Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Елбасының «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын жүзеге асыру барысында жерді тиімді пайдаланудың маңызы зор. Осы орайда Ұлт жоспарында көрсетілген міндеттерді орындауға байланысты 12 ақпанда Көкпекті ауданында арнайы семинар-кеңес өткізілді. Ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу, Жер Кодексіне және басқа да заң актілеріне енгізілген өзгерістер, сондай-ақ жер телімінің нысаналы мақсатын өзгерту ресімдерін жеңілдету, ауыл шаруашылығы жерлерін пайдалануға тұрақты түрде мониторинг жүргізу, барлық пайдаланылмай жатқан жерді алдағы уақытта жекешелендіру үшін мемлекеттік қорға беру мәселелері талқыланды.
Семинар - кеңестің өтуіне мұрындық болған аудан әкімі Рамиль Сағандықов шараның өту барысына төрағалық етті. Сонымен бірге, ма-ңызды семинарға облыстық ауыл шаруашылық басқармасының бөлім басшысы Тлейберді Қалихан, облыстық аумақтық инспекциясының бөлім басшысы Анатолий Фролов, Азық-түлік корпорациясы директоры М.Шаймарданов, «Қаз-АгроФинанс» АҚ филиалының өкілі Бауыржан Рамазанов, «Опытное хозяйство масличных культур» ЖШС директоры Ришат Ахмадиев, Белорусь Республикасынан келген маман Николай Афанасьевич қатысты.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында жердің әр метрі тиімді пайдаланылуы тиіс және мемлекет осыған үнемі мониторинг жасауды бір жүйеге түсіруі қажеттігін ерекше атап өткен болатын. Сонымен қатар, Елбасы жер қатынастарын ескірген формадағы тиімсіз жүйеде жүргізу - жердің өндірістік маңызды әлеуетін тежеп отырғанын шегелеп айтты.
Жер - еліміздің негізгі байлығы, халықтың өмір сүру ахуалының басты көзі болып саналады. Бүгінгі таңда, жердің тиімсіз пайдаланылуы салдарынан топырақ құнарлылығының төмендеп бара жатқандығы ауқымды мәселеге айналуда. Оған басты себептер ауыл шаруашылығы дақылдарын себу технологиясынан ауытқу, зиянды арамшөптерді жоюға бағытталған күрес шараларын өткізуде бақылаудың төмендеп кетуі, топыраққа минералдық тыңайтқыштар енгізбеу, жаңа танап ауысу жүйелерін енгізумен қатар тұқым сапасын жақсартуға көңіл бөлмеу, дәнді дақылдардың сұрып алмасуына мән беру мәселелері аса өзекті.
Сондықтан жерге көзқарасты өзгертіп, жұмыстарды ғылыми тұрғыда жүргізіп отырған жағдайда тиісті нәтижеге қол жеткізуге болатындығына бүгінгі таңда көзіміз жетіп отыр. Осы мәселелер аталмыш семинарда тілге тиек етілді. Саланың үздік мамандары, облыстық қызмет басшылары, шетелдік сарапшы ойларын ортаға салып, жиған тәжірибесімен бөлісті.
Екінші жағынан алғанда, жер ресурстары саласында жүйелі және жоғарғы технологияны қолданумен қатар жер шаруашылық орналастыру жобаларын енгізген жағдайда ауыл шаруашылығы құрылымдарының иелігіндегі алқаптарды пайда-ланудың тиімді ұйымдастыру мәселелері толықтай шешіледі.
- Ереже бар, демек оны қатаң орындау керек. Іс-қимыл жоспары анықталды. Биылдан бастап іске бекем кіріскен абзал. Технология қолданбай жетістік болмайды. Құнарлылық деңгейін сақтай отырып, деградацияға жол бермеу басты назарда. Ауданда бар ауыл шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану үшін инвестиция тарту міндеті қойылып отыр. Негізгі мақсат азық-түлік қауіпсіздігін қам-тамасыз ету. Ауданның жалпы өңірлік ішкі өнімінің 89% ауыл шаруашылық өнімдері. Жақсы өнім алу үшін барлық технологияларды қолдана отырып, аянбай еңбек ету керек. Жер еңбек еткеннің еншісін молынан қайтарады, - деді аудан басшысы.
Сонымен бірге, аудандық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жұмабек Бахтинов өз баяндамасында игерілмей жатқан жер телімдерін анықтау, оларды айналымға енгізу тұрғысындағы өзекті мәселелерді көтерді. Өткен жылы келісім-шартты уақытынан бұрын бұзу тәртібімен мемлекеттік қорға 63 жер телімі қайтарылған. Бұл жұмыс биылғы жылы тың қарқынмен жүргізілмек. Бас агроном Жанабек Көпесов аудан диқандарының көкейінде жүрген біршама сұрақтың тамырын дөп басты. Оның айтуынша егіншілікпен айналысып отырған шаруалар үшін бірінші кезекте агротехникалық шараларды қатаң орындаудың артықшылықтарын дәлелдеп жатудың өзі артық. Шаруа қожалықтары озық технологияларды іс жүзінде жүзеге асырса, бұл нарық талаптарына сай шаруашылықтың өндіріс тиімділігі мен еңбек өнімділігінің артуына жаңа мүмкіндіктер ашады, жалпы экономикалық өсуді қамтамасыз етеді. Сондықтан шаруа қожалықтары қолда бар мүмкіндікті қарастырып, озық технологияларды шаруашылыққа енгізуге ден қояр болса, бұдан ұтпаса ешқашан ұтылмайды. Бұл өндірістің өсіп-өркендеуіне жол ашады, яғни шаруашылықтан түсер табыс та молаяды, бастысы жер құнарлылығын сақтау мүмкін болмақ.
- Ауыл шаруашылығы жерлерін ұтымды әрі мақсатты пайдалану жерді жеке меншікке алушы-лардың ынтасын арттырып, соның нәтижесінде халықты қосымша жұмыспен қамтуға, өндірісті дамытып, инвестиция тартуға, түптеп келгенде, бюджетке түсетін кіріс көзін көбейтуге мүмкіндік береді. Ең бастысы, Ұлт жоспарына сәйкес жер қатынастары саласын тиімді реттеуге жол ашылып отыр, - деп түйіндеді кеңесті Рамиль Нығметжанұлы.
Дархан БЕРДІБЕК
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.