Құрметті аудан тұрғындары!
Сіздерді ұлық мереке – Қазақстан Тәуел-сіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз осы уақыт аралығында толағай табыстарға жетті. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.
Құрметті жерлестер! Осыдан 24 жыл бұрын Қазақстан Республикасы тарихи таң-дау жасап, өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін жариялаған еді. Содан бергі өткен аз ғана уақыт аралығында Қазақстан бүкіл әлем таныған, төрткүл дүние төрінен ойып орын алған ілгері ел дәрежесіне жетті. Мемлекетіміздің қарқынды дамуы тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Егемен еліміздің айбыны мен мақтанышына айналған Астана тағы да халықаралық үлкен бәсекеде бас бәйгеге ие болды. Әлемнің 161 мемлекетінің арасында топ жарып «EXPO-2017» Халықаралық көрмесін өткізу құқығына ие болу үлкен мерей, зор құрмет. Бұл – біздің бүкіл халқымыздың ерен еңбегінің жемісі, бұл – біздің Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назар-баевтың сындарлы саясатының жеңісі. Күні кеше жарияланған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Елбасының Жолдауы біздің елімізді жаһандық дағдарыстан алып шығатын нақты бағдарлама, жоспар. Оны жүзеге асыра отырып біз жаңа белестерді бағындырып, жетістіктерге жетеміз. Еліміздің Тәуелсіздігінің 25 жылдығын амандықта қарсы алуға күш саламыз. Біз бейбіт елміз, бейбітшілік ата-бабамыздың ежелгі ұраны.
Құрметті аудан тұрғындары!
Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттық-таймыз. Сіздерге мықты денсаулық, Ота-нымыздың өсіп-өркендеуі жолындағы еңбек-теріңізге зор табыс тілейміз!
Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болғай!
Р.Сағандықов, аудан әкімі
Р.Беспаев, аудандық
мәслихаттың хатшысы
День Независимости – главный государственный праздник современного Казахстана. Он ознаменовал собой рождение новой суверенной и независимой страны – Республики Казахстан. В преддверии этой знаменательной даты, жители района спешат поздравить своих земляков с государственным праздником и высказать свое мнение на страницах нашей газеты:
Гульбагира Дюсюпова, директор историко-краеведческого музея:
- В XXI веке только та страна заживет счастливо, которая будет сильна единством, радостна своим трудом, дружна своими людьми. Мы, Казахстаном, осознали это своими сердцами», - сказал Президент страны Нурсултан Абишевич Назарбаев. Казахский народ гостеприимно принимал на своей земле множество различных переселенцев, помогал выжить, стать на ноги. Исторический выбор в пользу государственной независимости 24 года назад сделал весь многонациональный народ Казахстана. И благодаря мудрой и дальновидной политике нашего Елбасы Казахстан стремительно развивается, показывая всему мировому сообществу яркий пример межэтнического согласия. Независимость выстрадана многими поколениями наших предков, защищавших кровью и потом нашу священную землю. Независимость - непоколебимая решимость каждого гражданина до последней капли крови защищать Казахстан, как завещали нам наши героические.
Алена Алдажуманова, врач противотуберкулезной больницы с.Кокпекты:
- Сегодня мы исполняем свою историческую миссию - строим независимый, процветающий, политически стабильный Казахстан. За два с небольшим десятка лет Независимости, у нас создано сильное государство, новая экономика и новое единое общество.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.