Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
«Балапанды күзде санайды» дегендей, орақ науқанының ағымдағы қорытындысы да белгілі бола бастады. Ауданның ауыл шаруашылығы бөлімі серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының алған өнімі туралы мәліметті аудандық газет редакциясына берді. Күнбағыс 47658,8 мың.гектарға егілген Әзірге бидай мен күнбағысты ору жұмысы ғана аяқталған жоқ. Себебі, күнбағысты күздің қара суығында жинайды.
Жалпы алғанда аудандағы серіктестіктер мен шаруа қожалықтары ағымдағы жылда кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің берген ақпараты бойынша 87488,1 мың гектар астық алқабы егілген. Соның ішінде жаздық бидай 56972, 00 мың га, арпа 27453, 00 мың га, 830,00 сұлы, оның iшiнде, 1684,20 мың га тары, қарақұмық 135, 00 мың га. Жоғарыда аталған дақылдардың 84016,1 мыңы гектарынан бүгiнгi күнге 135891, 7 тонна жинастырылып, 96,0 % құрайды. Ал, биыл күздік дақылдардың 413,00 мың. гектарынан 829,00 тонна жиналды, 100% құрайды. Ендi 290 мың га күздік қайтадан егiлген.
Ауданда астық тұқымына қажеттiлiк 2040 мың тоннаны құрайды, iс жүзiнде оның 1710,0 мың тоннасы салынған немесе 83,82% орындалған.
Биылғы күздің ырыздығы мол болды. Сондықтан бидайдың өнімі де мол. Көкпекті ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруа-шылық бөлімі бас агрономының айтуынша, биыл, аудандағы «Қалисатарұлы», «Колос», «Лик», «Виктория», «Рустам», «Арна», шаруа қожалықтары, «Өрнек», «Елім-ай-Көкпекті» ЖШС егін жинау науқаны бойынша жоғары көрсеткішке жетіп отыр. Егіннің бітік шығуы тек ауа райының жаңбырлы болуынан ғана емес, жаңа техниканың күші және еңбек адамдарының маңдай терімен ысырапсыз жиналғаны рас.
Ауданымызда жыл сайын көкөністерді сақтау мақсатында тұрақтандыру қоры жұмыс істейтіні белгілі, биыл мұнда 95,8% көкөніс және 89,6% картоп өнімдері жиналған. Осы айдың соңына дейін бұл көрсеткіштерді 100% жеткізуді жоспарлауда. Ал, қазіргі таңда бақша дақылдары 30,50 мың.тоннаны құрап отыр. Өткен жылмен салыстырғанда, ағымдағы жылдың өнімі жоғары болды.
- Биылғы жиын-терім науқанындағы молшылық бәрімізді қуантып тастады, - дейді ауданымыздың бас агрономы Ж.Көпесов. – Қазірдің өзінде, аудан бойынша егін түсімділігі 16,2% құрайды. Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы түсім 135% құрап, 25 % жоғары көрсеткіш көрсетті. Бұл әлі ақырғы көрсеткіш емес, себебі жиын-терім жұмыстары ағымдағы айдың соңына дейін жалғасады.
Егін салып, жер ананың ырыздығына кенелемін деген шаруалардың еңбегі ақталды. Бірақ, алда әлі де үлкен белестер бар. Ол - алған өнімді нарыққа шығару. Әзірге, бұл мәселенің түйіні толық шешілді деп айту қиын. Бұл мәселе құзырлы органдардың тікелей ұйымдастыруымен шешілетін жұмыс. Қазіргі кезде астықты сату жұмысы аудандық, облыстық, республикалық деңгейде жүргізілуде. Ең бастысы, мол өнімді қамбаға толтыра бастадық.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.