Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен аптаның соңында қоғамдық кеңес отырысы болып өтті. Сләмбек Мұқашевтың төрағалығымен өткен отырысқа кеңес мүшелері, мекеме басшылары және БАҚ өкілдері қатысты. Күн тақырыбында қаралған аудандық бюджеттің тұрғын үй көмегін беру ережесін бекіту мен ветеринарлық қызметтің жұмыс барысы қызу талқыға түсті. Кеңес мүшелерінің барлық пікірі назарға алынып, өзекті мәселелер бойынша ұсыныстар енгізілді.


Қоғамдық кеңестің бұл жолғы күн тәртібінде аудандық мәслихаттың Көкпекті ауданының 2016-2018 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіміне өзгертулер енгізу мәселесі де енген екен. Аталмыш сұрақ бойынша қаржы және экономика бөлімінің басшысы Гаухар Смағұлова баяндады. Бөлім басшысының мәліметі назарға алынып, бірауыздан құпталды. Екінші мәселе бойынша сөз алған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Айгүл Ботантаева тұрғын үй бөлу ережесімен таныстырды.
Кеңестің көркін қыздырған да, пікірталас тудырған да үшінші сұрақ болды. Ветеринарлық қызметтің атқарып отырған жұмысы туралы бөлім басшысы Ербол Төлешов мәлімет берді. Бөлім басшысының дерегі бойынша 2016 жылы ауданда эпизоотикалық жағдайлардың алдын алу мақсатында республикалық бюджеттен 68 миллион 800 мың теңге қаражат бөлінген. Жоспарға сай барлық алдын алу шаралары орындалды.
Сонымен бірге, Ербол Төлешов баяндамасында түйінді мәселелерге де кеңінен тоқталды. Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі– сібір жарасы болып тұр. Елімізде, тіпті көршілес Жарма ауданында аталмыш аса қауіпті жұқпалы ауруы тіркелгені белгілі. Жарма ауданына қарасты Қалбатау ауылының 2 тұрғынынан «сібір жарасы» дертінің шыққаны туралы ресми дерек бар. Жасалған сараптама қорытындысы аталмыш диагнозды растады. Қалбатау ауылдық округіндегі «Айғай кезең» елді-мекеніне карантин енгізілген. Мұнда мал жайып немесе осы аумақ арқылы малды тасымалдауға тыйым салынған. Көршілес аудан болғандықтан бұл жағдай бізді де алаңдатары анық. Осы тұрғыда ауданда анықталған 22 сібір жарасы ошақтарын оқшаулау жұмыстарын жылдамдатқан абзал. Алайда қауіпті ошақтардың бүгінге дейін барлық талаптарға сай оқшауланып, тиісті белгілер қойылуы толық аяқталмай отыр. Бұл мәселенің әлі күнге неге толық шешімін таппай отырғаны туралы сұраққа ветеринария бөлімінің басшысы мардымды жауап беріп жарытпады.
Қоғамдық кеңес мүшесі Болат Бекбердинов осы тұрғыда наразылығын ашық айтты. - Мемлекет тарапынан аса қауіпті жұқпалы аурудың алдын алуға шараларына қыруарт қаражат бөлініп отыр. Бұл әрине дұрыс. Жануарлар арқылы адамға таралатын сібір жарасының алдын алу кезек күттірмес мәселе. Бұл жерде мал сою алаңдарының жағдайын түзетіп, жұмысын бір қалыпқа салу керек. Сарып ауруына қарсы екпе жұмыстары да тиісті деңгейде 100 пайыз жүргізілсін. Тиімді ваксинаны міндетті түрде егу қажеттілігі туралы тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жандандырайық. Бір бас малға 100 теңге тұратын вакцинадан қаражат аяп отырғанда отбасындағы адамдарды да ойлау керек, - деді Болат Миғражұлы.
Аса ірі инвест жобаны жүзеге асырып отырған шаруаның жанайқайы түсінікті де. Ветеринарлық сала қызметкерлері аса сапалы вакцинаны халық арасына кеңінен насихаттау жұмысын ақсатып алған сынайлы. Бұл тұрғыда осы саланың ардагері, Қоғамдық кеңес төрағасы Сләмбек Мұқашевтың тарапынан да орынды сын айтылды. Сондай-ақ, кеңес төрағасы аудандағы 22 сібір жарасы ошықтарының әлі күнге оқшаулау жұмыстары толық аяқталмай отырғанына алаңдаушылық білдірді. Бір ай мерзімінде барлық талаптарға сай оқшаулау жұмыстарын жүргізіп тастауға барлық негіз де қаржылай мүмкіндік те бар.
Аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов сарып ауруы анықталған аймақтардағы санитарлық тазалық жұмыстарына баса назар аударды. Ауру шыққан аймақтарды дизинфекциялау жұмысына мұқияттылық аса қажет. Қаңғыбас иттердің көзін жою мәселесі де бүгінгі күні күн тәртібінен түспей тұр. Ауылдық округ әкімдерінің құзырындағы мәселенге тіпті кейбір округ басшылары тиісті қаражат қарастырмаған.
Ветеринарлық қызмет немқұрайлықты көтермейтіні анық. Сондықтан да, қоғамдық кеңес отырысында қызу талқыға салынған барлық меселелер бойынша нақты ұсыныстар енгізілді. Отырыс қорытындысы бойынша берілген ұсыныстардың орындалу барысы туралы бір тоқсаннан соң бөлім басшысының мәліметі тындалады.


Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
25 26 27 29 30 31

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз