Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
«60-қадам. СҮТ ЖӘНЕ СҮТ ӨНІМДЕРІ ӨНДІРІСІН ДАМЫТУ ҮШІН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ИНВЕСТОРЛАР ТАРТУ. Негізгі міндет: үш жыл мерзімде ТМД елдері нарығына шыға-рылатын өнімдерінің жар-тысына дейінгі экспортын қамтамасыз ету»
«100 нақты қадам – Ұлт бағдарламасы»
Шығыс Қазақстан облысы-ның әкімі Д.Ахметовтың «100 нақты қадам – Ұлт жоспарын» жүзеге асыру мақсатында бер-ген тапсырмасы бойынша облыста бірнеше ауданда қанат-қақты жоба қолға алынған болатын. Соның ішінде біздің Көкпекті ауданы да бар.
Жоба қолға алынғаннан бастап, ауданның «Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар» бөлімі арқылы «Жұмыспен қамтудың жол катасы-2020» бағдарламасының екінші бағыты негізінде «Сүт жинайтын пункттердің жұмысын жандандыруға» екі адамға 3,0 млн теңгеден несие берілген. Олар Самар ауылдық округінен С.Ариков және Үлкенбөкен ауылдық округінен Р.Чукушев, сүт тасу үшін арнайы автокөлік сатып алды. Ал са-уынды сиыр сатып алып, жеке шаруашылығында сүт бағытындағы мал басын арттыру үшін бірінші кезекте 14, екінші кезекте 11 жоба қолдау та-уып, олардың әрқайсысы 2-3 млн. теңгеден несиеге ие болды да, қаражатқа асыл тұқымды сиыр мен бұқа сатып алды. Мысалы, Биғаш ауылдық округінен К.Төлегенова 2,0 млн. теңге алып, оған 7 бас сүтті сиыр алды, ал Үлкенбөкен ауылдық округінің тұрғыны 10 бас ірі қара сатып алды, оның алған несиесі 3,0 млн. теңге. Самар ауылдық округінен Б.Омбаев пен Н.Мусин сүт бағытындағы шаруашылық құрып, сауынды сиырлар басын көбейтуді қолға алса, Р.Қылышбаев өзінің отба-сылық шағын фермаларын одан әрі дамытуға тағы да 3,0 млн. теңге несие алып, мал басын асылдандыруды одан әрі жалғастыруда.
Көкпекті, Самар, Белое, Үлкенбөкен, Биғаш ауылдық округтерінің тұрғындары тарапынан мемлекеттік бағдарламаға қатысып, несие алып, жаңадан өз істерін ашуға құлшыныс басым болса, Тассай, Сарыбел, Көкжайық, Бастаушы, Теректі, Палатцы және басқа ауылдық округтерде ұмтылыс білдірушілер жоқ. Құлынжон ауылдық округінен сүт жинау пунктін құру бойынша бір адамның жобасы қарастырылуда. Сонымен бірге Көкпекті ауылдық округінен екі, Белое ауылдық округінен бір адам мал басын сатып алу үшін өтініш білдірген, олардың жобалары қарастырылуда. Мал шаруашылығын дамытуға әсер ететін тағы бір фактор – ауылшаруашылығы жұмыстарын атқаруға қызмет көрсету болып табылады. Шөбін орып, оны тасымалдауға қажетті техникасы жоқтарға қызмет түрлерін ұсынуды ұйымдастыру үшін 4 адам несие алып, қажетті техниканы сатып алған. Сарыбел ауылынан екі, Көкпекті ауылдық округінен екі адам ауылшаруашылығы техникаларын сатып алып, несиені іске жаратуда.
Көкпекті ауылдық округінде сүтті тоңазытатын бір, Самар ауылдық округінде екі танкер алынып, орнатылды. С.Жотабаев пен Б.Құмарова құны 3 млн. тұратын бұл танкерлерді былтыр орнатып қойғанымен, олар іске қосылған жоқ. Бұл танкерлердің ерекшелігі – жиналған сүттің майлылығын бірден анықтап, оны діттеген жеріне жеткізуге дейін бұзылмайтындай бірқалыпты температураға суытады. Екі танкер іске қосыл-ғанда: сүт жинаушы, жүргізуші, сүт өңдеуші лаборант - үш-үштен алты жұмыс орны ашылады.
Ауданда жалғыз ғана тауарлы-сүт фермасы жұмыс істеп тұр. Ол «Өрнек» (Е.Қойгелдин) ЖШС-нің бірнеше жылдан бергі еңбегі. Мұнда шаруашылықтың өз қаражатымен сүт сауу және сауылған сүтті суыту желісі іске қосылған. Осы уақытқа дейін ауылдардан жиналып келген сүт пен аталмыш шаруашылықтың сауған сүті Самар ауылындағы май зауытына өткізіліп, сонда өңделетін, алайда өткен жылғы жаз айында бұл өндіріс орны жабылып,сүт өндірушілерге өз өнімдерін өткізу мәселесі өткір тұрды. Зауыттың жабылуының басты себебі, сүт бағасының төмендігі болды. Алдағы жазда егер сүт алушы әлеуетті өңдеушімен келісімшартқа отырып, сүт бағасына келісетін болса, ауданда сүт бағытындағы мал өсіру жұмысы жандана түсетінін сөзсіз.
Қазіргі күні Өскемендегі «Востокмолоко» мен «Эмиль» сүт өңдеушілерден басқа, Семей қаласында өзіміздің жерлесіміз М.Қалиқов құрған сүт өңдеу цехы бар. Жерлесіміздің өткен жаз айында ауданның Тассай және басқа да ауылдарынан сүт жинағаны белгілі. Егер сүт бағасына келісер болса, жерлесіміздің қолдауына сүйенуге болады. Көршілес Тарбағатай ауданының тәжірибесіне сүйене отырып, өзіміздің ауданда да шағын сүт өңдейтін цех ашуға да болады деген пікір айтады мамандар. Оған біздің ауданда әлеуеті жетерлік іргелі шаруашылықтар бар. Бұл да кәсіпкерлердің өзімізде тұтынатын өнім түрлерінің анағұрлым арзан болуына ықпал етері сөзсіз.
Алда жаңа маусым келеді. Қазірден сиырлары төлдеп, сүттен бұлақ ағызып отырған ауласында бірнеше бас сауынды сиыры бар отбасылары өздерінің бюджеттеріе қосымша табыс тауып отыр. Дүкендегі концентратты сүттің бағасы 280-300 теңгенің үстінде, ал тұтынушылар 1 литрін 100 теңгеден көршісінен сатып алғанды артық көреді. Бұл қыстағы жағдай, ал жаз шыға сүт молаяды, сонда ауыл тұрғыны сүттің артығын қайда жібереді? Сондықтан да тиісті бөлімдер мен мамандар қазірден бастап осы мәселе төңірегінде ойланғандары дұрыс болар. Отандық өнім өндіруге өз үлесімізді қосу - өзіміздегіні ұқсатудан басталады.
Клара НҰРПЕЙІСОВА
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.