Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Маусым 2024

20 Маусым 2024

Қазақ күресінде жаңа беделді турнир пайда болды

Абай облысы, Ақсуат ауданында 2024 жылдың 20 шілдесінде қазақ күресінен«ASSYL ARLAN» атты  республикалық турнир ұйымдастырылады. Оған еліміздің айтулы балуандары қатысады. Бозкілемге шығатындардың арасында көптеген халықаралық, республикалық жарыстардың жеңімпаздары Ерасыл Қажыбаев, ДәуренНұралинов, Нұрдәулет Жарылғапов, Мақсат Исағабылов, Еламан Ерғалиев, Ғалымжан Қырықбай, Мұхтар Дәлелхан, ЕрсұлтанМұзаппаров сияқты балуандар бар. Турнирде түйе және өгіз балуандар анықталады дейді ұйымдастырушылар.

Read more

135 шақырымдық ASSYL TULPAR бәйгесі өтеді

2024 жылдың 21 шілдесінде Абай облысы, Ақсуат ауданында 135 шақырымдық аламан бәйге өтеді. Бұл бәйге биыл Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойынын қолдау мақсатында ұйымдастырылмақ.

Read more

18 Маусым 2024

МАМАНДЫҚТЫҢ АСЫЛЫ – ДӘРІГЕР!

Маусым айының үшінші жексенбісі Қазақстан медицина қызметкерлерінің төл мерекесі. Аурудың үлкен-кішіні елемей, кез келген уақытта келетіні рас. Сондай сәтте ойымызға алғаш оралатыны, жәрдем сұрап, шипа күтетініміз де – осы дәрігерлер қауымы. Дүние есігін жаңа ашқан сәби шақтан еңкейген қарттық кезең арасында медицина қызметкерлерімен сан мәрте ұшырасатынымыз хақ.
Сол себепті де ақ халатты абзал жандарға барша адамзаттың айтар алғысы шексіз. Осы тұста ауданда да ел алғысына бөленіп, халық игілігі үшін еңбек етіп жүрген ақ халатты жандар көп. Дертіне дәру іздеген жан аудандағы орталық ауруханаға жүгінеді. Мереке қарсаңында жылдағы дәстүрге сәйкес Көкпекті ауданының медицина саласының дамуына көп жылдар бойы үлес қосып келе жатқан ақ халатты абзал жандардың еңбек жолын оқырманға ұсынбақпыз.

Read more

«ТАЗА БЕЙСЕНБІ» ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

Елде «Таза бейсенбі» экологиялық акциясы басталды.  Бұл бастама бойынша ауданда да тазалық шарасы ұйымдастырылды. Шараға “Amanat” партиясының Абай облыстық филиалының атқарушы хатшысы Нұржан Әбдікәрімов, Көкпекті ауданы әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржанов, аудандық мәслихат депутаттары мен жастар қатысты.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шара Президенттің «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында іске асырылуда. Енді «AMANAT» партиясы бұл бастаманы әр бейсенбі сайын ұйымдастыруды көздеп отыр.
Мақсаты – қоршаған ортаны сақтап, экологиялық мәдениетті қалыптастыру. Акция аясында тарихи, мәдени ескерткіштердің айналасы абаттандырылып, өзен-көлдердің жағалаулары тазартылады.
Шара аясында ауданымызда 100-ге жуық жиналған адам «Илья бұлағы» аумағын тазартып, бұлақ көздерін ашты. 30 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.

Read more

РЕФОРМАНЫҢ ҮШТАҒАНЫ: ЖАСАМПАЗДЫҚ ПЕН ЖАҢҒЫРУ ЖОЛЫ

Барша қауымға белгілі, жалпы жұртқа жария бір ақиқат бар. Еліміз кейінгі бес жылдың бедерінде мүлде өзгеріп, билік құрылымынан бастап қоғамдық-саяси санаға дейін түбегейлі жаңғырып жатыр. Бұл жаңғыру батыл қадамдарға, байыпты шешімдерге табан тірейтіні сөзсіз. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастамашы болған сол саяси бағдар жөнінде тарқатып айтқан жөн болар.
Әділеттілік – қоғамның жаңа қағидасы
Мемлекет – аса күрделі құрылым. Оны реформалау және қандай да бір өзгеріске әкелу – қиынның қиыны. Мұны жүзеге асыру үшін халықты ұйыстыратын алып идея қажет екені айтпаса да белгілі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев билікке келген тұста қоғамның мұндай идеяға деген сұранысы аса жоғары еді. Президент ұсынған «Әділдік» феноменінің бірден ел идеологиясының тұтқасына айналуы – осының айғағы.
«Әділдік» ұғымы ұлттық реформалардың басты ұранына айналды. Бұл ұстаным ауқымды өзгерістердің үштағаны саналатын саяси, әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық сана реформасының өзегі ретінде берік бекіді. Сонымен қатар бұл өзгерістерді нақты идеяны арқау еткен, түпкі мұраты айқындалған байыпты бастама ретінде қабылдаған абзал.
Саяси институттар трансформациясы
Қасым-Жомарт Кемелұлы Президент лауазымын қолға алғаннан бері іске асқан саяси реформалардың түпкі мазмұны елдегі демократия институттарын дамытуды көздейді. Бұл – саяси жүйені жаңғыртуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға негіз болды.
Саяси реформалар туралы сөз қозғағанда Конституцияны өзгертуге бағытталған жалпыұлттық референдум туралы атап өту – заңдылық. Бұл ретте Президенттің өзгерісті әркім өзінен бастауы керек деген ұстанымы жалпыға бірдей үлгі болғаны анық. 2022 жылы енгізілген Конституциялық өзгерістердің басты жаңалығы – Президенттің өкілеттігін бір мерзіммен шектеу туралы шешім. Бұл «Әділдік» феноменінің нақты орындалғанын көрсетті.
Сондай-ақ референдум аясында Парламенттің рөлін күшейту және құқық қорғау органдарының қызметін жақсартуға бағытталған шаралар қолға алынды. Бұл реформалар саяси жүйенің тұрақтылығы мен тиімділігін арттыруға және халықтың билікке деген сенімін нығайтуға мүмкіндік береді. Билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз етіп, демократиялық институттардың нығаюына ықпал етеді. Мемлекет басшысының саяси реформаларының тағы бір тармағы саяси партияларды тіркеуді жеңілдету болды. Бұл өзгеріс саяси аренада жаңа партиялардың пайда болуын жеңілдетіп, саяси әралуандыққа жол ашты.
Жергілікті өзін-өзі басқару жүйесі де айтарлықтай өзгеріске бет алды. 2021 жылы алғаш рет ауыл әкімдері тікелей сайлау арқылы сайлана бастағанын білесіздер. Бұл қадам жергілікті мәселелерді тиімді шешуге және азаматтардың өз өңірлеріндегі басқару үдерісіне белсенді араласуына мүмкіндік береді.
Саяси трансформацияның тағы бір маңызды бөлігі – Парламенттің рөлін күшейту туралы шешім. Парламенттің атқарушы билікті бақылау функцияларын күшейту арқылы заңнамалық органның ықпалы артты деуге толық негіз бар.
Президент ұсынған саяси реформалардың бір жаңалығы – адам құқықтарын қорғауға бағытталған шаралар. Мемлекет басшысы адам құқықтарын қорғау механизмдерін жетілдіретін және азаматтық қоғамды дамыта түсетін қолдау шараларын енгізді. Конституциялық сот қайта қалпына келтірілді. Заңдылықты қадағалайтын прокуратура мен Адам құқығы жөніндегі уәкіл конституциялық мәртебеге ие болды. Бұл қадамдар халықаралық стандарттарға сай келетін құқықтық жүйені қалыптастырды.
Аталған реформалар елдің саяси жүйесін жаңғыртуға, қоғамның саяси өмірге белсенді қатысуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ билік тармақтары арасындағы тепе-теңдікті сақтауға жол ашты. Түптеп келгенде, бұл ауқымды шара­лар Әділетті Қазақстанның нықтап орнығуына мүмкіндік берді.
Әлеуметтік-экономикалық реформалар
Қасым-Жомарт Тоқаев елдің әлеуметтік-экономикалық дамуын қамта­масыз ету мақсатында да ауқымды реформалар жүргізіп келеді. Бұл – қоғамдағы әлеуметтік әділеттілікті нығайтуға, экономикалық өсімді қамтамасыз етуге және халықтың өмір сүру деңгейін жақсартуға бағытталған.
Президент Тоқаевтың бастамасымен Конституцияға концептуалды өзгеріс енгізілді. Яғни жер мен оның қойнауындағы байлық халықтың меншігі ретінде айқындалды. Бұл қағида әлеуметтік саясаттың тірегіне айналды.
Нақты дәлел: «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы іске қосылды. Бағдарлама арқылы еліміздегі әр балаға Ұлттық қордан қаражат бөліне бастады. Бұл шараның түпкі мақсаты – әлеуметтік теңсіздікті азайтып, балалардың өмір сүру жағдайын жақсарту. Бағдарлама өскелең ұрпаққа инвестиция салып, олардың білім алуына, денсаулығын жақсартуға және өмір сүру деңгейін арттыруға мүмкіндік беруге тиіс.
Шағын және орта бизнесті қолдау жұмыстары да артты. Бизнесті тексеруге үш жылға дейін мораторий жарияланды. Заңсыз алынған активтерді елге қайтарып, экономикалық айналымға түсіре бастады. Еліміздің логистикалық мүмкіндіктерін молайту арқылы табыс түсімін арттыруға жіті мән берілуде. Алдағы уақытта Қазақстанды логистикалық хабқа айналдыру жөнінде ауқымды міндеттер қойылды. Соған сәйкес инфрақұрылымды дамытудан бастап, қалыптасқан жүйені цифрландыру жұмысын қарқынды жалғастыруға айрықша мән беріліп отыр.
Президент индустрияландыру және инновацияларды дамытуға үлкен мән береді. Осы бағытта экономиканың әртараптандырылуы және жаңа технологияларды енгізу мемлекеттің маңызды міндеттеріне айналды. Индустриялықинновациялық даму бағдарламалары арқылы өндіріс орындарын құру, ғылыми зерттеулерді қолдау және жоғары технологиялық салаларды дамыту көзделіп отыр. Цифрландыру саясатын жаңғыртып, бұл бағыттағы жетістіктерімізді еселеуге жаңа мүмкіндіктер жасалып келеді.
Бұрын назар аударылмаған энергетикалық, инженерлік жүйені түбегейлі жаңарту бастамасы қолға алынды. Ұлттық қауіпсіздік, халықтың өмір сүру сапасына тікелей әсер ететін бұл сала ондаған жыл бойы қараусыз қалып келгені ешкімге жасырын емес. Мемлекет басшысы бұл олқылықтар түзелмей тұрмыс түзелмейтінін жақсы біледі және білгендіктен нақты шешімдер қабылдап келеді.
Әлеуметтік серіктестік қағидаттары да – ерекше тоқталуды қажет ететін тақырып. Еліміз еңбек қатынастарын реттеу, жұмысшылардың құқықтарын қорғау және еңбек жағдайларын жақ­сарту мәселелерін айтарлықтай күшейтті. Әлеуметтік серіктестік аясында жұмыс берушілер мен жұмысшылар арасындағы диалогті нығайту, еңбек құқықтарын қорғау және өндірістік дауларды шешу тетіктерін жетілдіру маңызды орын алады.
Әлеуметтік саланың әуелгі тірегі саналатын денсаулық сақтау және білім жүйесі де түбегейлі реформаға ұшырады. Аталған сала мамандарының жалақысын екі есеге дейін ұлғайту туралы шешім қабылданды. Бұл білікті мамандардың салаға келуіне жаңаша серпін бергені сөзсіз. «Педагог мәртебесі туралы» заң қабылданды. Ғылымның дамуына айтарлықтай көңіл бөлініп келеді. Ұлттық ғылым академиясы өзінің тарихи тұғырына қайта қонды.
Алдағы уақытта жоғарыда біз атап өткен әділеттілікке негізделген әлеуметтік және экономикалық саясат қағидасы – еліміздің қуатының, халқымыздың әл-ауқатының негізгі сенімді күші болып қалатыны даусыз.
Қоғамдық сананың серпілісі
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың күллі реформасының өзегінде «Заң мен Тәртіп» ұстанымы тұр. Шын мәнінде «Әділдік» феномені осы екі түсінік үстемдік құрмай тамыр жая алмасы анық.
Ұлт көсемі Әлихан Бөкейханның «Заң адам үшін жазылады. Адам заң үшін тумайды» деген сөзі бар. Еліміз қабылдаған қабырғалы құжаттар ең әуелі азаматтарымыз, олардың әлеуметтік жағдайын жақсарту, оларды кертартпа қоғамдық кеселдерден сақтау үшін жазылған.
Бұл ретте елімізде синтетикалық есірткі саудасын, құмар ойын жарнамасын, тұрмыстық зорлық-зомбылықты, браконьерлікті ауыздықтайтын бірқатар заң қабылданды.
Мұның бәрі Әділетті Қазақстанды тұғырына шығарып, нық орнатуға бағытталған қадамдар. Түбегейлі реформалар өз миссиясын орындады. Бірақ реформаларды жүзеге асыру – бір бөлек, оны орнықтыру – бір бөлек дүние. Бұл үшін қоғамдық сана да жаңғыруға тиіс.

Президентіміз ұлттың жаңа сапасын қалыптастыратын жаңа құндылықтар тізімін, яғни «Адал азаматтың» бейнесін айқын көрсетті. Бұл не үшін қажет? Қоғамдық ұстанымдар мен қолдау негізінде оң бағыттағы реформалардың іске асуы және берік орнығуы үшін қажет. Себебі адал азамат – ескі жүйеге оралмаудың кепілі, әділеттілік құндылықтарының қорғаны.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың көшбасшылығымен еліміз бес жылды еңсерді. Бұл ұзақ жылдар бойы сірескен саяси жүйені серпілткен бес жыл болды. Қордаланған әлеуметтік мәселелердің түйінін шешкен бес жыл болды. Экономикалық өрлеуді қамтамасыз ету үшін батыл ұмтылыс жасаған бес жыл болды. Ең бастысы, қоғам жылдар бойы күткен әділеттілікті төрге оздырған бес жыл болды. Бұл бес жыл алдағы жетістіктеріміздің жолашарына айналатыны анық.
Берік УӘЛИ,
Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі –
Президенттің Баспасөз хатшысы

Read more

АЛАЯҚТАР АЙЛАСЫН АСЫРЫП ЖҮР

Көкпекті ауданының тұрғындары 2024 жылдың басынан бері интернет алаяқтарға 15 миллион теңгесін санап берген. Бұл туралы аудан әкімінің міндетін атқарушы Марат Теміржановтың төрағалық етуімен өткен кеңейтілген әкімдік отырысында айтылды. 11 маусым күні аудандық әкімшіліктің мәжіліс залында өткен кеңейтілген отырысқа ауылдық округ әкімдері, дербес бөлім басшылары, мемлекеттік мекеме және ұйым басшылары, партия филиалының атқарушы хатшысы, мәслихат төрағасы,  ардагерлер кеңесінің төрағасы және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңейтілген әкімдік отырысының күн тәртібінде бірқатар өзекті сұрақтар қаралды. Олардың қатарында әлеуметтік инфрақұрылым нысандарының бейімдеу іс-шараларын жүргізу, пайдаланылмайтын немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы алқаптарын қайтару, Көкпекті ауданында 2024 жылдың екінші жартыжылдығына арналған қоғамдық-саяси басылымдарға жазылу науқаны, табын (итальян) шегірткелерімен күрес барысы және интернет алаяқтардың алдын алу шаралары туралы маңызды мәселелер бар.

Read more

11 Маусым 2024

АЖА АУЫЛЫНДА ЖАҢА МЕШІТТІҢ ІРГЕТАСЫ ҚАЛАНДЫ

Жыл сайын ауылына жаңа әлеуметтік нысан салатын Ажа азаматтары биыл да иігілікті істі бастады. 1 маусым күні Ажа ауылында жаңа мешіттің іргетасы қаланды. Шараға ауылдың кәрі-жасы түгел атсалысты.

Көкпекті ауылдық округіне қарасты Ажа ауылының азаматтары соңғы жылдары әр жыл сайын туған ауылдарына бір жаңа нысан салып, халық игілігіне беруді әдетке айналдырды. Алғашқы жылы ауылдың дәл орталығынан сәулетті шағын футбол алаңы бой көтерді. Келесі жылы футбол алаңынын жанынан бүлдіршіндер үшін ойын алаңын салып берді. Былтырғы жылы ел болып жұмылып, мәдениет үйінің ғимаратын салып алды. Қазір бұл заманауи ғимаратта ауылдың барлық мәдени спорттық шаралары өткізіледі.

Read more

ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР ШЕШІМІН ТАУЫП КЕЛЕДІ

«Елге ел қосылса – құт» дейді халқымыз. Ұлы Абай, дана Шәкәрім, заңғар Мұхтар дүниеге келген, Алаштың айбоз ұлдары ту қадаған ұлағатты өлке Семейдің өз алдына отау тігіп, ірге бекіткеніне екі жыл толды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен құрылған облыста осы уақыт аралығында нендей жұмыстар атқарылды? Өңірдегі өзекті мәселелер қалай шешімін тауып жатыр? Алдағы жоба-жоспарлар қандай? Осы және өзге де сауалдар төңірегінде облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев газетіміздің тілшісіне арнайы сұхбат берді.

Read more

03 Маусым 2024

В ШКОЛУ 20 ЛЕТ СПУСТЯ

На последний звонок в СШ имени М.Ауэзова пришли выпускники, окончившие школу 20 лет назад. Они выразили дань уважения родному краю, вспомнили детство, посидели в своих учебных кабинетах и поговорили о школьной жизни. На мероприятии они поздравили выпускников 2024 года, дав им свои напутствия. Также гости побывали в музее, оставив теплые пожелания. Юные абаеведы продекламировали для них стихи великого мыслителя в кабинете «Абайтану».
Мы горды тем, что наши выпускники нашли свое место в жизни: Изгуттинов Думан является квалифицированным кардиохирургом, Смагулов Мерей возглавляет районный Карьерный центр, Султанова Гульбаран работает кардиологом, Нуршин Серик – специалист- логистик, Капасова Макпал является учителем, Рахимбаев Чингиз - ведущий специалист в высшем учебном заведении.
Выпускники также почтили память одноклассников, ушедших из жизни в молодом возрасте, и провели поминальный катым.
Мы выражаем огромную благодарность нашим бывшим ученикам, которые не только не забыли про родную школу, но и преподнесли ей памятные подарки.

КГУ «Средняя школа им. М.Ауэзова»

Read more

ПРОФОРИЕНТАЦИОННАЯ ЭКСКУРСИЯ

В середине мая учащиеся 10 «Б» класса вместе с классным руководителем посетили 3 ВУЗа города Семей: «Университет Шакарима», «Alikhan Bokeikhan University», «Медицинский университет Семей», где ребят ознакомили с правилами поступления, рассказали об учебных заведениях, о специальностях, направлениях, об учебе и студенческой жизни. Сначала мы побывали в здании главного корпуса университета Шакарима, посетили музей, международный отдел, где нас ознакомили с программой академической мобильности, радиологический научный центр, где учатся и трудятся студенты, магистранты, докторанты в области химии, физики.
После мы поехали в Alikhan Bokeikhan University. Экскурсию по территории университета провел проректор по имиджевому развитию и маркетингу Азатов Азамат Азатович. Для нас был выделен автобус.
Школьники также побывали на юридическом факультете, где ребят впечатлил зал суда. На факультете информационных технологий ребят познакомили с особенностями данной профессии и показали оборудование, которое используется при изучении данных дисциплин.
После мы посетили военную кафедру Alikhan Bokeikhan University. Заместитель начальника военной кафедры по воспитательной работе Манасов Айдар Тортаевич разъяснил порядок отбора и требования, предъявляемые к кандидатам на военную кафедру, ответил на интересующие учащихся вопросы. Мы побывали в тире и даже попрактиковались в стрельбе на приближенных к реальности лазерных тренажерах. Нам показали дом студентов - это современный студенческий дом хостельного типа. Данный объект оснащён всеми требованиями современности.
Встреча прошла в непринужденной беседе, в теплой, доверительной и дружеской атмосфере. Ребята проявили большой интерес, задавали интересующие вопросы. В рамках таких встреч у детей есть возможность сделать осознанный выбор будущей профессии.

Апсалямова И.К.,
классный руководитель

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2024 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз