Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Көкпекті аудандық сотының судьясы қызметіне Жаныбекова Нұргүл Берікканқызы тағайындалды. Жаңа судьяны аудандық сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы таныстырды. Актив жиналысына аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Әкімова, дербес бөлім басшылары, құқық қорғау органдарының, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Сот төрағасы аудан активін жаңа судьяның еңбек жолымен таныстырып, алдағы қызметіне сәттілік тіледі. Нұргүл Жаныбекова міндетін атқаруға 2016 жылдың 15 шілдесінен кірісті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «100 нақты қадам» бағдарламасы негізінде сот жүйесінің ашықтығын, қолжетімділігін, объективтілігін арттыру, халықтың сот жүйесіне деген сенімділігін қалыптастыру бүгінгі күннің зор талабы. Судья лауазымына қойылатын талап та әрине, күшейтілді. Бүгінгі таңда әрбір қаралатын іс аудио-бейнежазба құралдары арқылы жүргізіледі. Бұл дегеніміз – сотқа қатысушы әр тарап сот шешімінің әділдігіне сенімді бола алады. Сондай-ақ, сот сатылары азайтылды, бұл - сотты халыққа жақын етіп, қолжетімділікке ұмтылдырды деуге негіз.
Жаныбекова Нұргүл Берікканқызы 1982 жылы 24 қыркүйекте Қарағанды облысы, Қарағанды қаласында дүнеиеге келген. 2003 жылы Қазақ мемлекеттік Заң Университетін тәмәмдаған. Еңбек жолын 2005 жылдың қаңтар және мамыр айларының аралығында Жарма ауданының № 2 сотының жетекші маман-сот мәжілісінің хатшысы қызметінен бастаған. 2005 және 2006 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының маманы қызметін атқарған. 2006-2007 жылдар аралығында Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының маманы, Астана қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының жетекші маман-сот мәжілісінің хатшысы қызметтерін атқарған. 2007-2008 жылдары ЖШС-нің бухгалтері және заңгері қызметтерін атқарды. 2012 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың ақпаны аралығында Шығыс Қазақстан облыстық соты кеңсесінің бақылау және құжат айналымы бөлімінің бас маманы қызметінде болды.
Жиынды қорытындылай келе, сот төрағасы Әділ Бақытбекұлы медиация заңының тиімділігі мен мүмкіндіктерін тағы бір саралап өтті. Медиация заңын қолданудың мақсаты - бұл халықты сотқа жеткізбей-ақ, өзара бітімге келтіру, даулы мәселесін бітімгершілікпен шешу екенін назарға салды сот төрағасы.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.