Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

25 Қазан 2016

ОТАНҒА ДЕГЕН СҮЙІСПЕНШІЛІК БАЛАЛЫҚ ШАҚТАН ҚАЛЫПТАСАДЫ

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуінің нәти-жесінде қоғам алдына өскелең ұрпақты отан-сүйгіштікке тәрбиелеу міндеті қойылды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай, аудан әкімі Рамиль Сағандықовтың бас-тамасымен өткен аудандық семинардың күн тәртібіндегі басты тақырып дәл осы жас ұрпақ бойына патриоттықтың дәнін егу жайында болды.
Ұйымдастырушылары Көкпекті аудандық ардагерлер ұйымы және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтің бастауыш ардагерлер ұйымы болып табылатын семинар Преображенка ауы-лындағы «Еске алу орталығында» өтті. Аталмыш жиынға аудан көлеміндегі білім ордаларынан тәрбие ісінің меңгерушілері, бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары мен округтердегі жастар ісі бойынша мамандар қатысты. Жалпы отансүйгіштік сезімі бала бойына ең алғаш балабақшадан, жаңадан тілі шыға бастағандағы «отбасы», «Отан», «ұлттық бірлік», «Тұңғыш Президенттің рөлі» ұғымдарын меңгеруден басталатыны белгілі.
Келесі кезекте бала мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, дүниетанымы кеңейеді. Әрі қарай кезең-кезеңімен қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы пәндерін оқып-үйрене келе азаматтық санасы қалыптасады. Осыған орай, семинардың жұмысы мектеп кітап-ханашысы Г.Новикованың қонақтардың назарына кітапханадағы қазақстандық патриотизм мен республика тәуелсіздігіне арналған тақырыптық кітап көрмесін ұсынудан басталды.

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз