Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

12 Қыркүйек 2016

ҚҰРБАН АЙТ – МҰСЫЛМАННЫҢ ҰЛЫҚ МЕРЕКЕСІ!

Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары!


Сіздерді жер шарының мұсылмандары ерекше ардақтайтын келісім мен тұрақтылықтың мерекесі– Құрбан айт мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!
Құрбан айт мерекесі – достық пен бауыр-ластықтың алтын діңгегі болып табылады. Ол төзімділікті насихаттап, ортақ адамгершілік құндылықтарды қолдайтын мерекеге айналды. Бұл мейрам конфессияаралық келісім тіректерінің бірі ретінде еліміздің тарихында маңызды рөл атқарады.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың көреген саясатының арқасында бүгін біздің елімізде бейбітшілік, дінаралық және ұлтаралық келісім орныққан. Қазақстанда бір шаңырақтың астында 140-тан астам ұлт пен 17 конфессия өкілдері тату-тәтті өмір сүруде. Құрбан айт, Пасха, Рожде-ство сияқты мерекелердің жылсайынғы атап өтілуі тұрақты мемлекеттік басқарудың бір белгісіне айналды. Бұл біздің мемлекетімізде адамның дінге сену еркіндігі құқығына кепілдік беретін демократиялық қағидаттарды берік нығайтудың дәлелі болды.
Құрбан айт мерекесінде Сіздердің ең жақсы ниеттеріңізбен жасалған құрбандықтарыңыз қабыл болсын. Осы мереке әр отбасына бақыт және игілік әкелсін! Қазақ жерінде әрқашан бейбітшілік пен келісім салтанат құрсын!
Осы орайда, әрбір азаматтың бір-біріне деген бауырмашылықтарын арттырып, мұқтаж жандардың осы күндері мерейлерін арттыруына үлкен пайдасын тигізетін Құрбан айт мейрамымен тағы да құттықтаймыз!
Айт күнгі ізгі ниеттеріңіз бен шалған құр-=бандықтарыңыз қабыл болсын. Ұлы мерекеде әр отбасына бақыт, береке тілеймін. Деніміз сау, жұртымыз тыныш, елімізде тек жақсылықтар бола берсін!

Р.Сағандықов, Көкпекті ауданының әкімі

Т.Сарманов, аудандық мәслихаттың хатшысы

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз