Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Ұлы Жеңіске – 71 жыл. Осы мерекеге арналған шарада ерлік дастанына айналған батыр ата-бабаларымыздың рухына тағзым етіліп, арамызда жүрген асыл ардагерлерімізге құрмет көрсетілді. Әдеттегідей, биыл да көкпектіліктер Жеңіс мерекесін барлық сән-салтанатымен атап өтті.
Аудан орталығында 9 мамырда Ұлы Жеңістің 71 жыл толуына орай салтанатты шеру болып өтті. Ұлы Жеңіс мерекесіне ауылдық округ әкімшілігі, аудандық маслихат, аудан орталығындағы барлық мекемелер, сондай-ақ Көкпекті және Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектеп, «Шуақты шұғыла» және «Балерке» балабақша қызметкерлері мен ауыл тұрғындары Жеңіс саябағына сап түзеп, 1941-1945 жылдары Ұлы Отан соғысында қаза болған жауынгерлердің ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Гүл шоғын қою рәсімінен кейін жиналған қауым бейбітшілік пен өз елінің ертеңі үшін кеудесін отқа тосып, сұрапыл соғыста қаза болғандарды бір минут үнсіздікпен еске алды. Жеңіс саябағында Жеңістің 71 жылдығына арналған, салтанатты жиын болып өтті. Жиын еліміздің әнұранымен ашылды.
Ұлы Отан соғысы жылдары жеңіске жетуімізге тыл ардагерлері де молынан септігін тигізді. Отты жылдарда “Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін!” деген ұранмен еңбек еткендердің ерлік істері ұмытылмақ емес. Олар да атаулы күнде тағы бір қауышып, өткен күнді көзге жас ала еске түсірді. Мереке иелерінің әрбірінің кеудесінде түрлі түсті төсбелгілер мен медальдар жарқырайды.
Салтанатты жиында аудандық Қорғаныс істер жөніндегі бөлім бастығының орынбасары капитан Д.Дужанов және аудан әкімінің орынбасары К.Смаилова құттықтау сөз сөйлеп, сұрапыл соғыс кезінде қазақ даласы қандай көмекпен қолдау көрсеткенін, қарыштап дамып келе жатқан мемлекетіміздің барша жетістіктері соғыс өртін өшірген аталарымыз бен аналарымыздың еңбегі арқасында екендігін тебірене айтып өтті, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің атынан берілген ақшалай сертификатты соғыс ардагерлеріне табыстады. Құттықтау сөз кезегін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Мұқашев жалғастырды.
- Қаһарлы үні, қанды ізі бүгінге дейін сезіліп тұрған, халық есінде мәңгілікке сақталып қалған Ұлы Отан соғысының біздің әділет сүйгіш, бірлікшіл, ержүрек халқымыз үшін Ұлы Жеңіспен аяқталғанына да, міне, 71 жыл толды. Отан үшін от кешіп, ұлы сүргіннің қақ ортасында болған, соғыстың барлық қасірет-қайғысы мен қорқынышын көзбен көріп, бастан кешкен адамдар арамыздан жыл санап сиреп келеді Сіздердің ерліктеріңіз, сіздердің патриотизмдеріңіз бүгінгі күні Республиканы өркендету жолында тарихи міндеттер атқарып жатқандар үшін үлгі-өнеге болып табылады. Ауданның ардагерлер кеңесінің атынан сіздерге ерліктеріңіз үшін шын жүректен алғыс айтамыз. Сіздерге бақыт, зор денсаулық, молшылық және бейбітшілік, ашық аспан тілейміз. Жеңіс күні құтты болсын!», - деп жылы лебізін білдірді. Соғысқа қатысқандардың бірі Нұрмұхамед Ақшалов: «Қазақстандық әр отбасы соғыс ауыртпалығын өз басынан өткерді. Жас болсақ та, туған елден алыстап, қан майданға аттандық. Қаншама бауырларымыз қыршынынан қиылды. Бүгінгі ұрпақ елде орнаған бейбітшілікті көздің қарашығындай сақтаулары керек. Балаларымыз бен немерелеріміз біз көрген қиыншылықтардан аман болсын!», – деді ардагер ақ ниетпен.
Салтанатты жиын соңында аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары мерекелік концерт қойды. Концерттің шымылдығын, республикалық «Шоқ жұлдыз» байқауының жеңімпазы Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің оқушысы Бақдаулет Мұрат «Алға, елдің ұланы!» әнін орындағанда жұртшылық жас өнерпазды қолпаштады. Мереке алаңда ардагерлермен фотосуретке түсумен жалғасын тапты.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.