Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 12 қазандағы қаулысымен кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі 2021 – 2025 жылдарға арналған ұлттық жоба бекітілді. Оны әзірлеудің мақсаты-кәсіпкерлік құрылымында сапалы өзгерістерді қамтамасыз ету. Оның қандай артықшылықтары бар және біздің ауданда қалай жүзеге асырылатыны туралы біз «Көкпекті ауданының халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ басшысы Данияр Адиұлы Айдаровпен сұхбаттастық.
- 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық кәсіпкерлікті дамыту жобасына өткен жылы қанша адам қатысты және олар алған қаражаттарын қалай игерді?
- 2021 жылы Көкпекті ауданы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 75 қатысушыға 200 АЕК(583400 теңге) көлемінде жаңа бизнес-идеяларға гранттар (өтеусіз гранттар) берілді. Оның ішінде: жастар - 23 адам, аз қамтылған отбасылар мүшелері – 9, көп балалы отбасылар – 7, көп балалы аз қамтылған отбасылар - 3, мүмкіндігі шектеулі еңбекке қабілетті тұлғалар - 5, басқа санаттар (жұмыссыздар, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар) - 27 адам. Бизнес-жобаға сәйкес: құрал-жабдықтар – 8 бірлік, еңбек құралдары – 6 бірлік, технологиялық жабдықтар - 5 бірлік, сондай-ақ 56 бас мал сатып алынды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.