Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Бүгінде аудан тұрғындары кеңес алуда жүгінетін мекеме бар. Бұл - «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімі. Қазіргі уақытта осындай қабылдау жұмыстары кейбір мәселелерді шешуде маңызды орын алады. Қоғамдық қабылдау бөлімі – партия мен халықтың арасын тығыз байланыстыратын құрал. Қабылдау өткізу арқылы мемлекеттік органдар қарапайым азаматтардың мәселелерімен танысады, ал аудан тұрғындары өздерін мазалаған сұрақтарға жауап алады. Өйткені, тұрғындардың әрбір мемлекеттік және жеке меншік ұйымдардың басшыларына тікелей өз өтінішін жеткізуге мүмкіндіктері бола бермейді. Азаматтардың өтініштері партия тарапынан қатаң қадағалауда болады.
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Рамиль Сағандықов қоғамдық қабылдау жүргізді. Партия филиалының төрағасы азаматтардың өтініш-тілектеріне құлақ түріп, мемлекеттік қордан тұрғын үй беру, тұрғын үй-коммуналдық қатынастар, жұмыспен қамту, жер телімін жалға алу және басқа да әлеуметтік маңызды мәселелер бойынша түсініктеме берді. 15 тамыз күні өткен қабылдауға барлығы 14 азамат жазылды.
«Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалы ұйымдастырған қоғамдық қабылдау мекеме және қызмет басшыларының қатысуымен өткізілгені айшықты. Қоғамдық қабылдау барысына кеңсе, тұрғын үй-коммуналды шаруашылығы, құрылыс, автокөлік жолдары және жолаушылар тасымалы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшылары қатысып отырды. Бұл – тұрғындарды толғандырған сұрақтарды жедел әрі тиянақты шешу тетігі болмақ. Тіпті, кейбір мәселелер дәл қабылдау барысында өз шешімін тауып жатады. Филиал төрағасының қабылдауына келген азаматтар үшін де бұл әдіс өте ыңғайлы екені айтпаса да түсінікті.
Қоғамдық қабылдауға келгендердің бірі - Көкжота ауылының тұрғыны Айтқазы Әбдірасыл жер телімін жалға алу мәселесін көтерді. Аудан басшысы азаматтың өтінішімен танысып алған соң жер телімін жалға беру Заң аясында жүргізілетінін түсіндіріп, жарияланған конкурсқа кез келген ниет білдірушінің қатысуға мүмкіндігі бар екенін қадап айтты.
Әрбір қабылдауға келетін тұрғындардың басым көпшілігі аудан басшысына үй беру туралы өтінішпен кіреді. Аудан басшысы бұған дейінгі қабылдауларда айтып өткендей аудан көлемінде мемлекеттік қордан үй салу жұмыстары баяу жүргізілуде. Алдағы уақытта қандай да бір тұрғын үй бөлу мәселесі қарастырылатын болса, барлығы Заң аясында атқарылады. Тұрғын үй кезегінде кім бірінші тұрса, тиісті үйді сол азамат бірінші болып алады. Заңды белден басуға жол берілмейді!
Тағы бір өзекті мәселе балалардың оқуға түсуі. Үш жылдан бері облыс, аудан әкімінің грантын беру тоқтатылған. Осы орайда аудан басшылығы тарапынан қандай да бір оқу орнына түсуге көмек жасау мүмкіндігі жоқ. Дегенмен, қабылдауға келген тұрғындардың балаларының білім беру орындарына түсу мәселесі бақылауға алынды.
Бұл күні өткен қабылдау барысында Көкпекті ауылындағы ауыз су мәселесі, Ырғызбай көшесіне жүргізілген жөндеу жұмыстары, материалдық кө-мек беру сынды сұрақтар тыңдалып, тиісті орган басшыларына нақты тапсырмалар берілді.
Алдағы уақытта да «Нұр Отан» партиясы қоғамдық қабылдаулар жұмысын жалғастырып, халықпен байланысты нығайта түспек.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.