Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Үстіміздегі жылдың 10 наурызында Көкпекті ауданының мәдениет үйінде Өскемен қаласынан келген Қазақстан Рес-публикасы Парламентінің Мәжілісі депутаттығына үміткер И.С.Унжакованың аудан тұрғындарымен кездесуі өтті.
Көкпекті ауданының сайлауалды штабының төрағасы Слямбек Насырбайұлы Мұқашевтің кіріспе сөзінде ауданға ат басын тіреген Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісі депутаттығына үміткер И.С.Унжакованы таныстыра келе, жиынның күн тәртібін хабарлап өтті. Мәжіліс депутаттығына үміткер Ирина Сергеевна өзі және отбасы туралы мәліметті мемлекеттік тілде жеткізіп, алдағы уақытта өтетін кездесулерде міндетті түрде қазақ тілінде көбірек сөйлеуге уәде берді. ҚР Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидат Ирина Сергеевна «Қазақстан-2021. Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» атты сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Ол «Нұр Отан» партиясының ұзақмерзімді жоспарларына, «Ұлт жос-пары – 100 нақты қадам» 5 институционалдық реформаларына толығымен тоқталып, мемлекеттік қызметкердің кәсібилігіне, оның елге деген сүйіспеншілігі, патриоттығы, азаматтардың құқықтарын қорғай білуі туралы мәселелерге тоқталып, халыққа қызмет көрсетуге әрқашан дайын болуымыз керек деп көрсетті. Құқықтық реформаға тоқталғанда заң алдында барлығының бірдей екенін де айтып, қазіргі күні сот жұмысында электрондық сот үдерістері жүзеге асырылып, онлайн режімінде өткізілуінің өзі сот істерінің әділдігіне әкеле жатқанын атап өтті. ХҚКО-нан бір терезеден құжат алуға мүмкіндігінің жемқорлыққа тосқауыл болатыны туралы әңгіме қозғады.
Сондай-ақ, экономикалық-индустриялық дамудағы жаңғыру-лардың дағдарыс кезеңіндегі серпіні, ауылдық елді мекендерде шағын және орта бизнесті дамытуға көп көңіл бөлінетінін, бөлінген қаржыны орнымен жұмсау, қазіргі таңда нәзік жандылардың бизнеске тартылуының басымдыққа ие болып келе жатқанын тілге тиек етті. Техникалық саладағы жұмысшы кәсіптеріне оң көзқарасын білдіріп, жастарды ауылда еңбек етуге бет бұрғызудың маңыздылығына тоқталды.
5 институционалдық реформалардың әрбір бағытына тоқталып, Мәңгілік Елді құруға барлығымыз күш біріктіріп, ел экономикасын, халықтың әлеуметтік тұрмыс-жағдайын жақсартуға қол жеткізу өз қолымызда екенін айтты. «Нұр Отан» партиясының бағдарламасы мемлекетіміздің жан-жақты даму жоспарларын қолдайтынына тоқтала келе, сайлау күні халықты дұрыс таңдау жасай білуге шақырды.
Жиын соңында И.С.Унжакова тұрғындармен ашық әңгіме алаңын құрып, қойылған сұрақтарға жауап берді.
Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне депутаттыққа кандидат И.С.Унжакова бұл күні өзінің сайлауалды бағдарламасымен Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округ тұрғындары, Көкжайық, Үлгілімалшы, Тассай ауылдары тұрғындары алдында баяндама жасады.
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.