Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Өткен дүйсенбіде аудан әкімі Рамиль Сағындықов Көкпекті ауылында азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады.
Қабылдауға келгендердің аудан әкіміне айтқан арыз-армандарының басым бөлігі баспана мәселесі болды.
Тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі аудан көлемінде көкейкесті болып келе жатқанына бірнеше жылдың жүзі болғанын айта кету керек. Үй кезегінде тұрғандардың саны жыл сайын артпаса кемімей отыр. Көкпекті ауылының тұрғыны Г.Шәкенова 36 пәтерлік үйде тұрады. Жалпы бұл үй қызметтік пәтерлер қатарында. Ал оған пәтер анасынан мұраға қалған, сондықтан да ол осы пәтерді өзіне жекеменшікке жаздыруды қалайды. Қазіргі күні ТҮКШ-тің мәліметі бойынша бұл мәселе комиссияда қаралған, комиссия пәтерге байланысты қосымша материалдар жиналғанша шешім шығаруды шегере тұруды жөн санаған.
Ауданда азаматтардың жұмыссыздығы да өткір мәселе. Тұрғындардың жоғары білімді, дипломы бар дәрежесіндегіден арнайы орта білімділеріне де, тұрмыс деңгейі төмен отбасыларына да жұмыс табу қиын. Сондықтан аудан әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне әрбір жұмыссыз азаматтың мәселесін жеке бақылауда ұстап, арыздарын жеке қарауды тапсырды.
Қабылдау кезінде кейбір мәселелерге қа-тысты заңнамаларды түсіндіруге де аз уақыт кетпейді. Бұл кейбір дербес бөлімдердің және ауылдық округ әкімдерінің азаматтардың арыздарымен жұмыс істегенде қызмет көрсету сапасының нашар екенендігі көрсетті. Мысалы, Преображенка ауылының тұрғыны М.Мизамитов жер телімін алу жөніндегі кеңесті жергілікті әкімшіліктен алса да болар еді, алайда оған неліктен нақты жауап қайтарылмағаны белгісіз.
Өкінішке қарай, көп жағдайда мәселе азаматтардың өздерінің құқықтарының қандай заңдармен қорғалатынын білмеуінен туындап жатады. Сондықтан да, азаматтардың заңды оқып-үйрену мәселесіне көбірек көңіл бөлетін кез жетті.
Барлық мәселелер бойынша аудан әкімі тұрғындарға түсінік беріп, олардың сауалдары бойынша туындаған тапсырмаларды орындау және жүзеге асырылуын дербес бөлімдерге тиісінше тапсырды.
Екатерина СКУДАРНОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.