Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
«Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының төрағасы Рамиль Сағандықовтың төрағылығымен Саяси кеңес отырысы өткізілді. 12 қаңтарда өткен кеңестің күн тәртібінде Елбасы, партия Төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын және бес институционалдық реформаларын жүзеге асырудағы аудандық партия филиалының жұмысы талқыланды. Аудандық филиал төрағасы қоғамдық қабылдау жүргізіп, тұрғындардың арыз-өтініштерімен танысты. Жауапты қызмет басшыларына хаттамалық тапсырмалар беріліп, кейбір мәселе бойынша түсініктеме жасалды.
Кеңейтілген Саяси Кеңес жұмысына Көкпекті аудандық филиа-лы Саяси кеңесінің мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, аудандық мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, партияның белсенді мүшелері, бұқаралық ақпарат құралдары және «Жас Отан» Жастар қанатының өкілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Г.Ақшабаева баяндама жасады. Баяндамада «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» бағдарламасы «100 нақты қадаммен» толыққанды саралап өтті. Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап, жаңа тарихи жағдайда Қазақстанның дамыған мемлекеттердің отыздығына кіру жөніндегі стратегиялық жоспары тілге тиек етілді. Елбасы Жолдауынан туындайтын ауқымды міндеттер әрбір партия мүшесіне үлкен жауапкершіліктер жүктейтінін түйген Гүлбаран Майлыбайқызы, бұдан әрі партия филиалының атқарған жұмыстары мен алға қойған мақсаттарын байланыстыра баяндады. Жергілікті ел тіршілігіне тікелей байланыс-ты қадамдар сарапталды.
Кеңес отырысын қорытындылаған аудандық филиал төрағасы Р.Сағандықов «Ұлт жоспары – қазақстандық арманға бастайтын жол» атты Елбасы мақаласының мәні мен маңызына ерекше тоқталып, баса назар аударды.
- Әрбір саланы елеп-екшеп, артық-ерекшелігін, кем-кетігін назарында ұстап, әрдайым соны ұсыныстар мен тың идеяларды ортаға салып, халықтың жұмыла жұмыс істеуіне негіз болып отырған Елбасы күрделі кезеңдегі күре жолды тағы бір мәрте айқындап берді. Бұл мақала - «Қазақстан нақты жаһандық ахуалда: өсім, реформалар, даму» Жолдауының жалғасы деуге толық негіз бар. Оны Ұлт жоспарын жүзеге асырудың нақты механизмдерін айқындап беретін маңызы үлкен саяси құжат деп сеніммен атауға болады. Осы уақытқа дейін институционалдық реформаны жүзеге асырудың әр қадамы қадау-қадау айтылған болса, ендігі кезекте әрбір қадамнан нәтиже шығарудың ашық та айқын жолы тізбектелді. Ендігі мақсат – осы даму тетігін жоғалтпай, басты нысанаға ілгерілеуді, кемелдікке жетуді ғана алып, сол жолда аянбай еңбек ету, бірлесе қимылға көшу, еліміздің гүлденуі үшін атсалысу, өз үлесіңді қосу әрбір қазақстандықтың парызы болуы керек. Сонда ғана оң нәтиже шығары сөзсіз, - деп түйіндеді Рамиль Нығметжанұлы.
Партия филиалының төрағасы қоғамдық қабылдау өткізіп, тұрғындардың арыз-өтініштерімен танысты. Қабылдауға бұл күні 10 азамат қатысты. Көпшілігінің арызы тұрғын үй алу, материалдық көмек беру, жер қатынастарын реттеу төңірегінде өрбіді. Өзекті тақырып болып тұрған ауыл көшелерін қардан тазалау мәселесі де көтерілді.
Жалпы алғанда өткен жылы аудандық партия филиалының қоғамдық қабылдауында 193 адам болған. Аудандық филиал төрағасы, маслихат депутаттары, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, Прокурор, Әділет басқармасы, ішкі істер бөлімі басшылары жүргізген қабылдаулар тиімділігімен ерекшеленді. Арыз-өтінішімен келген 36 азаматқа түсініктеме берілсе, 157 жерлесіміздің көтерген мәселесі оң шешімін тапқан. Бұл – партия филиалының дәл бүгінгі күні атқарып отырған жұмысының нақты көрсеткіші.
Дархан БЕРДІБЕК.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.