Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

18 Қазан 2016

РУХАНИ КЕЛІСІМ-БЕЙБІТШІЛІК ТІРЕГІ

Жыл сайын 18 қазан күні елімізде Рухани келісім күні атап өтіледі. Бұл атаулы күн 1992 жылдың 18 қазанында Алматыда Елбасы Н.Назарбаевтың төрағалығымен Бірінші Бүкіл әлімдік рухани келісім конгресі өткен күннен басталады. Елбасымыз тыныштық пен тұрақтылықты сақтаудың жас мемлекетіміздің болашағы үшін маңызы зор екендігін өз Жолдауларында: «Кез-келген халықтың рухани мәдениетінің негізін бейбітшілікке, келісімге, әділдікке ұмтылу құрайды. Көпұлтты қазақстандық мәдениетке тән рухани бастамаларды нығайту мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі. Қазіргі таңда түрлі этностар мен дінге жататын адамдарды біріктіруге қабілетті рухани құндылықтарды бекіту тұрақты күш-жігерді, әрі түрлі елдердің діни көшбасшылары, ғалымдары, мәдениет және өнер қайраткерлері тарапынан үнемі назарды қажет етеді. Бүкіл әлемдік рухани мәдениет форумын өткізу қазіргі әлемнің руханилығын нығайтуға, мәдениеттер мен өркениеттер үн қатысуларын кеңейтуге маңызды қадам болатындығына сенімдімін», - деген ойларымен білдіріп отырды.
Бүгінде осы игі бастамаға еліміздің барлық аймақ-тарында қолдау көрсетіліп, түрлі іс-шаралар аталып өтіледі. Бұл мереке біздің қазақ халқы үшін атаулы күн. Себебі ата-бабаларымыз әр уақытта да өз өмірінде ар мен ұятты жоғары бағалаған. Соның нәтижесінде бүгінде елімізде жасап жатқан түрлі ұлттар мен ұлыстардың және әртүрлі мәдениеттің өкілдері бар. Олар өздерін еркін сезініп, бейбіт өмір сүрулері қазақ халқының бойына сіңген дархандық, мейірімділік пен қонақжайлылықтың арқасында. Халқымыздың бойындағы бұл асыл қасиет ата-бабаларымыздың қанынан дарыған. Исламға дейінгі түркілердің далалық заңдарында бір адам қылмыс, болмаса қателік жасайтын болса, ол бүкіл рудың намысы болып саналатын. Сонымен қоса, бір адам қиыншылыққа тап болса оған бүкіл ел болып жұмыла көмек беретін. Міне, осы жақсы қасиеттер қазақ халқының бойынан кейін Ислам дінін қабылдаған соң да жоғалмай керісінше дамып, қуаттана түсті. Ислам дінін қабылдаған қазақ халқының бойындағы адамгершілік қасиеттер алдымен Құран мен хадис арқылы дамыса, кейін ол Ахмет Яссауи бабамыздың еңбегі арқылы дарыды. Бүгінде жаһандану заманында осы адами құндылығымызды бойымыздан жоғалтпай ұстау біздің басты міндетіміз. Мұндай құндылықты көптеген халықтардың бойынан табу қиын. Осы асыл адамгершілік принциптеріміздің арқасында бүгінде елімізде тыныштықпен ынтымақтастық орнауда. Сондықтан, біз үшін бұл атаулы күннің маңызы зор. Біздің ауданда да бірнеше ұлт өкілі тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Олардың ынтымағын біз күнделікті өмірімізде көріп те жүрміз.
Отбасындағы, тіпті ұжымдағы ынтымақ пен келісім мемлекеттің дамуына ықпал етеді. «Отбасы - шағын мемлекет» деп тегін айтпаса керек-ті. Бүгінгі күні еліміздегі азаматтық институттардың барлығы қоғамдағы келісімнің, бірліктің, елдіктің үздік өнегесін ұстануды мақсат етеді. Бұл Елбасы айтқан «Мәңгілік ел» идеясының өміршеңдігін уақыттың өзі дәлелдегенін айғақтайды.
Мерекелеріңізбен, құрметті жерлестер!

Р.Сағандықов,аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихаттың хатшысы

Read more

ПРАЗДНИК ДОБРА И ПРОЦВЕТАНИЯ

Уважаемые земляки!  Примите поздравления с Днем  духовного согласия!
Это праздник единения и милосердия, добра и процветания. Он объединяет всех нас, независимо от национальности и вероисповедания. На протяжении веков на земле казахов перекрещивались судьбы многих народов — носителей различных культур, религий и традиций. В результате сложилась уникальная ситуация, когда вместе с казахами мирно живут представители 130 этносов и 40 конфессий. При этом в обществе сформированы устойчивые традиции толерантности. Казахстан - страна стремительных перемен. Вот уже более полувека наши граждане независимо от религиозной и этнической принадлежности вместе строят новое, современное и независимое государство.
Благополучие народа, мир, политическая и экономическая стабильность, толерантность многонационального и многоконфессионального Казахстана, добрые отношения с соседями являются нашим главным национальным достоянием, отметил Глава государства Н.Назарбаев.
Культура межконфессионального согласия и сосуществования народов требует больших усилий, интенсивного труда, неисчерпаемой энергии. Но доверие, толерантность, уважение, взаимозаинтересованность — первостепенные ценности в нашем мире, в котором утверждение высших идеалов духовности является важнейшим приоритетом общественного сознания.
Дорогие земляки! Поздравляем вас с Днем духовного согласия. Пусть взаимное уважение, забота о других и добрые дела будут всегда составной частью нашей жизни для укрепления мира в нашем общем доме - Республике Казахстан!
Р.Сагандыков, аким района
Т.Сарманов, секретарь раймаслихата

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз