Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Көңілдерді толқытып, үміттерді үкілеген ҰБТ қорытындысы да белгілі болды. Аудан орталығында 2 маусым күні өткен сынақта түлектердің 11 жыл бойы алған білімдері таразыға түсті. Ұлттық Бірыңғай Тест тапсыруға, биыл біздің ауданнан 116 оқушы қатысты. Оның ішінде 86 түлек қазақ тілінде және 30 түлек орыс тілінде. Олар арнайы дайындалған пункте өз бақтарын сынады.
«Басты нәтиже - биылғы көрсеткіш былтырғыдан жақсы. Нақтырақ айтқанда осы жылғы түлектердің ортақ көрсеткіші 86,5 балды құрады. Бұл өткен жылдың қорытындысынан 2,7-ге жоғары. Бұл көрсеткіш «облыстың бірқатар өзге аудандарымен салыстырғанда да айтарлықтай жақсы», - дейді ауданымыздың бас педагогы Шолпан Мұстафинова.
Статистикаға сүйенсек, биыл Көкпекті ауданындағы 21 білім ордасының 183 оқушысы мектеп бітірді. Ал, білімнің сыналар сәті саналатын ҰБТ-ға солардың 116 қатысты. Яғни, 64 пайызы. Олардың ішіндегі 11 алтын белгіден үміткер еді. Хош, сонымен көп көңілін күпті еткен ұлттық сынақ маусымның екісі күні таңғы сағат сегізде басталды. Бітірушілердің бәсекесі, ата-ананың сабыры таусылатын сәт басталды. Тестілеу пунктінде жиналғандардың қарасы қалың болды. Олардың дені «Перзенті бәйгеге шапса, тақымын басатын ата-ана».
Айта кету керек, биылғы тест ауданда өт-кізілген бірінші сынақ емес. Сондықтан болар, ата-аналармен қатар түлектердің де дайындығы жақсы көрінді. Оған тесттің қорытындысы кезінде көз жетті.
- Тест Көкпекті орта мектебінің базасында арнайы жабдықталған №861 пункте өткізілді. Тест тапсыру пунктінен тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылу немесе нәтижесін жою сынды жағдайлар тіркелген жоқ. 4 кабинетте өткен сынақты Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің 7 өкілі жүргізді. Ербол Абдраманов төрағалық еткен Министрлік өкілдері ҰБТ өткізуге дайындық және тестілеу барысындағы ұйымдастырушылық жұмыстарына жоғары баға берді. Бұл аудан педагогтарының, ұйымдастыру алқасының, мемлекеттік комиссия мүшелеренің еңбегі, үлкен еңбегі. Негізі айта кетуіміз керек, біз балаларды 1 сыныптан қабылдап, сол 11 сыныпқа дейін жеткіземіз. Бізге ешкім дайын күйінде бала бермейді. Болашақ ұрпақты өзіміз тәрбиелеп, білім беріп, осындай дәрежеге жеткізіп жатырмыз. Ұстаз еңбегінің жемісі де осы, - дейді білім беру және дене шынықтыру бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы.
Ерасыл Отаров, «Алтын белгі» иегері:
- Өзіме артылған ұстаздардың және ата-анамның үмітін ақтағаныма өте ризамын. Барша ұстаздар қауымына шексіз ризашылығымызды білдіргім келеді. Келешекте осы мемлекетіміздің экономикасының, өндірісінің дамуына қолдан келгенінше үлес қосамын деген ойдамын, соған уәде беремін.
Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп түлегі 119 балл алып, «Алтын белгі» қорғады. Ал аудан бойынша ең жоғарғы балл алған Үлкенбөкен орта мектебінің түлегі Дина Тоқтарова. Оның көрсеткіші 121 балл. Ж.Болғамбаев атындағы орта мектептің тағы бір түлегі Құралай Мажибаева 118 балл алып, абыройымызды асырды. Амангелді орта мектебінің түлегі Жайнар Қабдыкәрім де «Алтын белгі» иегері атанды.
Өкінішке орай, «Алтын белгі» үміткері болған 11 түлектің төртеуі ғана атағын қорғай алды. Сондай-ақ, білім ордаларынан үздік көрсеткіш Үлкенбөкен, Амангелді, Ж.Болғанбаев атындағы, орта мектептерінің еншісінде. Ауданның 38 түлегі 100 боллдан жоғары көрсеткішке қол жеткізген. Сонымен бірге, қажетті 50 балл жинай алмаған 15 түлек жоғарғы оқу орындарының ақылы бөліміне түсу үшін қайтадан кешенді тест тапсыру құқығына ие. Тесттің аталмыш түріне қатысу бойынша жоғарғы оқу орындарының қабылдау комиссиялары тамыздың 1 және 8 аралығында жұмыс істейді. Сынақ 19 және 24 тамыз аралығында өткізіледі.
Ауданда ҰБТ өткізілу барысында бақылау қатаң болды, iшкi-сыртқы тәртiп сақталынды. Бiлiмдiнiң бағы жанды, бiлiмсiздiң салы суға кеттi деуге болады. Міне, осымен үміт пен күдікке толы ұлттық бірыңғай тестілеу де аяқталды. Нәтижесі, өздеріңіз көріп отырғандай, қуанышы мен өкініші қатар өрілген. Сондықтан келер жылдан үмітіміз жанып, сеніміміз ақталсын десек, олқы тұстардың орнын толтырып, кеткен кемшіліктерді саралап, осы бастан қамдануымыз қажет.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.