтыншы шақырылымның басынан бастап, аудандық мәслихат 9 сессия өткізіп, онда 73 мәселе қаралды. Депутаттар өңірлік бағдарламалармен байыпты жұмыс жүргізуде, сессияларда оларды қызығушылықпен талқылау, бағдарламалардың іске асырылу барысын тиімді бақылауға мүмкіндік береді. Өңірлік бағдарламалардың атқарылуы депутаттардың бақылауында, - деп тоқталды Талғат Манапұлы.
Тұрақты комиссия жұмысы да жолға қойылған. Есептік кезеңде 8 отырыс өткізіліп, онда 10 қаулы қабылданды. Депутаттық сауалнамалар жолдау бойынша да біздің халық қалаулылары атқарған жұмыстар баршылық. Демеушілік кө-мек көрсетуден де тыс қалып жатқан жоқ. Ағымдағы жылы барлығы 52 жеке қабылдау өткізіп, онда 110 сұрақ қарастырылған. Бұл депутаттар атқарып жатқан жұмыстардың мысалдары ғана. Халық қалаулылары алдағы уақытта да ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен әрбір тұрғынның өмір сүру сапасының жақсаруына ықпал ету бағытында аянбай еңбек ете береріне сенім мол.
Сонымен бірге, тоғызыншы сессияның күн тәртібінде тұрғындарды әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, депутаттық этика және заңдылық туралы тұрақты комиссия төрайымы Елена Сихварт пен жергілікті полиция қызметінің басшысы Ферхат Мавлютовтың атқарылған жұмыс туралы есептік баяндамалары тыңдалды.
Әртүрлі бөлімінде қарастырылған сұрақтардың ішінде біреуіне ерекше тоқталып өткен жөн. Аудандық мәслихат депутаттарының бірауыздан шешім қабылдауымен екі бірдей жерлесімізге «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы шешім қабылданды. Олар – Ағзамов Мұхамедолла Сағидоллаұлы және Рахимбаев Айдын Жұмаділұлы. Ауданның әлеуметтік және экономикалық өсіп-өркендеуіне елеулі үлес қосып келе жатқан құрметті азаматтардың ересен еңбегі осылайша жерлестері тарапынан лайықты бағасын алды.
Сессия барысында келесі кезекті сессия жұмысының төрағасы сайланды. Қаралған барлық мәселелер бо-йынша бірауыздан сәйкес шешімдер қабылданды.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.