Қазақстан халқының қауіпсіздігін сақтау - Елбасы Жолдауындағы маңызды бағыттардың бірі. Бүгінде алыс-жақын шетелдегі жағдайларға қарап, түрлі оқиғаларға даяр болу міндет екеніне көз жеткізіп келеміз. Табиғат апаттарын да естен шығармаған жөн.
Төтенше жағдайда адамдарды аман сақтап қалу - басты мақсат. Осы орайда, адамдардың денсаулығы, қоршаған орта және шаруашылық нысандарға залал келтірілуіне жол бермеу қажет. Өйткені, қоршаған ортаны және шаруашылық жүргізуші нысандарды төтенше жағдайлар мен олардың туғызған зардаптарынан қорғау, мемлекеттік саясатты жүргізудің басым салаларының бірі балып саналады.
Ауыл – әр қазақтың алтын бесігі. Әр қазақтың баласы қырдың көк майсасында тай-құлынша тебісіп, осы ауылдың саф ауасын жұтып өсті. Ауылдағы еркіндік, табиғат анамен етене араласқан өмір адамның азаматтық тұлғасының қалыптасуына әсер ететіні шындық.
Көкпекті ауданы Көкжайық округінде Ұлы даланың дар-хандығы бойына дарыған ерлі-зайыпты Қайрат пен Индира Дүйсенбаевтарды білмейтіндер кемде-кем. Өздері жас болса да ауылдастарына жақсылық жасағанды, қиналғанға қол ұшын бергенді басты ғұмырлық борышымыз деп есептейтін жандар. Екеуі де қазақы ортада өскен. Ес білгеннен ата-аналарының тәлімді, тағылымды тәрбиесінің арқасында саналы жандар санатына қосылып, 2007 жылдан бері «Рустам» ШҚ-да кәсібін дөңгелентіп отыр.
– Өзім Көкжайық округіне қарасты Ақой ауылының тумасымын. Жарым Индира екеуміз отбасымызда 2 қыз 1 ұл тәрбиелеп отырмыз. Егемендіктің алғашқы жылдарынан-ақ өз қаражатымызға аға-бауырларымызбен бірлесіп, отба-сылық шаруамызды дамытуға бел будық. Соңынан ауыл шаруаларын қолдауға бағытталған «Көкпекті-несие», «Құлан», «Сыбаға» бағдарламалары арқылы жеке шаруашылықты ірілендіріп, мал басын көбейтуге, егістікпен шұғылдануға жағдай туды. Береке-бірлік пен еңбектің арқасында табысқа кенеліп, тұрмыс түзелді. Қазіргі таңда «Рустам» ШҚ-да 50 адам тұрақты жұмыспен қамтылған және әлеуметтік жағынан қорғалған. Науқан кезінде жұмысшы саны 80-ге жетеді, - дейді аз сөзді жас басшы Қайрат Советбекұлы.
«Жомарт бергенін айтпас, ер айтқанынан қайтпас» деген қазақ мақалын айғақтағандай, ол жасаған жомарттықтары туралы әңгімеге келгенде сөзге сараңдық танытып, көп ашыла қоймады.
Ал, ауылдың қазынасы, жақсы мен жаманның ара жігін ажыратып, бағалап, қариялық ақыл-кеңестерін айтып отыратын ақсақалдары, еңбектің сайыпқырандары Тоқан Жазынаев, Қасымқан Мүрсәлімов, Қадыр Боранбаев сынды көнекөз қарттар өздері және ауылдастары атынан Қайратқа үлкендік батасын беріп, шексіз алғыстарын айтуда.
«Жомарттық – рух байлығы. Мұндай рухқа ие болған кісі ешкімнің мәжбүрлеуінсіз жақсылық жасай алады. Қолында байлығы бар азамат байлықты тек таратып беруші ғана емес, сол байлықты жасаушы. Қайрат Дүйсенбаев інілері Қанат, Болаттың көмегімен туған ауылы Ақойда Тәуелсіздіктің 25 жылдығы қарсаңында 300 орындық үлкен ғимарат салып, ауылдастарын қуанышқа бөледі.
Одан бөлек округтегі қоғамдық шаралардан тыс қалмай, үнемі қайырымдылық пен кеңпейілділік жасау арқылы көптің көңілінен шығып жүрген азамат. Қайрат Дүйсенбаевтың қайырымдылық мақсатындағы атқарған жұмыстары, кісілік қасиеттері, мейірімділіктері өңіріміздегі барша ағайындарға ғибрат болсын», - дейді замандастары атынан ризалығын білдіру үшін, ауылда іске асқан игі шараны ел назарына жеткізу үшін арнайы газет редакциясына келген Тоқан ата. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын!..» деген осындайдан шықса керек.
Бақыт МҮЛІКОВА
«Нұр Отан» партиясының Көкпекті аудандық филиалында 13 бастауыш партия ұйымы бар. Ауданда бастауыш партия ұйымдарының есеп беру-сайлау жиналыстарының науқаны басталды. Ең алдымен «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалының №1 Көкпекті сайлау округі бастауыш партия ұйымы төра-ғасының есебі тыңдалды.
Көкпекті аудандық «Нұр Отан» партиясы филиалының мәжіліс залында бас қосқан партияның белсенді мүшелері мен мектеп ұстаздарының алдында «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы №1 Көкпекті сайлау округі бастауыш партия ұйымының төрағасы, Көкпекті орта мектебінің директоры Аслан Танысбаев баяндама жасады. Елбасының білім саласына қолдау көрсетіп отырғанын және зор міндеттер жүктегенін атап өткен Аслан Балабекұлы партиялық жобалар бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға талдау жасады.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.