Жыл сайын білім беру мекемелерінде тыңғылықты жұмыстар жүргізіледі. Осы тұста 2023 жылдың қорытындысы бойынша білім беру саласындағы атқарылған жұмыстар және 2024 жылдарға арналған жос-парлар туралы аудандық білім беру бөлімінің басшысы Аслан Танысбаевпен сұхбаттасқан едік. Толығырақ ақпаратты мақаламыздан оқи аласыздар.
Жалпы 2023 жылдың қорытындысы бойынша білім беру саласындағы қандай жұмыстар атқарылды?
- 2023 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары бойынша Көкпекті ауданының білім беру мекемелеріне 147,0 млн. теңге сомасында бюджет қаражаты бөлінді.
1. "Преображенка орта мектебі" КММ жалпы сомасы 12499,0 мың теңгеге шатырды ағымдағы жөндеу және ғимаратты әрлеуді ішінара жөндеу;
2. "Шәріптоғай негізгі мектебі" КММ жалпы сомасы 19684,8 мың теңгеге ғимараттың шатырын ағымдағы жөндеу;
3. "І.Жансүгіров атындағы орта мектеп" КММ жалпы сомасы 20269,3 мың теңгеге ғимараттың шатырын ішінара жөндеу;
4. "Абай атындағы мектеп балабақша кешені" КММ жалпы сомасы 24361,5 мың теңгеге қазандықты, жылу трассасын және түтін құбырын ағымдағы жөндеу;
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.