Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

01 Наурыз 2016

ВЕТЕРИНАРИЯ ҚЫЗМЕТІ САРАПТАЛДЫ

Аудан аумағындағы ветеринария қызметінің жай-күйі дүй-сенбі күні өткен семинарда қызу талқылауға түсті. Аудан әкімі Р.Сағандықов төрағалық еткен семинар-кеңестің басты тақырыбы да осы. Жиынның мақсаты атқарылған жұмысты сараптап, алдағы күннің міндеттерін нақтылау.
Аудандық «Көкпекті мал дәрігері» КМК директоры Т.Сармановтың жасаған баяндамасына жүгінетін болсақ, өткен жылы аталмыш мекеме қызметкерлері тарапынан ауданда аса қауіпті жұқпалы аурулардың алдын-алуда, ауруларды диагностикалауда, малдан алынатын тамақ өнімдері мен шикізаттардың адам өміріне деген қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатындағы жоспарланған ветеринарлық іс-шаралар толығымен орындалған.
«Көкпекті ауданында 54094 бас ірі қара, 78593 бас ұсақ мал, 15444 бас жылқы, 1151 шошқа, 14 бас түйе, 1286 бас марал бар. «Көкпекті мал дәрігері» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорында 56 ветеринарлық маман жұмыс істейді, оның 25-і мал дәрігері, 31-і мал дәрігерлік фельдшер. 2015 жылы ветеринарлық -профилактикалық жұмыстарға республикалық бюджеттен 68 миллион теңге бөлінді. Облыстық бюджет есебінен энзоотикалық ауруларға 13 млн. 814 мың теңге бөлінді», - деді мекеме басшысы.
Бұдан әрі баяндамашы есептік мерзімде жұқпалы ауырулардың алдын-алу, диагностикалық тексеру жұмыстары, яғни тексерілген мал түрлері мен саны, сібір жарасы, қарасан, құс тұмауы, туберкулез, құтыру, оба сияқты аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы егілген екпелерге тоқталды. «2015 жылы аудан бойынша сібір жарасы ауруына қарсы 73800 бас ірі қара мал, 130000 бас ұсақ мал, 14000 бас жылқы, 1500 бас шошқа, 154 бас түйе, 1600 бас марал егілді. Ал, аусыл ауруына қарсы 123000 бас ірі қара мал, 301 000 бас ұсақ мал, 1200 бас жылқы, 1000 бас шошқа, 800 бас марал егілді. Туберкулезге аллергиялық тексеруден 130 000 бас ірі қара малы тексерілді, оң нәтиже берген мал болған жоқ. Сонымен қатар, ауданда соңғы жылдары туберкулез ауруына шалдыққан ірі қара болған жоқ. Барлық ветеринарлық-профилактикалық жұмыстар бекітілген жоспар бойынша жүзеге асты», - деп атап өтті Талғат Манапұлы.

Read more

БІРЛІГІМІЗ НЫҒАЙЫП, БЕРЕКЕМІЗ АРТА БЕРСІН!

Бүгінде бес халықтық реформаны тайға таңба басқандай белгілеп, іске асыра бастаған қазақстандықтардың тәжірибесіне терең үңіле бастаған өзге елдер аз емес. Ең бір артықшылығы өз атауынан көрініп тұрғанындай, оның халық үшін жасалғаны. Осы реформаның төртіншісінде мемлекет құраушы ұлт ретінде қазақ халқына айрықша жауапкершілік жүктелетіні атап көрсетілген. Өйткені, қазақтар жаңа Қазақстанның болмысын қалыптастыруда барлық ұлыстарды ұйыстырушы рөлге ие. Мұндай міндет Қазақстандағы өзге этнос өкілдерінің мемлекет құраушы ұлтқа деген шексіз құрметі мен алғыс сезімі одан әрі арта түскен жағдайда ғана ойдағыдай іске аспақ.  Халқымыздың ерлік пен елдікке толы жылнамасында  қайғылы да қасіретті кезеңдердің де аз болмағаны ащы шындық.  Тәуелсіздік жылдарында ел шежіресінің ақтаңдақ беттері ашылып, мемлекет тарихы жаңа мазмұнда, жаңа көзқараста жазылып келеді. Тарихшылардың мәліметінше ашаршылық жылдарында елі-мізде 1,5 миллионға жуық адам көз жұмған. 

Ашаршылықтың ізін ала репрессия келді.  Репрессияға тек қазақ халқы қана ұшыраған жоқ. Қанды жылдарда қазақ жеріне тұтас халықтар жер аударылды. ХХ ғасырдың бірінші жартысында Қазақстанға миллиондаған адам күшпен көшіріліп әкелінді. Олардың қатарында корейлер, финдер, немістер, поляктар, күрдтер мен қарашайлар, месхеттік түріктер, кавказдықтар және басқа да көптеген ұлыстар бар. Үздіксіз жалғасқан саяси науқандар мен қанды қасаптардан есін жия алмай жатқанына қарамастан, қазақ халқы, тағдырдың тәлкегіне түскен барша ұлыстарды бауырына басты. Қазақ жеріне қоныс аударған сол этностар өкілдерінің барлығы бүгінде біздің бауырларымызға, отандастарымызға айналды. Тар жерде табысқандардың ұрпағы– кең жерде келісіп, бүгін тағдыры бір Қазақстан халқы деген ұлы елге айналды. Бейбітшіліктің бесігі атанып, бүкіл әлемге танылды. Төрт тарапты түгел мойындатып, өсіп-өркендеу жолына түсті. Сол біртұтас елдің қатарында біздің ауданның да көпұлтты тұрғындары бар. Олардың барлығы да бір кісідей жұмыла еңбек етіп, Мәңгілік ел құру жолында еңбек етуде.

Құрметті аудан тұрғындары, отандастар! Сіздерді еліміздегі татулық пен бірлікті паш ететін тағы бір мереке – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймыз! Бірлігіміз нығайып, берекеміз арта берсін!

Р.Сағандықов,аудан әкімі

Р.Беспаев, аудандық мәслихаттың хатшысы

 

Read more

ДАНЬ УВАЖЕНИЯ ДРУГ К ДРУГУ ВСЕХ ГРАЖДАН НАШЕЙ СТРАНЫ

14 января 2016 года Президент Республики Казахстан Н.А.Назарбаев Указом № 173 учредил в Казахстане День благодарности, который будет отмечаться 1 марта, в день создания Ассамблеи народа Казахстана. Целью празднования является утверждение принципов консолидации общества, гражданского мира, общественного согласия, укрепления казахстанской идентичности и единства, ценностей общенациональной патриотической идеи «Мәнгілік Ел» и Нового Казахстанского Патриотизма, как общенационального достояния народа. Символично, что народ Казахстана будет впервые отмечать День благодарности в год 25-летия Независимости.

День благодарности – это, прежде всего, день торжества президентской политики мира и согласия, благодаря которой в Казахстане царят покой и гармония, взаимное доверие и уважение всем казахстанцам.  Это - низкий поклон благословенной казахской земле и народу, принявшему по братски и, одарившего заботой и гостеприимством миллионы людей разных этносов, приехавших в Казахстан, порою, в результате трагических событий.  Казахский народ принял их боль как свою собственную, и это навеки стало нравственным мерилом отношений между людьми разных этносов в нашей стране. День благодарности – это день традиций благотворительности, социальной солидарности и взаимной поддержки,  духовных традиций милосердия и открытой души, готовности делиться, и помогать друг другу, как это сделал наш народ в годы репрессий и депортаций.

День благодарности – это дань уважения друг к другу всех граждан нашей страны, в особенности, представителей старшего поколения, которые плечом к плечу пережили непростые времена, и за короткий срок общими усилиями под руководством Елбасы построили Независимый Казахстан.

 Примите самые искренние и теплые поздравления с Днем благодарности, который является великим днем казахстанского патриотизма, дружбы этносов нашей Единой Нации, днем уважения нашей общей истории, творцом которой стал полиэтничный народ Казахстана! Желаем всем крепкого здоровья, благополучия, счастья и достатка каждой семье,  мира и созидания нашему общему дому!

Р.Сагандыков, аким района

Р.Беспаев, секретарь раймаслихата

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз