Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын және "Туберкулез кезінде медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру жөніндегі Нұсқаулық" 25.12.2017 ж. №994 бұйрығын жүзеге асыру мақсатында 12 наурызда «Туберкулез ауруына қарсы күреске өз үлесіңді қос» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Іс-шараға Көкпекті ауданының ОАА СӨСҚ дәрігері О.Дериглазова, Көкпекті аудандық фтизиатр А.Алдажұманова, жалпы тәжірибедегі дәрігер А.Қалиева, Көкпекті аудандық ТҚҚБ бастығының орынбасары Е.Хамитов, ШҚО бойынша ҚАЖД Көкпекті ауданының №1 пробация қызметінің инспекторы Б.Аманжолов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Н.Мұқашев, Көкпекті ауылдық округі әкімдігінің жетекші маманы А.Деринг, Көкпекті ПБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы, полиция майоры Н.Кұсаинова қатысты. Көкпекті ауданы бойынша РММ басшысы Гүлмира Қабышқызы қатысушыларды ШҚО және Көкпекті ауданы бойынша соңғы бірнеше жыл ішіндегі туберкулез аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдаймен таныстырды. Оның айтуынша, 2015-2019 жылдар аралығында аудан бойынша толқын тәрізді динамика байқалды. 2015 жылы туберкулездің 17 жағдайы тіркелді, 2016 жылы - 17, 2017 жылы - 13, 2018 жылы - 15, 2019 жылы - 11 жағдай. Туберкулезден өлім-жітім 2014 жылдан бастап төмендеуде. Соңғы екі жылда осы аурудан қайтыс болғандар жоқ.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.