Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
2016 жылдың 4 мамырында Самар ауылында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты И.С.Унжакова болып, аудан активімен кездесу өткізді.
Аудан әкімі Р.Сағандықов жиналған қауым атынан Ирина Сергеевнаны ҚР Парламентінің төменгі Палатасына біздің облыс сайлаушылары атынан депутат болып сайлануымен құттықтап, еңбегіне табыс тіледі.
И.С.Унжакованың бұл кездесуге келудегі мақсаты – ел өңірлерінде қате пікірде қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа жер Кодексін түсіндіру болды.
Кездесу барысында депутат өзгерістер енгізіліген Жер кодексін Елбасы Н.Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт бағдарламасына сүйене отырып слайдтармен көрсетті. Мысалы, 35-қадам – «Ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу. Жер Кодексіне және басқа да Заң актілеріне өзгерістер енгізу», 97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы азаматтардың шешімдер қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейту. Мемлекетке тән емес қызметтерді бәсекелестік ортаға және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі», - делінген.
Жиналғандардың назарын осы құжаттарға аудара отырып, Ирина Сергеевна халыққа кең ауқымда тарауға тиіс ең басты пікірді атап өтті - ол жерді тек қазақстандықтардың, еліміздің бас-ты байлығы - адамдарының сатып алуын ынталандыруға бағытталатын жұмыс.
– Таяу болашақта, бүкіләлемдік қауымдастық азық-түлік тапшылығы қауіпсіздігі мәселесімен тоқайласатын болады, сондықтан да біз бұған дайын болып, өзіміздің қорларымыз бен ресурстарымызды дайындауға тиіспіз, - деп атап өтті Ирина Сергеевна. Әрі қарай депутат Жер Кодексінің сандық статистикасын бейнелейтін слайдтарды көрсете отырып, жер қатынастарын реформалау мен себептерін, аукционға, конкурсқа қатысу және басқа да мәселелерге тоқталды.
Өзара сұхбат әрі қарай жер сатып алу жөніндегі мәселені қызу талқылауға алмасты. Аудан аграрийлері атынан сөз алған Е.Дүсіпов («Дүсіпов» ШҚ) ауылшаруашылығы құрылымдары мемлекеттен жер сатып алуға дайын емес, өйткені оларда қаражат жоқ деді. «Шаруалар «қысқа жіп күрмеуге келмейді» деген сыңайда өмір сүріп отыр, өйткені, техника, қосалқы бөлшектер, ЖЖМ күн өткен сайын қымбаттап барады, ал дәнді дақылдар мен майлы дақылдардың түсімін сатып алу бағасы бірнеше жыл бойы көтерліген емес», - деді Ержан Қабдығалиұлы.
Аудандық Кәсіпкерлік палатасы филиалының директоры Ә.Мұқашева жаңа заңнамада айтылмаған жеңілдікпен несиелеу мәселесін көтерді. Ауылдық округ ардагерлер кеңесінің төрағасы А.Садықов жергілікті атқарушы биліктің тұрғындар арасында жер қатынастарын реформалау жөнінде түсіндіру жұмыстарын өте сылбыр жүргізіп отырғанын, оны тез арада жандандыру қажеттігін айтты.
Ауылдықтардың осы кездесу барысында көтерген барлық мәселелері мен ескертулерін депутат И.Унжакова бақылауға алып, кездесу қорытындысында туындаған мәселелердің жүзеге асуына ықпал етуге уәде берді.
Қанат АПСАДЫҚОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.