Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Жаздың алғашқы күніне сәйкес келетін мереке – Халықаралық балаларды қорғау күні. Бұл мерекені тек балалар ғана емес, олардың ата-аналары, аталары мен әжелері бірге атап өтеді. Самар ауылындағы орталық алаңға жиналған адамдардың ішінде бала саны жылдағыдан да көп болды. Мерекелік бағдарлама да алдыңғы жылдағыларын қайталамайтын, кереметтей тартымды, қызықты екен. Екі сайқымазақ, маймыл Микки, мысық Алиса және Буратино балалардың көңілін таба білді.
Балғын балалық шақ мерекесімен балаларды ауылдық округ әкімі А.Күдербаев құттықтады. «Жер бетінде бала күлкісі өшпесін. Сендер біздің еліміздің болашағысыңдар, мықты азамат болып өсіңдер. Сендер үшін бар жақсылық жасалады», - деді Ахмет Фазылұлы.
«Дәншік» балабақшасының тәрбиеленушілер, Бастауыш мектеп, Ж.Болғанбаев атындағы, №1 Самар орта мектебінің оқушылары қатысқан концерт жұрт көңілінен шықты. Алаңда тұрған көрермендер де олармен бірге би билеп, ән салды. Алиса, Микки, Буратино ұйымдастырған ойындарға қатысып, өздерінің ептіліктерін сынады. Барлық балаға сыйлықтар таратылды. Мектептердің тәлімгерлері ойындарды ұйымдастыруда өздерінің шеберліктерін көрсетті. Әр баланың бойында өнер бар, олар өздерін осы бағытта да сынап көрді. Асфальтқа сурет салуды ұйымдастырған шығармашылық үйінің жетекшісі Г.Штукерт балаларға тәттілер мен қалам, фломастер, түрлы ойыншықтар сыйлады.Бұл күні ешқай бала тәттісіз қалмады. Барлығы 500-ден астам балмұздақ таратылды. Спорттық модульде «Көңілді старттар» ойыны өткізіп, онда мектептердегі демалыс лагерьлерінде демалып жатқан балалар бақ сынасты. Мұнда да балаларға тәтті шоколадтар таратылды.
Ал Мәдениет үйінің екінші қабатында мүмкіндігі шектеулі балаларға арналып ойын-сауық ұйымдастырылды. Балалар әсем әуенмен би билеп, ән айтты. Өздерінің тәрбиешілерімен бірге түрлі сайыстарға қатысты. Арнайы қызмет көрсету орталығының ұйымдастыруымен өткен бұл мерекеег округ әкімі А.Күдербаев келіп, балаларды құттықтады. Бұл жерден әр бала сыйлықсыз қайтпады. Мереке есте қаларлықтай болды. «Әрқашан күн сөнбесін, аспаннан бұлт төнбесін» деген бала тілегі жасампаз болып, ешқашан өзінің мәнін жоғалтпайды.
Барлық шараны ұйымдастыруда ауылдық округ әкімшілігі, Мәдениет үйі қызметкерлері белсенділік танытты және осы мерекеге ауылдағы кәсіпкерлер демеуші болды. Бүгін әр баланың алғысы оларға арналады. Б.Сембинова, М.Жотабаева, "Қожас" дүкені (Г.Хамит, "Меркурий" (Г.Батпанова), «Жұлдыз» Н.Қасимова,«Көктем» (М.Кәкенова), «Тойбастар» (Г.Еңсебаева, Г.Аипова), «Самарчанка» (Л.Федорова), «Әсел» (А.Тұрақпаева), «Томирис» (Б.Кезеңбаева), «Қайнар» (А.Биқатова), «Мирас» (Ғ.Жоңқабаева), «Волна» (Ә.Қарабаева) және Базар алаңында орналасқан барлық кәсіпкер апайлары мен ағаларына балалар мен олардың ата-аналары зор алғыстарын білдіреді. Қашанда дендеріңіз сау болып, кәсіптеріңіз өрлей берсін!
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.