Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Теректі ауылдық округінің әкімі Ержан Ниязбекұлы Күзембаевтан өңірдің бүгінгі тыныс-тіршілігі, шаруақожалық иелерінің қам-қарекеті, өзекті мәселелері мен жетістігі туралы ақпарат алуды ұйғардық.
Ержан Ниязбекұлы әңгімесін нақты дерек келтіре отырып, округ өмірін жан-жақты, әр қырынан сипаттауды жөн көрді. Кеңес дәуірінде бұл өңір жыл он екі ай жайылымда мал өсіретін танымал шаруашылықтың бірі болған. Ресми дерек бойынша Теректіде 54 шаруа қожалығы ісін дөңгелетуде. Олардың басты бағыты егін егу, мал шаруашылығын өркендету. Сонымен қатар, ауылдың көріктендіру, санитарлық тазалық айларының нәтижелеріне қанықтық. Ауылдас-тармен бірге айналаны тазартуға жәрдемдескен шаруақожалық ие-лерінің еңбегіне де көңіліміз толды.
Тағы бір көңіл толарлық жайт, биыл Теректі ауылының көшелеріне күрделі жөндеу жұ-мыстарын жүргізу басталады. Жөндеу жұмысына 9 млн. 954 мың теңге қаражат бөлінген. Ал, округтегі Қ.Аухадиев атындағы орта мектепке жөндеу жұмысына 19 млн. 500 мың теңге бөлінді. Мектептің төбесіне «ВостокЭнергоМонтаж» компаниясы мердігер болып, жөндеу жұмыстарын бас-тап кетті.
Мемлекетіміз әлемдік қа-уымдастық тәрізді, экономикалық дағдарыс лебін сезінуде. Оны еңсеру үшін Елбасының «Баршаға арналған заманауи мемлекет: бес институционалды реформа» бағдарламасында межеленген маңызды міндеттердің шешіміне, оған қоса елдің тұрақты дамуына назар аударуымыз қажет. Округтің шаруашылық иелері, шағын және орта бизнес өкілдері өңірдің қалыпты дамуына өзінің белгілі үлесін қосып келеді. Теректі ауылдық округ әкімі Ержан Ниязбекұлының әңгімеміз осындай құптарлық сарында өрбіді.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.