Көкпекті ауданының № 2 аудандық сотында 2020 жылдың 3 айында Қазақстан Республикасындағы сот төрелігі сот өндірісінің ашықтығы мен жариялылығы қағидаларына негізделген. Бұл қағидалар жай ғана мақсат емес, сот жүйесі туралы оң қоғамдық пікір қалыптастыру құралы болып табылады.
Сот ағымдағы жылдың 3 айында10 қылмыстық іс 12 тұлғаға қатысты, 31 азаматтық іс, 83 әкімшілік іс қарады. Аталған мерзімде 15 іс тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланыс-ты қысқартылған, оның ішінде 1 қылмыстық іс, 6 азаматтық іс, 8 әкімшілік іс қысқартылған.
Уақыт талабына сай «Сот кабинеті» ақпараттық сервисі сотта белсенді түрде қолданылуда. Қазіргі кезде барлық әкімшілік істер де аталған сервис арқылы келіп түсуде.
Сотта барлық сот процестері дыбыс-бейне жазуды қолданумен өткізіліп, судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе дыбыс жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі жоқ. Бұл сотқа қатысушы адамдарды тәртіпке салып, судьялардың үстінен түсетін негізсіз шағымдар санын азайтады.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.