Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Құрметті құрылыс саласының еңбеккерлері, ардагерлер!
Тамыздың екінші жексенбісінде атап өтілетін кәсіби мерекелеріңіз – Құрылысшы күнімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар! Құрылысшылардың еңбегі еліміздің экономикасының дамуы үшін зор маңызға ие. Ең бейбіт және жасампаз кәсіптің өкілдері бұрынғы уақыттардан бері еліміздің бет-бейнесін жақсартып келеді: тұрғын үйлерді, білім беру және медициналық мекемелерді, мәдениет және спорт, сондай-ақ, инженерлік және көлік инфрақұрылымының нысандарын салады және қайта жаңартады.
Мыңдаған кісілер сіздердің алтын қол-дарыңыздан шыққан тұрғын үйлерде тұрып жатса, қаншама балалар мектептер мен спорттық кешендерге барып жүр. Олардың да сіздерге айтар алғыстары шексіз. Ауданымыз бойынша да қаншама нысандар салынып, қайта күрделі жөндеуден өтіп жатыр, олардың әрқайсысында сіздердің қолдарыңыздың табы бар.
Алдағы уақытта да көп жұмыстар күтіп тұр. Ойлағандарды іске асыру үшін тек жоғары кәсіби біліктілік пен тынымсыз еңбек қана емес, сонымен қатар, өз істеріңізге деген шынайы ынта мен ықылас қажет. Бұл қасиеттердің барлығы сіздердің бойларыңызда бар екендігіне нық сенімдіміз.
Осы мереке күні сіздерге, құрметті құрылысшылар және осы салада қызмет атқарған ардагерлерге бар өнерлеріңізді, жандарыңызды салып жасаған ерен еңбектеріңіз үшін шынайы алғыс айта отырып, сіздерге шын жүректен мықты денсаулық, күш-қуат, сәттілік және жаңа табыстар тілейміз!
Р.Сағандықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.