Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының ғимаратында облыс орталығынан келген жұмыс тобымен кездесу өтті. Оның құрамында «Өскемен қаласы өзін-өзі басқару кеңесі» қоғамдық бірлестігі төрағасы, қоғамдық мониторингтік топ мүшесі Серік Оразбайұлы, облыстағы қоғамдық кеңес іс-әрекеттерінің координаторы Индира Какимова, ШҚО экология мәселелері бойыншасараптамалық жұмыс тобының мүшесі Елена Полянцева болды. Қонақтармен кездесуге «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Гүлбаран Майлыбаева, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сләмбек Мұқашев, ішкі саясат бөлімі басшысы Бек Нұғыбаев, мекемелер мен кәсіпорындар өкілдері, шаруа қожалықтары мен түрлі сала қызметкерлері, аудандық басылым тілшісі қатысты.
Қазақстан Республикасының «Қоғамдық кеңестер туралы» заңына сәйкес 2016 жылдың 1 қаң-тарынан жергілікті және орталық деңгейдегі қоғамдық кеңестері құрылып, оның төрағалары мен жұмыс топтарының мүшелерін бекіту туралы шешім қабылданған еді. Қазіргі таңда еліміздің барлық аймақтарында қоғамдық маңызы бар мәселелерде халықтың пі-кірі мен ұсынысына сүйеніп, оны жергілікті атқару органдарына жеткізумен қоса, түйткілді жұ-мыстардың нәтижелілігіне баса назар аударатын жаңа кеңестің жұмысы көз алдымызда жандану үстінде. Оған дәлел облыс орталығынан арнайы ат терлетіп, өз іс-тәжірибесімен бөлісіп, әдістемелік көмектерін ұсынуға келген аталмыш сарап-тамалық жұмыс тобы. Жиынның күн тәртібімен аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы Сләмбек Насырбайұлы таныстырып өтті. Соңынан Өскемен қаласы өзін-өзі басқару кеңесі қоғамдық бірлестігі төрағасы, зейнеткерлікке шыққанына бірталай жыл болса да, әлі де іскерлігі мен белсенділігін жерлестерінің игілігі үшін жұмсаудан жалықпаған Серік Оразбайұлы сөз кезегін алды. Ол қатысушыларды болып жатқан ұлық мереке Құрбан айтпен құттықтай отыра, «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалымен бірлесе отырып, облыс орталығындағы шұғыл шешілуі тиіс көптеген мәселелердің қалпына келтірілгенін алға тартты.
- Денсаулық сақтау, білім беру, экономика мен саяси жағдайдағы тұрақтылықты сақтау, жаңа технология, экология, жастар саясаты, жазасын өтеу мекемелерінен босаған азаматтарды қоғамға бейімдеу және жұмыспен қамту, экстремизм мен терроризмге қарсы әрекет және адамгершілік, ерекше талап қоятын азаматтардың құқын қорғау істеріне өмірлік тәжірибесі мол, нені болса да ақылға салып, салмақпен шешуге бейім зейнеткерлерді қоғамдық кеңес жұмысына көптеп тарту қажет, - деді Серік Оразбайұлы.
Сондай-ақ, кеңес іс-шараларын жүргізуге республикалық бюджет қоржынынан қаражат бөлінсе деген ұсынысын жеткізді. Кездесу барысында қатысушыларға қоғам өмірінің барлық саласына қатысты мәселелер қамтылған тест сұрақтары таратылып, жауаптар алынды. Координатор И.Какимова мен эколог Е.Полянцева өз кезектерінде атқарылған істерды ортаға салды, аудан көлемінде орындалған шаралармен кеңінен танысып, кеңес жұмысын жолға қоюға байланыс-ты тәжірибелерімен бөлісті.
Күн тәртібіндегі сұрақтың бірі – қоғамдық кеңес төрағасы С.Мұқашевтың кезекті есебі. Ол жос-пар бойынша жыл басынан бері жергілікті билік пен халық арасындағы қоғамдық мүдделерге сәйкес жұмыстардың жария талқыланғанын айтты. Мәселен, азаматтардың өмірі мен денсаулығы үшін қоршаған ортаны сақтау, жағымсыз факторларды болғызбау мақсатында Самар және Көкпекті ауылындағы көшелерді жөндеу, аудан аумағындағы 22 «сібір жарасы» ошақтарын талапқа сай белгі қойып қоршау, бруцеллез ауруына қарсы жеке меншік малдарға ақылы түрде екпе егу, Жер туралы заңнамаға ШҚ мен ЖШС басшыларының ой-пікірлері облыстық мәслихатқа жіберілгені тілге тиек етілді. – Сондай-ақ, қоғамдық кеңестің алғашқы отырыстарында заң талабына сәйкес бекіткентөралқа мүшелерінің құрамында төраға С.Мұқашев, зейнеткер Р.Беспаев, ау-дандық мәслихаттың хатшысы Т.Сарманов, ішкі саясат бөлімінің басшысы Б.Нұғыбаев, «Елім-ай» ЖШС басшысы Б.Бекбердинов, «Се-рік» ЖШС басшысы А.Қажығалиев, «Өрнек» ЖШС басшысы Е.Қойгелдин, «Аудандық Жұл-дыз-Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Дюсембаев, «Көкпекті жастары» жастар-патриоттық бірлестігінің төрағасы Ж.Алпысбаев бар. Тұрмыстық-әлеуметтік, өскелең ұрпаққа патриоттық-адамгершілік тәрбие беру ісі және денсаулық сақтау саласын қамтитын үш бағыт бойынша атқарылатын жұмыстар нәтижелі болу үшін аудандық бюджет қаражатынан ең болмағанда бір штатқа ақша бөлінсе деген ұсынысым бар, - деді С.Мұқашев.
Жиынның талқылау кезеңінде «Серік» ЖШС басшысы А.Қажығалиев ауыл шаруашылық саласына байланысты қиындық тудыратын түйінді мәселелерді қозғап, ауыл шаруасының ойын жеткізді.
- Қоғамдық кеңестің жұмысы тұрғындардың күн тәртібіндегі шешімін қажет ететін мәселелерді қамтитыны белгілі. Бүгінгі таңда ауыл адамдарының күнкөрісі мал шаруашылығымен тікелей байланысты. Ауылда шөп шабу, егін жинау науқанында техниканың аздығы, оны сатып алудың қолжетімсіздігі шаруа қожалықтарының, жеке шаруалардың жұмысына айтарлықтай кедергі келтіреді. Осының салдарынан жем-шөптің бағасы қымбат. Ол дегеніңіз ауыл тұрғынының мал өсіруге мүмкіндігін төмендетіп, мал басын азайтуға ұмтылуға және мал өнімдерінің арзандауына әкеліп соғады. Сондықтан, ауыл халқын қолдау жолдары, яғни, арзан бағаға, лизингпен техника алуға көмек қарастырылса деген ұсыныс, - деді.
Қорыта келе, ашық әңгіме алаңына айналған бұл кездесуде жария болған ой-пікірлер, ұсыныстар мен іс-тәжірибелер елеусіз қалмас демекпіз.
Бақыт МҮЛІКОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.