Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
2016 жылдың 20 наурызы. Қазақстан халқының Тәуелсіздігі жылнамасында тағы бір саяси айтулы оқиға орын алды. Таңғы 7.00-де сайлау учаскелеріне жиналған сайлау комиссиясының мүшелері, ал-ғашқы болып дауыс беруге асыққан белсенді азаматтар Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранын салтанатты орындап, саяси науқанды ашық деп жариялады.
Жалпы Көкпекті ауданы бойынша дауыс берушілер саны 20350 адам, 98,44% құрады. Әсіресе, белсенділік танытқан Қарағандыкөл, Егінбұлақ, Үлкенбөкен, Өрнек, Милетополь, Песчанка сайлау учаскелерінің тұрғындарын атап өту керек. Бұл күні таңертең ертемен аудан орталығындағы үш дауыс беру учаскесінде де көңілді музыка әуені естіліп, тұрғындар тезірек өз таңдауларын жасауға асыға басып, тиісті орындарға ағыла бастағаны көрер көзге аян. Атап айтқанда, №784 Заречный сайлау учаскесінде ең бірінші дауыс берген азаматтар - Ұлы Отан соғысы ардагері Илья Бирюков, Өрт сөндіру бөлімінің қызметкері Мәди Назарханов және 18 жасқа жаңа толып, бірінші рет дауыс беру мүмкіндігіне ие болған Балжан Болатоваға сыйлықтар табысталды.
Ал, Самар ауылындағы №10 Абай сайлау округіндегі №820 сайлау учаскесі комиссиясының төрағасы Н.Саңқайбаев комиссия мүшелерін, сайлаушылар мен бақылаушыларды және се-німді тұлғаларды айтулы күнмен құттықтап, сәттілік тіледі. Дауыс беру басталар алдында жиналғандарды Көкпекті ауданының құрметті азаматы Б.Қожамбетов, ауылдың сыйлы ақсақалы Қ.Әжіқанов құттықтады. Сөз алған сайлаушылар ауылдастарын осы айтулы күнмен құттықтап, болашақ үшін дауыс беруде белсенділік танытуға үндеді. Ең алғашқы бюллетеньдер дауыс беру жәшігіне салынып, сайлау басталды.
Күннің ертелігіне қарамастан, адамдар ағылып келе бастады. Айналасы бір-екі сағаттың ішінде сайлау учаскесіндегі тізімдегі 1700-ден астам дауыс берушінің 40-50 пайызы келіп үлгерді. Топ-топ болып, бүкіл отбасыларымен келіп жатқан адамдардың жарқын жүзінен мерекелік көңіл-күй лебі есіп тұрды. Сайлаушылар үшін сауда ұйымдастырылып, фойеде көркемөнерпаздар концерті ұсынылды. Дауыс беріп болғаннан соң да адамдар тарқай қоймай, әсем әуен тыңдап, би тамашалап, демалды.
Сайлаушылардың айтулы саяси оқиға туралы пікірлері:
Батиха Сүйіндікова, зейнеткер, Көкпекті ауылы:
- Бүгінгі тарихи жағынан аса маңызды күні, яғни еліміздің кемел келешегі үшін таңдау жасайтын саяси науқанда әрбір қазақстандық дауыс беруі, белсенділік танытуы тиіс. Бүгін сайлауға келіп, балаларымның, немерелерімнің жарқын болашағы үшін өз дауысымды «Нұр Отан» партиясы үшін бердім. Өйткені, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың партиясы, халықтың мұң-мұқтажына құлақ асатын, оның әлеуметтік және экономикалық жағдайына шынайы қамқорлық көрсетіп, қол ұшын ұсына алатын партия «Нұр Отан» деп білемін.
Қалкен Ұлтарақов, зейнеткер, тыл ардагері:
- Биылғы Қазақстан Республикасы Парламентінің мәслихатына депутаттарды сайлау науқаны дағда-рыс кезеңін ескеріп, мерзімінен бұрын өткізілуі құп-тарлық жайт. Халық қалаулыларын ұсына отыра біз мемлекетіміздің дамуына жаңа серпін беретін келесі толқынды таңдап, халқымыздың тыныштық пен татулықта, береке-бірлікте өмір сүруіне жағдай жасайтынымызды түсінеміз. Сол үшін де біз жұбайымыз екеуміз «Нұр Отан» партиясына дауысымызды бердік.
Балжан Болатова, Семей қаласы Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университетінің 1 курс студенті:
- Мен биыл тұңғыш рет сайлауға қатысудамын. Менің ойымша, әр қазақстандық өз дауысын Қазақстанның болашағын ойлайтын үміткерге беруге тиіс. Сайлау өткізу саясатының негізі, міне осында деп ойлаймын. Сонымен қатар, маған алғаш сайлауға дауыс беруші ретінде, берілген ескерткіш сыйлықтың өзі көңіліме қуаныш ұялатты. Сөз соңында, өзімнің еліме және Елбасымызға, болашақ жастарға көңіл бөлгені үшін ризашылығым шексіз.
Күлбаян Сыздықова, зейнеткер:
- Өзім зейнеткер болсам да, ешқашан да елімізде болып жатқан сайлауға қалыспай қатысып, дауыс беріп тұрамын. Осындай еліміздің тағдыры үшін маңызды науқан ешкімді де бейтарап қалдыра алмайтыны рас. Сайлау учаскесіне мерекеге жиналғандай болып, қуана келемін. Себебі, ұрпақтарымыздың тұрмыс-жағдайы қалыпты болғаны бізге де жақсы.
Қали қажы Әжіқанов, ауыл тұрғыны:
- Егемен еліміздегі ұлтаралық, конфессияаралық, дінаралық татулық нығая берсін деп дауыс бердік. Түрлі арандатушылардың жолын кесіп, еліміздегі айрандай ұйып отырған тыныштық ұзағынан болсын деп тілейміз. Бүгінгі күні дауыс берудегі көздеп отырған мақсатымыз да сол. Менің үлкен немерем бүгін алғаш рет дауыс беруге кетті, оған да сәттілік тілеп, өз қалауын жасау құқын дұрыс пайдалана біл деген батамды бердім.
Күлзәш Рүстемова, зейнеткер:
- Осы жасыма келгенше талай сайлауда дауыс бердік. Бірақ, бұл жолғы сайлау ерекше болып тұр. Біз бүкіл ел болып, еліміздің дағдарыс кезеңіндегі тірлігінің жеңілдеп, қиындықтан бірге, білек сыбана еңбек ету арқылы ғана өте алатынымызды ойлап дауыс берудеміз. Қай уақытта болсын бірлік барлығынан үстем болған, сондықтан да біз бірлік пен береке үшін дауыс бердік.
Баймұхамбет Шайхиев, ауылдық округ ақса-қалдар алқасының мүшесі:
- Біз осындай сайлау арқылы өзіміздің Көш-басшымызға таңдау жасап, сайлаған болатынбыз. Енді міне, сол Елбасымыздың алға қойып отырған мақсаттарын жүзеге асыру үшін, болашағымыз үшін бір кісідей дауыс беруге тырысып жатырмыз. Менің ауылдастарым бұл жағынан белсенділік танытары сөзсіз. Таң атқалы жасы да, кәрісі де сайлау учаскелеріне топ-топ болып ағылып жатыр, ендеше олар ел болашағына немқұрайлы қарамайды деген сөз, мен оларға ризамын.
Бағиза Демегенова, мұғалім:
- Еліміздегі аса ірі саяси науқан Әз Наурыз мере-кесімен тұспа-тұс келіп отыр. Наурыз жаңару мерекесі болса, сайлауда да біз өзіміздің халық қалаулыларын жаңартып, тың күшті қатарға қосу үшін дауыс бердік. Жерлестерімнің дұрыс таңдау жасап, болашаққа зор үмітпен қарайтындарына сенімдімін.
Клара НҰРПЕЙІСОВА,
Клара КАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.