8 қазан күні аудан әкімі жұмыс сапарымен Мойылды және Жұмба ауылдарына барды.
Мариногорка ауылдық округіне қарасты шағын елді мекендердің бүгінгі тыныс-тіршілігімен танысып, болашаққа жоспар жасады.
Мойылды ауылындағы 2014 жылы жабылған мектеп ғимараты құлазып тұр. Ауылдағы оқушылар Мариногорка ауылына арнайы көлікпен тасымалданады. Соңғы жылдары спорттық–сауықтыру лагері ретінде қолданылып келген ғимарат биылғы жылы коронавирус індетінің салдарынан мүлдем іске қосылған жоқ. Лагерьде 4 маусыммен 200-ге жуық оқуышы демалысын ұйымдастыруға мүмкіндік бар. Бүгінде бос тұрған ғимараттың спорт залы мен бөлмелердің төбесінен су ағып, едені түсіп кеткен. Аудан басшысы Серікқазы Садуақасов ауылдық округ әкімі Қайдар Сұрашевқа ғимараттың төбесі мен еденін жөндеуге жоба дайындауды тапсырды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.