Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Аяулы аналар, қымбатты арулар!
Сіздерді Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз. Осы бір тамаша көктем мерекесі әйелге тән әдемілік пен нәзіктіктің мәңгі белгісі сияқты.
Біздің қазіргі қоғамымызда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Сондықтан біздің елімізде әйел адамның әлеуметтік қорғалуына, олардың өмір сүру деңгейін арттыруға айрықша маңыз беріледі. Бүгінгі күні Қазақстан әйелдері – тек отбасында ошақ ұйытқысы емес, сонымен бірге игілік пен бейбітшілікті, тыныштық пен тәртіпті мүдде еткен елімізде болып жатқан игі өзгерістерге белсене қатысушы тұлға. Сіздерде әлемге жаңа өмір беретін қасиетті қабілет те бар, жаңа ұрпаққа адамгершіліктің рухани құндылықтарын дарытатын да сіздерсіздер. Отбасындағы бала тәрбиесінде, қиын кәсіби міндеттерді шешуде, жылылық пен келісушілікті, қоғамда бейбітшілік пен тыныштықты қолдауда сіздердің орындарыңыз ерекше.
Ана мен бала қамқорлығы, демографиялық жағдай мен халықтың әл-ауқатын жақсарту мәселелері Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бақылауында. Қазақстан бала мен әйел, отбасы мәселелері жөніндегі халықаралық келісімдерді іске асыруға белсенді қатысады. Сонымен қатар, біздің ел әйелдерге қатысты кемсітудің барлық түрлерін жою бойынша БҰҰ Халықаралық Конфессиясына қосылды. Ел Президенті жанында Отбасы және гендерлік саясат істері бо-йынша ұлттық комиссия жұмыс істейді. Ол саясатта, экономикада, білімде, отбасында, денсаулықты қорғау мәселелерінде әйелдер теңдігіне қол жеткізуге септігін тигізеді. Тәуелсіздік жылдары ішінде әйелдердің азаматтық белсенділігі мен олардың қоғамдық өмірдегі рөлі артты.
Бүгінгі күні әйелдер тек отбасы, ошақ қасында ғана емес, сан алуан өзгерістердің белсенді қатысушылары. Бұл мемлекеттің демографиялық негіздерінің нығаюы, әйелдердің теңдігі іс жүзінде мойындалуы. Әйелдерге өздерінің шығармашылық мүмкіндіктерін ашып, өздерін жетілдіру үшін жағдай жасалуда. Қазақстан әйелдері, оның ішінде біздің ауданда да үлкен істер атқарып аянбай еңбек етіп жүрген талапты да бастамшыл әйелдер жетерлік. Біздің мейірімді әйелдер өмірімізді жарқын да жарық етіп қоймай, ауданның барлық өндіріс салаларында атап айтқанда дәрігерлер, мұғалімдер, құрылысшылар, инженерлер, жұмысшылар, мал және егін шаруашылығындағы қызметкерлер қоғамдағы ұлтаралық келісім мен тұрақтылықты дамытуға өз үлестерін қосып, елді жарқын болашаққа жетелеуде, экономиканы жақсартуға тынбай еңбек етуде.
Аяулы аналар, осы жарқын мереке күні сіздерді шын жүректен құттықтап, алдарыңызда бас иеміз!
Қымбатты ханымдар!
Сіздердің атыңызға айтылатын ақ алғыстар мен жылы сөздер ешуақытта толастамасын. Көктемнің басымен келетін мерекелік көңіл-күй Сіздердің сергектіктеріңіз бен күш-жігерлеріңіздің қуат көзіне айналсын. Сіздерге және отбасыларыңызға әрқашан бақыт және сәттіліктер тілейміз!
Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!
Р.Сағандықов, аудан әкімі
Р.Беспаев, аудандық мәслихат хатшысы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.