Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Шұғылбай ауылдық округ аумағында бір ЖШС және 30 шаруа қожалығы, 5 жеке кәсіпкер жұмыс істейді. «Егін ексең тыңға, шықтым дей бер шыңға» демекші, округте егін егіп, мал бағып өз шаруасын дөңгелентіп отырған кәсіпкерлер тұрғылықты жердің экономикалық-әлеуметтік, мәдени және өзге де саласына баса мән беріп, әрдайым қолдау көрсетіп келеді. Сондай-ақ округте мал шаруашылығын кәсіп етіп, нәпақасын тауып отырғандар да жетерлік. Бүгінде қорасын малға толтырып, несібесін молайтып отырған шаруа қожалықтар саны Шұғылбай ауылдық округінде артып келеді. Солардың бірі, «Мейірбек» шаруа қожалығы. Шұғылбай ауылының тұрғыны Қадырбек Тоқтаров – өзін елге тек жақсы қырынан таныта білген жан. Ол әке жолын қуып, егіншілік кәсіппен айналысып келеді. Бүгінгі таңда баласы әкеден мұраға қалған осы бір кәсіпті абыроймен жалғастырып отыр.
Отбасылық қожалық 1999 жылы құрылған, 212 гектар егістік жері бар, 100 ден аса ірі қара малын өсіріп отыр. «Мейірбек» шаруа қожалығы ағайынды Қадырбек пен Жанарбектің ерен еңбектің, береке-бірліктің арқасында өз жемісін беріп отыр. Кезінде әкелері Кеңес Тоқтаров совхоздың үздік механизаторы болса, аталары Қабылғазы Тоқтаров атақты малшысы болған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасын тауып келе жатқан отбасында еңбекке деген құрмет, құлшыныс қалыптасқан дәстүр. Қожалықта 3 трактор, 1 комбайн, басқа да ауыл шаруашылық техникалары бар.
– Біз еңбек адамымыз. Ал еңбек адамына ебі келетін жұмыспен айналысу аса маңызды. Отбасыммен еңбек еткенді ұнатамыз, – деді Қыдырбек қоғам үшін тұрақтылықтың қаншалықты маңызды екеніне тоқталып. «Еліміздегі тыныштықтың арқасында болашаққа сеніммен қарайтынымыз шындық. Осының арқасында кәсібімді кеңейтіп, жұмысты жаңғырту үшін болашаққа жоспар жасаймын, қаржы шығарып, жаңа техника сатып аламын. Мемлекетіміз де біздей еңбексүйгіш адамдарға зор қолдау танытуда. Техника алуға, егінге, жанармайға субсидия, несие береді. Бұл ауылдағы шағын шаруа қожалықтары үшін зор көмек екенін сөзбен жеткізу мүмкін емес», – дейді ол. Кәсібінің нәсібін көріп, қолдау танытып жатқан мемлекеттің дамуына Қыдырбек те өз үлесін қосуға әзір. Округ аумағы бойынша өтетін барлық әлеуметтік, қоғамдық шараларға белсене қатысады. Әлеуметтік жағынан көмек қолын созып, олардың қамқоршыларына айналды. «Оң қолыңның бергенін сол қолың білмесін»,-деген қағидатты ұстанатын кәсіпкер жасаған жақсылығын айтып, жар салмайды. Міндеті санайды. Себебі, ол – өз елінің, шағын ауылының жанашыр патриоты.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.