Кез келген өркениетті қоғам үшін сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті мәселенің бірі болып...
Елімізде өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындары барысында ерекше рекорд тіркелді....
Тассай ауылында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша көшелерге асфальт төсеу жұмыстары...
15 тамыз күні Семей қаласында «Тана мырза» мешіті ашылып, халық қуанышқа кенелді. Игі іс-шараға...
Аудандық әкімдіктің мәжіліс залында аудан әкімі Әділет Қожанбаевтың төрағалық етуімен шағын...
Биылғы қыс қарының қалың түсумен ерекшеленіп, көктем жақындаған сайын ауыл тұрғындарының көңіліне алаң туғызғаны рас. «Аузы күйген – үрлеп ішеді» дегендей, самарлықтар үшін қауіп екі есе артты. Дегенмен, ауа райы әзірге ешқандай сыр білдірмей, қар да жайымен, жерге сіңіп еріп жатқан сияқты. Сонда да жергілікті билік ауылдың бас тоғаны – Лайлы бөгетінің басынан кезекшілікті үзбей отыр.
- «Шығыс су қоймалары» ЖШС мекемесінің екі қызметкері – А.Қизаметдинов пен С.Бөлембаев күндіз кезекшілікті үзбей атқарып келеді. Сонымен бірге, барлық мекемелер мен шаруашылықтар да түн мезгілінде кезекшілік атқарады. Күнделікті судың деңгейі өлшеніп, өзен арнасына ағу жылдамдығы тексеріледі, - дейді Самар ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушы К.Терин.- Мұздың қалыңдығы 15-20 сантиметр, қазіргі күні бөгетте орта есеппен 730 мың текше метр су бар, әлі де сыйымдылығына қарай 180 мың текше метр су қабылдай алады. Қазір су Ешкібай су қоймасына және өзен арнасы арқылы ауыл ішімен ағып жатыр.
Аудан әкімі, «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасы Сағандықов Рамиль Нығметжанұлы ағымдағы жылдың 28 наурызында азаматтарды қабылдады. Көшбасшы партия ғимаратында өткен қа-былдауға 5 көкпектілік азамат өздерін тол-ғандырып жүрген сауалдарын арқалап келген екен. Барлығына жауап беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Көкпектілік Бұлбұл Өмірсерік партия филиалы төрағасының қабылдауында ең көп көтерілетін тұрғын үй беру мәселесі бойынша өтінішін білдірді. «Нұр Отанға» үміт артып, партиядан көмек сұрай келген азаматтарға берілген мәлімет бойынша бүгінде тұрғын үй кезегінде барлығы 511 адам тұр. Бұл орайда аудан әкімі Р.Сағандықов тұрғын үй қорынан пәтер заң аясында кезекке сай беріледі деген жауап қайтарды.
Ауданымызда таэквон-до спорты қарыштап дамып келеді. Бүгінде ауыз толтырып айтарлықтай дәрежеге жетіп, талай жарыстарда биіктерді бағындырып жүрген жас таэквон-дошылар жеңісі соның айғағы іспетті. Жақында тағы бір жемісті жеңістерінің куәсі болдық. Аталмыш спорт түрінен Алматы қаласында өткен Азия чемпионатына қатысып, бақтарын сынаған көкпектілік жас таэквон-дошылар қоржындарын қомдап оралды. 18 мемлекеттен, атап айтсақ Қазақстан, Ресей, Өзбекстан, Қырғыстан, Монғолия, Корея, Пәкістан т.б. елдерден келіп күш сынасқан 700-ге тарта балғындар бас қосқан додада топ жарған жерлестеріміз расында да мақтауға тұрарлық. Бұл додаға ауданымыздың таэквон-до тарландары А.Котляревская 1 орын алса, Р.Байсақалов, З.Еркебұлан, Ә.Ақышев 3 орынды жеңіп алып қана қоймай, бұл жарыста барын салып бағып, намысты қолдан бермеуге тырысты. Сондықтан да олардың алар асулары әлі алда, келешектерінен мол үміт күтеміз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!
Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.