Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
20 мамыр күні Көкпекті ауданына жұмыс сапарымен келген Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Депар-таментінің басшысының әдеп жөніндегі кеңесшісі Т.Қ.Жұмағұлов семинар өткізді.
Семинарға аудандық мәслихат депутаттары, мемлекеттік қызметттер, құқық қорғау орган-дарының өкілдері қатысты. Кеңес барысында, Тоқтамыс Қодашұлы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы талдау жұмыстары және сыбайлас жемқорлықты болдырмаудың жолдарын тілге тиек етті.
- Мемлекеттік қызмет істері Министрлігінің негізгі қызметі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу. Өздеріңізге белгілі 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі» және «Этика заңы» күшіне енген болатын. Ал, ағымдағы жылдың екінші жартыжылдығында мемлекеттік қызметкерлдерді іріктеу байқауы екі кезең бойынша өтеді. Бірінші ішкі және жалпы байқау түрі. Бұл байқауға тек мемлекеттік органдар мен азаматтар қатыса алады. Бұл мемлекеттік қызметкерлерді мобильдік құрамды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Өңір-лердің пікірлерін ескере отырып, біліктілік талаптары бойынша оларға өзгерістер енгізу үшін Министрлікке жіберетін боламыз, деп қадап айтты Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері жөніндегі Депатамент басшысы.
Бұдан әрі Тоқтамыс Қодашұлы, мемлекеттік қызмет көрсету жұмысының сапасы қандай еке-нін айтты. Көптеген азаматтар өз құқықтарын білмейді және заң бұзылса ол алдын-ала талдау нәтижесінде ғана анықталады.
11 сәуірден бастап Мемлекеттік Кірістер Корпарациясы жанынан «Азаматтарға арналған Үкімет» құрылған болатын, ол мемлекеттік қыз-меткерлердің негізі болуы керек. Сондай-ақ, бұл органның жұмысы тікелей Қазақстан Рес-публикасының Департамент Министрлігіне байланысты. «Арыз, шағым және азаматтардың өтініштерін қарауды ерекше бақылауға алуды Департаменттің бірінші жетекшісі басты назарда ұстауда. Мемлекеттік қызметкерлердің этикалық нормаларды сақтамау фактілері кейбір аймақтарда жиі кездеседі.
Кездесу соңында Көкпекті ауданының әкімі Р.Н.Сағындықов және Қазақстан Респу-бликасының мемлекеттік қызмет істері Ми-нистрлігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің басшысының әдеп жөніндегі кеңесшісі Т.Қ.Жұмағұлов арасында жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша «Көкпекті ауданы аумағында сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ!» атты меморандумға қол қойылды.
Осы келісімнің басты міндеті, сыбайлас жем-қорлықтың алдын алу және жоюда бірлесе күш салуды нығайту, аудан аумағында мемлекеттік қызметтердің жұмыс жүйесін көрсету болып табылады.
Түскі астан кейін Көкпекті орта мектебінің акт залында мағаналы семинар дөңгелек үстел басында жалғасты. Дөңгелек үстел барысында, Департаменттің басшысы мемлекеттік қызмет істері жөнінде және мемлекеттік қызметкерлерге көңіл бөлудегі бірқатар мәселелерге тоқталды. Ол мемлекеттік қызметкердің әдебіі, яғни жүрісі, тұрысы сөйлеу мәнері, білімі, тәрбиелі, патриоттық сезімдегі жалында жастардың болуы. Сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгеруге аса көңіл бөлінді. Әр мемлекеттік қызметкерлер мем-лекеттік тілді меңгеруі тиіс.
Дөңгелек үстел барысында қатысысушылар тек қана мемлекеттік қызметкерлер емес, кез-келген азамат сыбайлас жемқорлыққа жол бермей, оның алдын алуына ат салысуы керек деген пікірмен тарқасты.
Департамент басшысы тарапынан мемлекеттік қызметкерлерге бірқатар кепілдемелер мен ұсыныстар берілді.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.