Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйегінде Көкпекті аудандық мәслихатының кезекті алтыншы сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына Көкпекті ауданы әкімінің орынбасары Әкімова Алмагүл Жанахметқызы, бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының басшылары, бұқаралық ақпарат құралдарының, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, аудандық мәслихат депутаттары қатысты.
Көкпекті ауылдық округі бойынша №1 сайлау учаскесінің депутаты Д.Дюсембаев төрағалық еткен алтыншы сессияның күн тәртібінде бір қатар маңызды мәселелер қаралды.
Аудандық ауыл шаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімі басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Абылғазыұлы жергілікті атқарушы органдарының өңірдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдап отырған шаралары туралы баяндады.
- Халыққа қажетті азық-түлік бағасын тұрақты деңгейде ұстап тұру мақсатында аудандық тұрақтандыру қоры құрылған. Барлығы 15 шаруа қожалық басшыларымен меморандумға қол қойылды. Өнім және тұқым сақ-тауға арналған 56 қойма бар. Көкөніс өндірушілердәің өнімін сақтауға арналған 9 қойма толық дайын. Барлығы тұрақтандыру қорына 600 тонна бидай, 40 тонна сәбіз, 25 тонна қызылша, 50 тонна картоп, 150 тонна орамжапырақ салу бойынша меморандумдар жасалуда, – дейді баяндамашы.
Тұрғын, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-шаруашылық нысандардың жылу науқанына дайындығы туралы сөз алған аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй - коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы Мақсат Капчиков тақырыпты кеңінен тарқатты.
- Қазіргі уақытта ауданда 2016-2017 жыл-дардың қыс маусымына сапалы дайындалу мақсатында тұрғын, әлеуметтік-мәдениет және әкімшілік-шаруашылық нысандарда жоспарға сай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тұрақты жұмыс істеуге қажетті отын көлемі анықталды. Аудандық штаб құрылған күннен бастап, жұмысын осы бағытта жүргізіп келеді, - дейді Мақсат Зарыпханұлы.
Сонымен бірге, экономикалық реформалар, бюджет, кәсіпкерлік қызмет, АӨК, экология және табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және ТКШ мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы Садықов Қанат Бидахметұлының есебі тыңдалды.
Аудандық мәслихат сессиясының күн тәрті-біндегі барлық мәселелер бойынша шешімдер қабылданып, қатысушы депутаттар бір ауыздан қолдады.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.