Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Көкпектіде көгілдір отынның ба-ғасы қымбаттады. Соңғы аптада 2300 теңгеге дейін өскен тұрмыстық газ баллонды қазір аудан орталығында табу қиынға айналған. Бұрын 1800 теңге тұратын көгілдір отын бағасының бірден көтеріліп кетуі тұрғындардың алаңдаушылығын тудырды. Сонымен, көгілдір отынның бағасының кенеттен көтерілуіне не себеп болды? Тақырыпты түбірінен тарқатайық.
Редакцияға үсті-үстіне келіп түскен қоңырау шалушылардың негізгі сұрай-тыны мәселенің астары. Газ бағасын кім көтерді? Қашанға дейін газ тапшылығы болмақ? Осы баға сақталып қалады ма? «Қазаншының еркi бар, қайдан құлақ шығарса» деген қазақы тәмсiлдiң әсерi ме, әлде, мұның басқадай себеп-салдары бар ма, ол жағы бiзге де беймәлiм. Газ баллон сатумен айналысатын орындарға арнайы ат басын бұрып, мәселенің егжей-тегжейін сатушылардың өзінен білмек болдық. Жұртшылыққа жұмбақ болып отырған газ бағасының қымбаттауына мүмкiн толыққанды жауап алып қалармыз.
Заречный аумағында орналасқан газ құю станциясы көктемде ғана жұмысын бастаған еді. «ШҚО Газ Шаруашылық Басқармасының» диллері мәселенің мән-жайын айтуға қарсы болмады.
- Бүгінгі күні Заречный аумағында орналасқан біздің кәсіпорында газ баллонның бағасы 2100 теңге. Үйге жеткізіп беру қызметі қарастырылмаған. Екі күн бұрын ғана Өскеменнен жаңа бағамен 1850 теңгеден сатып алынып, осында жеткізілді. Бастапқы 1800 теңге құнының өсуіне газ тапшылығы мен оның Шымкент қаласынан жеткізіліп отырғаны себеп болды. Павлодар қаласындағы газ зауыты бір жарым ай жұмыс істемеді. Сондықтан да, газ тапшылығы орын алып, бүгінгі күні біздің басқарма көгілдір отынды Шымкент қаласынан әкеліп сатуда. Біле білсеңіз, қазіргі күні газ баллон бағасы Қалбатауда 2200 теңге, Зайсанда 2500 теңге болып тұр. Алдағы уақытта газ баллон бағасы қалай ауытқитынын нақты айта алмаймын, - дейді диллер Болат Бекенов.
Жұмабаев көшесінде орналасқан «Семей Газ Басқармасының» диллері де мәселеге өзіндік көзқарасын білдірді. - Қыркүйек айының 18 жұлдызынан бас-тап газ баллонды 2300 теңгеден саудалап отырмыз. Семей Газ Басқармасының диллері болғандықтан көгілдір отынды Семейден жеткіземіз. Қыркүйектің 5-18 аралығында мүлдем газ болған жоқ. Тапшылықтың болатын себебі осы. Зауыттар жөндеу жұмыстарына жабылып тұрғандықтан біздің басқарма Қарағанды қаласынан әкеліп сатуда. Бұдан былай үйге жеткізіп беру де ақылы болады, құны 200 теңге. Осыған дейін тегін жеткізіп келдік. Жол шығынын да ескерген дұрыс қой, - деп ағынан жарылды диллер Қалнұр Нұғыманова.
Көкпектіліктер Миша аға деп атап кеткен байырғы газ баллон сатушы жер-лестің пікірін де тыңдадық. Отыз жылдан астам газ сатуды кәсіп еткен Минигали Рахматулин қала тарифты көтермесе газ баллонды қымбат қылу мақсат емес дейді. Миша ағай бүгінгі күні әр газ баллонды 2000 теңгеден саудалауда. Семей қаласынан жеткізілетін көгілдір отын 21 қыркүйектен жаңа бағамен келген соң осылай етуге тура келді деп қысқа қайырды.
Атын атамауын өтінген Көкпекті тұрғыны:
- Менің келгенім осы. Заречка ау-мағына газ келіпті дегенді естіп, бірден жеткен бетіміз. Ешкім бағаның не үшін көтеріліп кеткенін білмейді. Осыған жа-уаптылар халықтың жағдайын ойлап, бір шара қабылдаса дейміз. Газ баллон керек, амал жоқ, алуға тура келеді.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.