Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биылғы қыс қарлы болғанымен Көкпектіге көктем ерте келді. Наурыздың аяғына қарай Табиғат-Ана оянып, қыстың қалың қары еріп, көктем күшіне енді. Күнтізбеде сәуір айының басы болғанымен, аудан орталығының көше-лерінде алғашқы сенбіліктер легі басталып кеткен еді. Ай басынан бері атқарылған жұмыстың нәтижесі де көзге көріне бастады. Дегенмен, көкпектіліктердің туған ауылды абаттандыру жолындағы алғашқы «қадамдарын» сол қарқынмен жалғап әкетуі маңызды болып тұр. Сөзімізге 15 сәуірде өткен жалпыхалықтық сенбілік дәлел.


- Жұма күні өткізілген сенбілік туралы ақпарат бір күн бұрын барлық мекеме және кәсіпорын басшыларына жеткізілді. Тіпті, ауыл тұрғындарына да қосымша хабарлама жасадық. Бұл күні ауылдың негізгі жолдарындағы 7 көшеге күш салдық. Көкпектіде орналасқан 61 мекеме мен ұйым ұжымдары жұмыс күшіне орай әрбір учаскеге бөлінді. Нәтиже жаман емес. Сенбілікке шыққан азаматтардың еңбегімен бұл күні 17 тонна қоқыс шығарылды. Бірақ, атқарылар жұмыс әлі жеткілікті. Әрбір тұрғын үйдің иесі тарапынан түсіністік пен жауапкершілік болғанда ғана ауылдың ажарын аша аламыз. Алдағы сенбіліліктерде әлеуметтік маңызды нысандарға күш жұмылдырамыз, - дейді ауылдық округ әкімінің міндетін атқарушы Қанат Мұқышев.
Ауданда өтіп жатқан жаппай тазалық айлығына қосқан мекеме және ұйымдар үлесі осындай. Әр сенбі сайын аудан орталығындағы мекеме қызметкерлерінен жасақталған топ ауылдың әр аумағын бөліп алып, тазалық жұмыстарын жүргізеді. Ал, жеке тұрғындар мен кәсіпкерлер тарапынан қозғалыс байқалмайды. Алдын ала айтылып, ескертілсе де өздеріне тиесілі аумақты тазалап, үйі немесе дүкенінің сыртқы бетін ретке келтіруге асығар емес. Ауыл тұрғындарының басым бөлігі әлі де аула сыртына мал тезектерін, сабандарды үйіп қоюда. Мұндай жағдай кейбір кәсіпкерлер тарапынан да кездеседі. Олар нысан айналасын тазаламақ түгілі дүкендер мен дәмханалардан шыққан қорап, шөлмек сияқты қалдықтарды ауыл шетіне, қалаға баратын жол бойына тастап кетуді әдетке айналдырған. Олардың бұл әрекеттерін туған ауылға деген құрметтің жоқтығымен түсіндірсек, артық кетпеспіз.
Бұл жағдай «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы тарапынан ескерусіз қалмады. 21 сәуір күні филиал төрағасының бірінші орынбасары Гүлбаран Ақшабаеваның басшылығымен құрамына уаскелік полиция инспекторы А.Оспанов, тұтынушылар құқығын қорғау басқармасының басшысы Гүлмира Абдрасулова, мәслихат депутаты Д.Дюсембаев кірген топ кәсіпкерлік нысандарына рейд жүргізді. Жұмыс тобының ақпараты бойынша рейд барысында белгілі болғандай, ауыл көшелерінде қоқыс үйінділері толық тазартылмаған, ал кейбір кәсіпкерлік нысандары өздеріне тиесілі аумақты тазалау жұмыстарын әлі де қолға алмаған.
Ауылдық округтің учаскелік инспекторы А.Ос-пановтың айтуынша, ауылдағы барлық дүкен иелеріне далаға қоқыс жәшігін қою туралы ес-керту жасалған. Алайда, бұл ескертуге құлақ асып, дүкеннің айналдасын таза ұстауға ниет білдіргендер некен-саяқ екен. Тіпті, ауылды аралай келе, дүкендердің тек бірен-саранында ғана қоқыс жәшігі қойылғанына көзіміз жетті. Көбінесе ауыл дүкендерінде қоқыс жәшігі мүлде жоқ немесе дүкеннің сиқын бұзып тұрған ескі шелектер мен қағаз жәшіктер ғана қойылған екен. Әрине, тұтынушының қамын ойлаған кәсіпкер мұндай әрекетке жол бермесі анық.
Биғаш ауылына апаратын жол бойында «емін-еркін жайғасқан» қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының жағдайы енді бір бөлек әңгіме. Санитарлық талаптарға сәйкес қоқыс полигоны елді мекеннен үш шақырымдай алыс орналасуы тиіс. Алайда, біз көріп жүрген қоқыс төгу орны бұл талаптардың өрескел бұзылып жатқандығын анық байқатады. Біраз уақытта Биғаш ауылына апаратын күре жолдың қоқыс қалдығынан жабылып қалу қаупі шын төніп тұр. Жолдың үстін күл төкпеге айналдырған бөтен ешкім де емес, ол осы өзіміздің жерлестер. Бей-берекет төгіліп, оңды-солды шашылған қоқыс қалдықтары желдің айдауымен аудан орталығындағы екі мектеп ауласын толтырып жатыр. Ол мектепте біздің балаларымыз білім алуда! Ойланайық!
Биғаш ауылына апаратын жолдың жартысын жауып тастаған қоқыс қалдығы мен малдың қиын ауылдық округ әкімшілігі мен тұрғын үй коммуналды шаруашылығы, құрылыс, жолаушылар тасымалы және автокөлік жолдары бөлімінің басшысы көрмей жүр ме? Көріп жүрсе бұл мәселені бейжай қалдыратындай, олардың құзырындағы сұрақ емес пе? Сонда көкпектіліктер үйіп қойған қоқысты Биғаш ауылының тұрғындары келіп тазалап кеткенін тосып отыра береміз бе?
Ауылына қарап азаматын таны. Сондықтан көкірегі ояу, көзі ашық адамдар көктемнің алғашқы күнінен бастап үйінің айналасын, өзі тұрып жатқан көше бойын тазалап, елді-мекеннің санитарлық тазалығына әрқашан бас-көз болып жүруі абзал. Ауыл тазалығы баршаға ортақ, сондықтан әр тұрғын осыны қаперіне алып, айналасын таза ұстаса, ауыл ажарына көрік қосылып, жайнай түсетіні анық. Сондықтан барша тұрғындарды тазалық айлығына атсалысуға шақырамыз.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
        1 2 3
4 5 6 7 8 9 10
11 12 13 14 15 16 17
18 19 20 21 22 23 24
26 27 28 29 30  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз