Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Заңың 10-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Көкпекті ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1.Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Сессия төрағасы К.Садыков
Аудандық
мәслихат хатшысы Р. Беспаев
Көкпекті аудандық мәслихатының
2016 жылғы __________
№____ шешімімен бекітілді
Жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізудің қосымша тәртібі
7. Көкпекті ауданының жергілікті атқарушы органына жиналыстар, митингілер, шерулер немесе демонстрациялар өткізу үшін шет көшелерді, елді мекеннің шетін ұсынбауды, жиналыстар, митингілер, шерулер немесе демонстрациялар өткізу үшін елді мекеннің ішінде орналасқан қолайлы жерлерді анықтау және көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасамайтын, инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiрмейтін орындарды анықтау ұсынылады.
8. Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар, сондай-ақ оларға қатысушылардың сөз сөйлеуi өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткiзiледi.
9.Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi, демонстрацияларды өткiзу кезiнде уәкiлдер (ұйымдастырушылар), сондай-ақ басқа да қатысушылар қоғамдық тәртiптi сақтауды қамтамасыз етеді.
10.Шараларды ұйымдастырушылар мен оларға қатысушылардың:
1) көлiктiң және жаяу жүргiншiлердiң қозғалысына бөгет жасауына;
2) елдi мекеннiң инфрақұрылым объектiлерiнiң үздiксiз жұмыс iстеуiне кедергi келтiруiне;
3) Көкпекті ауданының жергiлiктi атқарушы органының келісімінсіз киiз үйлер, шатырлар, өзге де уақытша құрылыс нысандарын орнатуға;
4) шараларды өткiзу барысында қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етушi мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң қызметiне кез келген нысанда араласуына;
5) жасыл желектерге, шағын сәулет нысандарына залал келтiруiне;
6) өзiмен бiрге суық қару, атыс және өзге де қаруды, сондай-ақ адамдардың өмiрi мен денсаулығына зиян келтіретін, азаматтарға және заңды тұлғалардың меншiгiне материалдық шығын келтiру үшiн пайдаланылуы мүмкiн арнайы жасалған немесе бейiмделген заттарды алып жүруiне;
7) іс-шараға алкоголь және есірткі қабылдаған жағдайда қатысуға жол берілмейді.
11. Жиналыстарды, митингiлерді, шерулердi, пикеттердi немесе демонстрацияларды өткiзу орындарында алкогольды ішімдіктерді ішу, есірткі және психотроптық немесе оларға ұқсас заттарды қабылдауға; қоғамдық тәртіпті бұзуға, құқыққа қайшы әрекеттер жасауға шақыратын транспаранттарды, ұрандарды, басқа да материалдарды (визуалды, аудио/видео) қолдануға, сондай-ақ осы мағынада жария сөз сөйлеулерге жол берілмейді.
12. Пикеттер өтiнiште көрсетiлген мақсатқа сәйкес, белгiленген мерзiмде және келiсiлген жерде өткізілуі қажет.
13.Пикетке шығу кезінде төмендегілерге рұқсат беріледі:
1) пикетке шығу объектісінің жанында тұруға, отыруға;
2) көрнекті насихат құралдарын пайдалануға;
3) пикеттің тақырыбына сәйкес қысқа ұрандарды жар салуға рұқсат беріледі.
Жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер мен демонстрацияларды өткізу кезінде азаматтарға, қоғамдық бірлестіктерге, мемлекетке тигізген материалдық шығындар оған қатысушылармен белгіленген заң негізінде өтеуге жатады.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.