Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Халық күнделікті тұтынатын тағамдардың ең қажеттісі - нан. Тіршіліктің арқауына айналған ас атасының қадір қасиеті, тіршілікте алар орны тым бөлек. Күнделікті өмірдің хал-ахуалы қай кезде де осы қасиетті нанмен қаншалықты деңгейде қамтылғанынымызға сәйкес бағамдалатыны ақиқат. Сол себепті, ағымдағы жылдың 15 қаңтарында «Нұр Отан» партиясының мәжіліс залында аудандық кәсіпкерлер палатасының филиалының директоры Ә.Мұқашеваның ұсынысымен дөңгелек үстел болды.
Дөңгелек үстелге аудан әкімінің орынбасары А.Әкімова, «Нұр Отан» партиясы филиалының төрайымы Г.Ақшабаева және «Мәмбет» шаруа қожалығының басшысы Е.Мәмбетов, кәсіпкерлер қатысты. Алайда, отырысқа шақырылған нан өндірушілер мен кәсіпкерлердің көпшілігі билік өкілдерімен кездесуді қажет деп санамағандықтан ба келмеді. Бұл отырыста, негізі жаңа жылға дейін және жыл басынан бергі кезеңде күнделікті тұтыныстағы азық-түлік бағаларының көтерілуі, соның ішінде нан бағасы да тілге тиек етілді.
Нан адам өмірінің өзегін калдырмас арқауы. Бір үзім нан үшін, өмірін қиғандар қаншама. Бір тал бидай сабағынан бір үзім нан табу үшін ашаршылық пен жоқшылық жылдарында халқымыз не көрмеді десеңізші... Ол заман артта қалды, десек те, нан дастарханымыздың сәні болып қала береді. Бүгінгі баршылық заманда нанды қалай бағалап жүрміз? Дүкен сөрелерінде нанның түрі көп. Таңдап жүріп алатын кезге жеттік. Жақсысын алып, көңілге жақпағанын менсінбейтін болдық. Жақсы болсын, жаман болсын нанның аты нан ғой.
-Біздің аудан орталығында Д.Мирзасов, Е.Мәмбетов сияқты кәсіпкерлер мен Қалбатаудан тасымалданатын және Заготзерно наны сатылады. Дүкен сөрелеріндегі нан бағасы әртүрлі. Бұған қоса, әр үйде нан-тоқашөнімдерін жеке пісіріп, сатушымен келісіп, сатып беруді өтініп қоятындар қаншама. Тек олардың барлығы да талапқа сай емес екені баршамызға аян. «Кәсіпкер Е.Мәмбетов пісіретін нанның бағасы ең арзан. Мәселен, жоғары сұрыпты нан бағасы – 50 тенге, 2-ші сұрыпты – 45 теңгеге жеткізілген өнімнің, 55-50 теңгеден сатылуы ұғымға сыймайды. Ал, Самарда 53 және 48 теңгеден жеткізіледі, оған бар болғаны 2 теңге қосады. Сонда Самардан әкелінетін нанды, ешқандай шығыны шықпаса да Көкпекті ауылының кәсіпкерлері неліктен үстеме бағамен сатады?» - деп, аудан әкімінің орынбасары Алмагүл Жанахметқызы отырысты көкейкесті мәселеден бастады.
Дөңгелек үстел барысында осы тақырыптар төңірегінде кеңейтілген пікірлер айтылды.
Бүгінгідей жедел топтың жиналуына түрткі болған мәселе - «Мәмбет» ШҚ басшысының аудан орталығында сауда орындарында сатылатын нан санының азайғандығына байланысты, бұл жерге оны тасымалдаудың тиімсіздігінен енді әкелден бас тартуы еді. – егер сіздер «Мәмбет» ШҚ нанынан бас тартсақ ертең бізге нанды 100 теңгеден әкеледі. Сіздер өз үстеме бағаларыңызды қосасыздар. Құрметті кәсіпкерлер, бизнестеріңіздің дамып, ілгерілеп отырғаны тұтынушылардың арқасы екенін ұмытпаңыздар, сіздерді қарапайым халықтың жағдайын ойлауға шақырамын». – деп сөзін қорытындылады аудан әкімінің орынбасары.
Сонымен қатар, кәсіпкерлер палатасы аудандық филиалының директоры А. Мұқашева аудан орталығында нанның бағасын ЖК Мирзасов және Қалбатау кәсіпкерлері бірдей ұстап отырғаны, бұл сырт көзбен қарағанда екі кәсіпкердің келіссөзіне ұқсайтынын айтты. Олардың өнімдерінің бағасы 65 және 70 теңге болып отыр. Қаңтар айына дейін, олар әлеуметтік ұнды пайдаланса, жаңа жылдан бастап ондай жеңілдік жоқ. Бұл екі кәсіпкер де өзі өсіретін астықтың ұнынан және әр отбасына қол жетімді бағамен нан өндіретін. «Мәмбет» ШҚ-мен бәсекелестікке түсе алмайды, себебі олар ұнды сатып алады.
Көкпекті ауданын нанмен қамтамасыз етіп келе жатқан «Мәмбет» шаруа қожалығы ауданымызға 20 жылдай еңбек сіңіріп келеді. Нанды тұтынушылардың талғамына сай пісіретін нағыз наубайхана деуге болады. Себебі, егінді өздері егеді, орады. Нанды дайындаудың ең бірінші сатысынан соңына дейін өздері орындайды. Аталмыш, наубайхана 32 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп, 17 нан түрлерін пісіріп, тұтынушылардың алғысына бөленуде. Кәсіпкердің айтуынша, олар нанды кеңес дәуірінің технологиясымен сапалы және дәмді етіп пісіреді. Көкпекті ауданын олар бүгінге дейін 700 бөлке нанмен қамтамасыз етсе, соңғы уақытта, өкінішке орай, 300 бөлке нан сұранысқа ие болуына байланысты нан тасымалдауды тоқтатпақшы. Сонымен қатар, сөз соңында ол: «Мен бәсекелестікке қарсы емеспін, тек ол әділ болса деймін, менің өмірлік ұраным баға мен сапа бірге болуы керек және біздің мақсатымыз тек қана ақша табу емес, тұтынушылардың денсаулығын да ойлаймыз», - деді ол. Жиналыс барысында сөз алған кәсіпкерлер Б.Мүрсәлімова, В.Ибрагимова, С.Айтжановалар Есенбек Дәлелұлының пікірін қостап, барлық кәсіпкерлерді серіктес болуға шақырды. «Егер біздің дүкен сөрелерінде Самардың наны болмаса, ауыл тұрғындарын нанмен қамтамасыз ету қиынға соғады», - деді Б.Мүрсәлімова. Ал, аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы С.Мұқышевтің айтуынша, кезінде Көкпекті ауылын нанмен қамтамасыз ету мәселесі қиындық тудырғанда, аудан басшылары Е.Мәмбетовтің көмегіне жүгінген болатын. - Оған рахмет халықты қазіргі күнге дейін нанмен қамтамасыз етуде. Нанды сату нарығында ешкім бұл кәсіпкермен ешкім бәсекеге түсе алмайды, себебі оның өндірген нан өнімдері біздің дастарханымыздың берекесі және егер Е.Дәлелұлының бұл көмегінен бас тартсақ, қарапайым тұтынушылар зиян шегетіні сөзсіз.
Жиналыс соңында, Есенбек Дәлел-ұлы барлық кәсіпкерлердің жылы тілектеріне, қолдауына ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта өзінің нау-байханасының жұмыс барысын таныстыру мақсатында кездесу ұйымдастыратынын хабарлады.
КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.