Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
2016 жылдың 14 шілдесінде Көкпекті ауданында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі-лісінің депутаты Евгений Александрович Козлов іссапарда болды. Самар ауылдық округінің мәжіліс залында жергілікті мекеме мен ұжымдар, атқарушы орган, шаруа қожалықтары өкілдері, кәсіпкерлер, зейнеткерлер қатысқан жиын депутатпен кездесуге арналды. Мәжіліс депутатын аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова бастап жүрді.
Тұрғындармен әңгіме алдында Евгений Александрович өзі туралы қысқаша мәлімет берді. Өскемен қаласының байырғы тұрғыны, облыс орталығында 55 жыл тұрған. Соңғы үш айда Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутат болып сайлауына байланысты Астана қаласына қоныс аударған. Бұрын Е.Козлов құқық қорғау органдарында еңбек етті, қалалық және облыстық соттың судьясы болды. Евгений Александрович алтыншы шақырылымдағы Парламент депутаттарының үш айда атқарылған жұмысы туралы айтып өтті. Парламент Мәжілісінде 7 комитет құрылған, біздің қонағымыз заң және сот реформалары жөніндегі комитеттің мүшесі. Үш айда комитетте екі «үкімет» сағаты, дөңгелек үстелдер өткізілген. Парламент Мәжілісінің депутаты Қарағанды облысында, Теміртау қаласында болды, еліміздің 5 өңірін аралады.Бұл сапарлар барысында жергілікті полицияның тұрғындармен қарым-қатынасы нашар екені аталып өткен. Тұрғындар жаңадан құрылған полиция қызметі туралы білмейді, учаскелік инспекторларын көрмеген, олардың аты-жөндерінен де хабарсыз. Екінші «үкімет сағаты» сот орындаушыларына, юстиция министрінің есебіне, олардың «100 қадам ұлт жоспарын» орындау барысына, оның ішінде 27-қадам жеке сот орындаушылары институттарын әрі қарай дамытуға арналды. Кезең-кезеңімен мемлекеттік сот орындаушылары қызметін қысқарту қарастырылған.
Қазіргі күні жұмыс тобы «Жайылым туралы» заң жобасын дайындап жатыр, сондықтан депутат жиналған қауымға өздерінің пікірлерін жазбаша түрде беруді ұсынды. Евгений Александрович жиналғандардан кез-келген мәселе бойынша өз көзқарастарын білдіруді өтінді, ол пікірлер жазылып алынып, депутат Мәжілістің келесі сессиясында ұсыныс жасайтын болады.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжі-лісінің депутаты Парламент Мәжілісі мен Се-натының жұмысына қызығушылық білдірушілер пленарлық жиындарды ғаламтордан көруге болатынын айтты, онда барлығы ашық, жария түрде көрсетіледі.
Тақырып ең өзекті мәлелелер бойынша сауал қоюға көшкенде, самарлықтарды тоқтату мүмкін болмады. Тұрғындар әбден қайнауы жетілген мәселелерді көтерді, олардың қандай да мәселеге немқұрайлы қарамай, өз пікірлерімен санасуды қажет ететіндіктері қуантады, әсіресе олар өздері еңбек етіп жатқан жер мәселесіне келгенде, пікірлерін ескеруді талап ететіндерін білдірді. Жер Кодексіне енгізілген өзгерістерге мораторий жарияланса да, ауыл тұрғындары үшін ол ең өзекті мәселе болып қалмақ.
Мінберге шыққан аграршылар Е.Дюсупов пен З.Нұрпейісовтің пікірі бір жерден шықты. Олар депутаттардың халыққа жақын болып, олармен жиі кездесіп тұрғаны, жерді пайдалану мәселесіне жауапкершілікпен қарау қажеттігін айтты. Тендерлер, конкурстар өткізу заңнамалары өздерін ақтамайды, ол жең ұшымен жалғасу, парақорлықты туындатады. Сонымен бірге, Самар ауылында судың тапшылығы, жолдарды жөндеу, қант, бензин бағасының шарықтап кетуі, оларды ешкім бақыламайтыны да айтылды. Самарлықтарға көптен бері Халықтың банктің Күршім филиалының жағдайы ұнамай жүр, банк басшылығы ауыл тұрғындарына қызмет көрсету мәселесін қаперіне алмайтын болуы керек деді еңбек ардагері М.Өміров
«ЖҚБ-14» ЖШС қызметкері А.Калинин Мәжіліс депутатына қабылданатын заңнамалардың сапасына, олардың тиімділігне басты назар аудару қажеттігін, кейін қайта-қайта өзгеріс енгізілмейтіндей болуына мұқият болу қажеттігі туралы пікірін айтты, Жер кодексі сияқты болмасын деді ол.
Кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры Ә.Мұқашева ауылдағы шағын және орта бизнестің даму мәселесіне тоқталды. Оның айтуынша, «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы өзін-өзі ақтамады.Ол көптеген жаңа іс бастаған кәсіпкерлер үшін әлеуметтік емес, «құлдық» жобаға айналды.Шағын несие алған кәсіпкерлер мемлекетпен есеп айырыса алмайтын халде қалып отыр деп атап көрсетті ол.
«Мемлекеттік сатып алулар» туралы Заң бо-йынша колледж директоры Н.Исенов өз пікірін білдірді. «Мемлекеттік сатып алу бойынша барлық жағынан кемшін тұстар көп. Тендерді ең төмен баға тағайындайтындар ұтып алады, мысалы, азық-түлік бағасы, осыдан келіп, балабақшалар мен мектептердегі балалардың тамақтану сапасы өте төмен болады. Содан кейін айта кететін жай– малдәрігерлік саласындағы екпе егу мәселесі. Тендерді ұтып алушылардың қолында сапалы ветпрепарат сатып алатын қаржысы қайда, міне, осыдан келіп эпидзоожағдай ушығады және ол өзімен бірге талай келеңсіздкті тудырады», - деді Нұртас Нұрақымұлы.
Самарлықтарды бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан ескі ветбаклабораторияның жабылуы қатты алаңдатып отыр, ал салынып жатқан жаңа ғимараттың құрылыс жұмысы тоқтатылған. Бұл мәселені аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова өз бақылауына алды.
Кездесуді қорытындылай келе, Алмагүл Жанахметқызы мен Евгений Александрович жиналған қауымға барлық көтерілген мәселелер зерттеліп, тиісті орындарға жеткізіледі, олардың орындалуына бақылау күшейтіледі деп уәде берді.
Қанат АПСАДЫҚОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.