Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Қоңыр күз өтіп, қыс та қыр астынан төбе көрсетіп тұр. Мұның өзі қысқы кезеңге дайындықты тағы бір пысықтап, бұл бағыттағы жұмыстардың етек-жеңін жинақтауды қажет ететіні сөзсіз. Осы мақсатта Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс тұрғын-үй коммуналдық ша-руашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жылу маусымына дайындық шараларымен танысып, атқарылған жұмыстары туралы ақпарат алған едік.
- Ауданда 2016-2017 жылдарға арналған жылу беру маусымына сапалы дайындық жүргізу мақсатында, жайлы тіршілікті қамтамасыз ету және бюджеттік сала нысандарына, тұрғын үйлерге жоспарланған жөндеу және дайындық жұмыстары аяқталды. Сондай-ақ, қыс маусымына қажетті отын қорының көлемі анықталды. Аудан бойынша орталықтандырылған жылыту жүйесі жоқ. Халық жеке жылыту көздерін қолданады. Тұрғындардың қатты отынға деген қажеттілігі 32 900 тоннаны құрайды. Қазіргі кезде тұрғындарға 12,0-12,5 мың теңгеге көмірді жеткізу жүргізілуде және 15800 тонна көмірмен қамтамасыз етілді. Бюджеттік мекемелердің қатты отынға деген қажеттілігі 10,8 мың тоннаны құрайды, бүгінгі күнге 4,6 мың тонна көмір жеткізілді.
Білім беру нысандары бойынша алдағы жылу беру маусымына 40 нысанды дайындау қажет болатын, соның ішінде қатты отынмен 14 мектеп және 1 балабақша, электрмен жылыту 18 мектеп және 2 балабақша, сұйық отынмен 3 мектеп және пешпен 2 мектеп жылытылады. Қазіргі уақытта 40 нысан (100%) дайын. Денсаулық сақтау нысандары бойынша 40 нысанды дайындау керек болатын. Ауданда 1 орталық, 1 ауданаралық, сондай-ақ 8 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 23 медициналық пункт, 6 ФАП бар. Соның ішінде Преображенка, Көкжайық ауылдарындағы АДА және Мариногорка ауылындағы ФАП электр қуатымен, қалғандары қатты отынмен жылытылады. Бүгінгі күні барлық 40 нысан (100 %) дайын. Мәдениет саласы бойынша 38 нысан (100%) дайындалды. Соның ішінде 6 электрмен, 4 автономды, 28 қатты отынмен жылытылады. Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар барлық нысандар жылу беру көзіне қосылды, - дейді бөлімнің бас маманы С.Базарбаев.
Сала мамандарының сөзіне сүйенсек, ауданда қысқы маусымға дайындық қатаң бақылауда. Яғни, коммуналдық мекемелердің барлық мүмкіндіктерін пайдалану арқылы, жылу маусымы өз дәрежесінде атқарылатын болады деген сенімдеміз.
Ал, ауылдық округтердегі нысандардың 2016-2017 жылдардың қысына дайындық жұмыстары төмен-дегідей:
ТАССАЙ. Округтегі орта, бастауыш мектептер толық ағымдағы жөндеуден өтті. Орта мектептегі 2 бу қазандығы, емханадағы 1 қазандық 15 сәуірде от жағу мерзімі аяқталғаннан кейін ағымдағы жөндеуден өткізілді. Қазіргі таңда, ауылдық округке қарасты мекемелерге де жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жылыту қазандықтары іске қосылды. Округ жылытуға қажетті көмірмен қамтамасыз етілуде. Мәселен, орта мектепке 588 тонна (460 тонна көмір тасылды), емхана 30 тонна (28 т. көмір бар), әкімшілік 10 тонна (10 т. көмір бар), клуб 45 тонна (23 т. көмір бар). Ал, ауыл тұрғындарына 300 тонна көмір тасылуда, округте барлығы 349 аула қажетті отын 1480 т. құрайды. Арнайы 3 КАМАЗ көлігі тұрғындарға көмір тасымалдауда. Тасу жұмысы келісім шарт бойынша іске асуда.
ТЕРЕКТІ. Теректі ауылдық округінде білім беру нысаны электр қуатымен жылынса, «Ерке-Нұр» балабақшасына 25 тонна көмір түсірілді. Ал, әкімшілік, мәдениет нысандарына (клуб, кітапхана) қажетті көмір 30 тоннаны құрайды. Ауыл тұрғындарына қажетті көмір 1100 т, сондай-ақ ауыл тұрғындарына әлі де көмір тасу жұмысы жалғасуда.
Әр істің нәтижесін алда келе жатқан күз бен қыста болатын суық пен аяз көрсете жатар, ал әзірге жылыту маусымына жауапты мамандар қысқа сақадай сай екендеріне нық сенімді.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.