Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
16 желтоқсан - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні. Бұл – теңдесі жоқ тарихи күн, Ұлттық мереке. Азаттық деген – асыл сөз. Тәуелсіздік деген – тәтті ұғым. Бұл кешегі бабалардан қалған жәдігер сөз. Тәуелсіздік - тәуекел еткеннің ғана бағына бұйыратын бақыт.
Еуразия жүрегінде, өркениеттердің ұштасқан орталығында талай ұлт пен ұлыстың құт мекеніне айналған ұлы далада азат елдің азаматы атанғаннан асқан бақыт жоқ.
Бүгінде сол құндылығымыз – ел Тәуелсіздігіне 25 жыл толып отыр. Қазақстан өз Тәуелсіздігін жариялағаннан кейін ел дамуында жаңа тарихи кезең басталды. Бейбітшілік пен келісім, саяси тұрақтылық пен экономикалық өрлеу жүйесі қалыптасты.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре-зиденті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-баевтың дана басшылығымен егемен еліміз әлем қауымдастығынан лайықты орын иеленді. Аз ғана уақыттың ішінде Қазақстанның әлеу-меттік-экономикалық әл-ауқаты, мәдени, рухани келбеті бұрын болып көрмеген биік деңгейге көтерілді.
Бұл тарихи табыстарға ұлт пен ұлыстың татулығы, демократияның берік негіздері мен барша қазақстандықтардың қажырлы еңбегінің нәтижесінде қол жетті. Елдің даму көшінде көкпектіліктердің де өзіндік орны бар. Аудан тұрғындарының ерен еңбектерінің нәтижесінде өңірде экономиканың барлық бағыттары қарқынды дамып келеді. Әр салада жаңашыл бастама, игі істер бар.
Тәуелсіздік – қашанда киелі құндылық. Біз еркіндігімізді әрқашан мақтан тұтып, қастерлей білуге тиістіміз. Бұл - біздің азаматтық парызымыз, адамдық борышымыз.
Барша көкпектіліктерді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз! Тәуелсіздігімізді тұғырлы ету жолындағы еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, бақ-береке тілейміз!
Тәуелсіздігіміз берік, бірлігіміз бекем болсын!
Р.Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.