Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары  барысында ерекше рекорд тіркелді....

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

Семейде Тана мырза мешіті ашылды

15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...

  • Сыбайлас жемқорлық - ғасыр дерті

    31.10.2024 08:56
  • КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА  ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    КӨКПЕКТІЛІК ҚОЛӨНЕРШІЛЕР КИНЭС КІТАБЫНА ЕНГЕН ҚҰРАҚ КӨРПЕ ТІГУГЕ АТСАЛЫСТЫ

    19.09.2024 04:44
  • ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    ТАССАЙ АУЫЛЫНЫҢ КӨШЕЛЕРІНЕ АСФАЛЬТ САЛЫНАДЫ

    12.09.2024 06:55
  • Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    Семейде Тана мырза мешіті ашылды

    20.08.2024 15:11
  • АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    АЛДА ҮЛКЕН МІНДЕТТЕР ТҰР

    12.08.2024 06:02

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Биыл біздің өңірдің қысы ерекше болып тұр. Қар әлденеше жылда бір рет осындай қайталанатын дағдысымен қалың жауды. Ауданда тіпті төтенше жағдай жарияланды. Бірақ, ақпан айы ауа бастаған соң алдағы көктемнің қалай келетінін болжау қиын болғандықтан, ауданның төтенше жағдайлар жөніндегі комиссиясы алдағы күндердің іс- қимылын жобалау үшін алқалы жиын өткізді. Жиынға аудан әкімі Р.Сағандықов төрағалық жасады.
Ауданның он жеті ауылдық округінің үлкен бөгеттері бар, өзен суы жақын орналасқан, тау етегіндегі ауылдарға көктемгі тасқын судан қа-уіп бар. Қазіргі жиналған мәліметтер бойынша аудандағы қардың қалыңдығы орташа есеппен 128 см, жердің үстіңгі қабатының қату тереңдігі 70 сантиметр. Алдағы наурыз айының басында ауданда «Көктем-2016» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтеді. Осы және алдағы тасқын су қаупін алдын алу шаралары туралы хабарламаны жасаған төтенше жағдайлар жөніндегі бас маман Қ.Әңкебаевтың келтірген мәліметтері осындай. Баяндамашы наурыздың бірінен бастап ауданның барлық ауылдық округтерінде кезекшілік ұйымдастырылады деді. Сонымен бірге, қарғын су бөгетсіз өтуі үшін республикалық маңыздағы автокөлік жолдарындағы 9 көпір, 69 су өткізгіш құбыр, облыстық маңыздағы автокөлік жолындағы 15 көпір, 165 су өткізгіш құбыр және жергілікті маңыздағы автокөлік жолдарындағы 6 көпір мен 127 су өткізгіш құбыр наурыз айының 5-не дейін қардан тазалануы тиіс. Ауылдық округтердегі тазалануы тиіс су өткізгіш құбырлар саны 161. Осы жұмыстарға жауапты органдарға хат жолданып, ескерту берілген.


Аудандағы 11 гидротехникалық құрылғының қай-қайсысы болмасын бақылаусыз қалса, өте қауіпті. Сондықтан да Ешкібай, Лайлы, Қамысты, Қарғалы, Черкашин, Талменка, Алтыбай, Бектемір, Карповка, Үлкенбөкен су қоймалары орналасқан ауылдық округтер де, аудандық жауапты мекемелер де қауіпсіздік шараларын осы кезден бастап жасаулары тиіс. Әсіресе, Лайлы, Бектемір, Алтыбай су бөгеттеріне сақ болған жөн. Су шайып кету қаупі бар Клинжыра, Белое, Теректі тас жолы бойы, Қараөткел мен Қойтас ауылдарының маңайындағы су жүретін жолдарға бақылау қажет. Қазірден бастап су астында қалу қаупі бар Шұғылбай ауылындағы 50, Преображенка ауылындағы 6, Қойтастағы 4 үйдің тұрғындарының қауіпсіздік шаралары қарастырылуы тиіс. Рамиль Нығметжанұлы баяндаманы тыңдай отырып, сауалдар қойды. Содан кейін сөз алған «Шығыс су қоймалары» КМК өкілі Е.Сергелбаев кәсіпорынның теңгеріміне өткен су қоймаларының жағдайы туралы толық ақпарат берді. Маманның айтуы бойынша біздің аудандағы салынған бөгеттердің жағдайы қанағаттанарлықсыз деп бағаланады. Олардың барлығы дерлік, шаруашылық қажеттілікке қарай, ешқандай инженерлік есептеулерсіз салынған. Самар ауылындағы екі бөгеттің арасын жалғастыратын бас арықты қамыс пен тал өскіндері басып кеткен. Мұнда 2014 жылы ағымдық жөндеу жұмыстары жүргізілді, бірақ та тағы да қосымша қаржы бөлінбей қалған. Көкпекті ауылында 2015 жылдың сәуір айында бөгетті су шайып, онда жөндеу жұмысы жүргізілді. Қазіргі күні Самар ауылында кәсіпорынның екі жұмысшысы кезекшілік жүргізеді.
Содан кейін ауданның бірқатар ауылдық округтерінің әкімдерінің көктемгі су тасқынына даярлық жұмыстары туралы хабарламалары тыңдалды. Сонымен бірге, аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі қызмет басшысы, байланыс торабы, электр қуатымен жабдықтау мекемесі, ветеринариялық қызмет, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және автомобиль жолдары мекемесі басшылары өз тараптарынан атқарылатын жұмыстар бойынша мәселелерді алға тартты, олардың көктемгі су тасқынының алдын алуға даярлық барысы бойынша сауалдар берілді.
«Ұзындығы 237 км болатын облыстық маңызы бар автомобиль жолында 15 көпір мен 165 су ағар құбыр бар. Қазіргі кезде барлық көпірлер қардан тазартылды. Су ағар құбырлар 22 ақпаннан бастап тазартуға екі бригада жұмылдырылды. Аталған автомобиль жолдарына су басу қаупі төнген кезде 14 дана техника жұмылдырылуға дайын», - деді өз сөзінде аудандық ТҮКШ басшысы М.Қапшықов. Сондай-ақ, аудандық РЭС басшысы М.Көшеров кейбір ауылдық округі әкімдерінің сортаң жерлердегі бағандарын сақтандыру шараларын жасау бойынша келісімшарт жасауға асықпай отырғанын айтты. Аудандық ветеринария қызметінің басшысы Е.Сәрсенбаев мал қорымдарының жағдайы туралы айта келе, көктемде мал өлекселерінің тасқын сумен қалқып шығып, эпидемиялық қауіп төндірмеу шаралары жасалуда деді.
Барлық ауылдық округтерде кезекшілік ұйым-дастырылып, олар байланыс жүйесімен қам-тамасыз етіліп, ауыл тұрғындарының арасында өз үйлерінің маңайының қарын тазалау, су ағатын арықтарды тазалау бойынша жұмыстар жүргізілуі тиіс. Тым көп, су шайып кетеді деген жерлердегі қарды тасып, шығару жұмысы ұйымдастырылу керек. «Жұмыла атқарсақ, дайындық шаралары дұрыс жасалса, бізге ешқандай қауіп төнбейді. Дегенмен, сондай қатты алаңдауға негіз жоқ», - деді аудан басшысы .
Клара НҰРПЕЙІСОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 26 27 28
29            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз