Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға және жұмыссыздықты мейлінше азайтуға баса мән беріп келеді. Бұл ретте, Үкіметтің «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы ел игілігіне қызмет жасауда.
Биыл аталмыш бағдарламаның аясында біздің ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл бағдарламаның екінші бағыты жеке кәсібін ашып, екі қолға бір күрек табам деушілерді қаржылай қолдауды көздейді. Аталмыш бағыт бойынша берілетін несиенің шарттары да өте тиімді. Несиенің пайыздық үстемеақысы төмен, несие бірнеше жылға қарастырылған. Осындай мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып отырған кәсіпкерлер біздің ауданда жетерлік. Солардың бірі Теректі ауылының тұрғыны Рымғайша апай.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.