Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

25 Қараша 2015

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КҮНІ ӨТТІ

Батыл қадам жасап, бала тәрбиесіне үлкен үлес қосып, көпшіліктің алғысына бөленіп жүрген ата-аналарға Қазақстан Республикасында 2011 жылдан бастап «Қамқоршы күнін» атап өту қалыптасқан, бұл күнді Ж.Болғанбаев атындағы орта мектепте де жылдағы дәстүрге айналды.
«Қайырымдылық жасасаң, қайырымын өзің көресің», - деген екен дана халық. Қайырымдылық - халқымыздың ең ізгі қасиеттерінің бірі. «Жанашырлыққа жан риза», - дегендей, аялы алақанын тосып, жүрек жылуын ұсыну, сауабы мол іске атсалысу әрбір адамның азаматтық парызы. Мектебімізде мерекеге байланысты «Жан жылуы» атты «Қамқоршы күніне» арналған қайырымдылық акциясы өтті.
2015-2016 оқу жылында мектебімізде әлеуметтік жағдайы төмен отбасындағы оқушылар саны - 83. Олардың ішінде әлеуметтік көмек алатындар 6 оқушы (3 отбасы), жағдайсыз отбасындағы оқушылар 14 (8 отбасы), жалғызбасты аналар тәрбиеленуінде 15 оқушы (13 отбасы), жалғызбасты әкелер тәрбиеленуінде 4 оқушы (4 отбасы), көпбалалы отбасындағы оқушылар 38 (20 отбасы), қамқорлықтағы оқушылар 6 (5 отбасы).
Іс-шараға өзгелерге үлгі болатындай, ерлігімен танылған қамқоршылар К.Қылжықова, Р.Солтанбекова, К.Атамбаева, Б.Мұқашев және Г.Смағұлова келді.
Іс-шараға директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Апсадықова қатысып, іс-шараның шымылдығын ашып берді. Сонымен бірге, Самар ауылдық округінің әкімшілігінің бас маманы Нұрпейісова Гүлсара Әнуарбекқызы келген қонақтарға ыстық ықыласын білдіріп, қамқоршыларды марапаттап, сыйлықтар табыстады. Қамқоршылардың атынан Рауза Тұрсынбекқызы сөз сөйлеп, көпшілікке алғысын білдірді.
Халқымыз қашанда ұрпағына дегенде жүрек жылуын аямайтын дархан көңілімен, жомарттығымен ерекшеленген. Сондай көңілі кең, жаны жайсаң ағаларымызды атап өткен жөн – Сәния Ислямова, Есенбек Мәмбетов, Нұрзада Шәпибаева, Бағлан Құмарова, Бақыт Сембинова, Самарқан Жотабаев, Альмира Шақпантаева, «Дәншік» балабақшасының ұжымы, Самар ПБ, ауданаралық аурухана ұжымдарына қол ұшын беруге атсалысқан демеушілерімізге, қайырымдылық акциясын ұйымдастыруға ұйытқы болған мектеп басшыларына алғысымыз шексіз.
Шара барысында оқушылар концерттік бағдарлама дайындады. Кездесу өте мазмұнды да мағыналы өтті.
С.Советова,
әлеуметтік педагог,
Ж.Болғанбаев атындағы орта мектеп

Read more

ҰСТАЗ ДЕГЕН АТҚА ЛАЙЫҚ БОЛУ ОҢАЙ ЕМЕС

Қазіргі күні ұстаздық мамандықты таңдайтындар аз. Ал таңдағандары мектепте жұмыс істеуге құлықты емес деген пікір жиі айтылады. Ал енді біздің аудандағы мектептердегі жас мұғалімдердің жыл сайын артып келе жатқанына қарап, бұл пікірдің қате екеніне көз жеткізе аламыз. Жас мұғалімдер шоғырланған мектептің бірі Сарыбел ауылындағы орта мектеп.
Жас ұстаздар жаңалық жаршылары, олар оқушылардың ғана емес мұғалімдердің өздеріне де жастық жалындарымен оң әсер берері сөзсіз. Сондай жігерлі жастардың бір тобы осы мектепте. Олар Биғайша Смағұлова, Гүлім Қабылқақова, Нұрберген Өскенгүл, Ситора Нұрпейісова, Жандарбек Нұрпейісов, Алтай Ардагүл. Биғайша Тұрақанқызы педагогикалық колледждің түлегі, осы ауылдың тумасы, ол – технология пәнінің мұғалімі. Гүлім Бекзатқызы Үлкенбөкен ауылынан келген, Шәкәрім атындағы Семей университетінің түлегі, хим-биолог. Жоғары білімді ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Нұрберген Өскенгүл. Ерлі–зайыпты жас мамандар Ситора – дене шынықтыру сабағынан дәріс берсе, Жандарбек – психолог. Алтай Ардагүл – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.

Read more

Ауылшаруашылығы – экономикамыздың еңселі саласы

Аталмыш саланың ел экономикасын дамытудағы, Елбасы Н.Назарбаевтың басшылығымен жүргізіліп жатқан реформаларды жүзеге асырудағы орны өте зор. Жыл сайынғы дәстүр жалғасын тауып, биыл да Белое ауылдық округінде ауылшаруашылық қызметкерлері күні аталып өтілді.
Бұл мереке қараша айының 19 күні ауылдық округке қарасты тірек ауылдарындағы шаруа қожалықтарының басын қосқан, әсерлі де әдемі мерекелік кеш болды. Белое ауылдық округіне қарасты 15 шаруа қожалықтары ірілері «Құсайынұлы БК», «Нұрпейісов СР», «Құнғожа», «Еңбекші» және тағы басқа шаруа қожалықтардың басшылары кәсіпкер Марат Хасеновтың дәмханасында мерекелік кеш өткізді. Бұл кешке аудандық маслихаттың депутаты К.Кожаева келіп, құттықтау сөзінде: «Ел экономикасында ауыл шаруашылығы саласының алатын орны ерекше, себебі ол мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің кепілі, халықтың әл-ауқатының негізі болған және солай болып қала береді де. Ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қамқорлығының арқасында экономиканың осынау секторы бүгінде қарқынды дамып келеді. Бұл айтулы мереке біз үшін – атқарылған істерге баға беру күні болып саналады. Берекелі еңбектің берері мол. Сол себептен де, еңбектеріңіз жана берсін. Халқымыздың алтын бесігі, асыл қазығы – ауылдарымыз көркейе түссін», - деп, барлық шаруашылық сала қызметкерлерін кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.

Read more

БЕРЕКЕЛІ ЕҢБЕКТІҢ БЕРЕРІ МОЛ

Аспаннан жаудырып, жер-ден өндірген өнімін жиып, көктемгі төлін жайлау төсін-де аяқтандырып, малын қоңдан-дырып әкелген диқан мен малшының арқаны кеңге салар шағы – күз айы. Жыл сайын қараша айының соңғы апталарының бірінде ауданымызда диқандар мен малшылар, механизаторлар, көкөніс өсірушілер – ауыл шаруашы-лығы өнімін өндіруші мен қайта өңдеуші саланың майталман еңбеккерлері күні аталады. Биыл да сол дәстүрден таймай, өткен сенбі күні Самар ауылындағы Мәдениет үйінде сала еңбеккерлерін және ардагерлерін ұлықтау салтана-ты өтті. Сонымен бірге, бүгінгі жиынға ау-данның қаржы саласының қызметкерлері де қатысып, оларға жақында ғана өткен төл мерекелеріне орай құрмет көрсетілді.
Ауданның экономикасын дамытуда маңызды орын ауылшаруашылығы өндірісі кешеніне тиесілі. Оны дамытудың шешуші кезеңі ауданның азық-түлік қауіпсіздігі деңгейін нақтылайды. Ауданның ішкі жалпы өнімінің 83,9 пайызы аграрлық са-лаға тиесілі. Ауданның ауылшаруашылығы саласы өсімдік шаруашылығын қатар ала отырып, мал шаруашылығымен айналысу болып табылады. Бүгінгі күні Көкпекті ауданында 822 ауылшаруашылығы құрылымы тіркелген, оның ішінде 783-і шаруа қожалығы болса, 39-ы жауапкершілігі шектеулі серіктестік. Ауылшаруашылығының жалпы өнімінің көлемі аудан бойынша 11 732,2 млн.теңгені құрады, 9 айдың ішіндегі жалпы өнім өндіру қарқыны 102,5%-ды құрады. Ауданның облыстың ауыл-шаруашылығы өнімдері бойынша жалпы өнім көлемінің үлесі - 6,1%-ды құрайды. Ауданның ауылшаруашылығы өнімдері бойынша жалпы өнім көлемі мал шаруашылығында - 69,0%, өсімдік шаруашылығында - 31,0%.
Бүгінгі мереке иелерін құттықтай отырып, аудан әкімі Р.Н.Сағандықов ауданның ауыл-шаруашылығы саласы жыл өткен сайын қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті.

Read more

БЛЕСТЯЩИЕ ПОБЕДЫ ЮНЫХ БОКСЕРОВ

В последнее время популярность бокса неуклонно растет. Это вызвано тем, что люди стали уделять спорту больше внимания, ну а бокс делает человека не только физически развитым, но еще и умеющим постоять за себя в сложной ситуации. Все чаще среди школьников можно встретить ребят, которые увлечены боксом и уже имеют определенные достижения в этом виде спорта. Есть такие спортсмены и в Преображенской школе округа имени К.Аухадиева.
С 1 по 5 ноября 2015 года в г.Семей проходил 16-й Республиканский турнир по боксу памяти Малдыбай Кажы среди юниоров 2000-2001 г.р. В турнире принимали участие команды нашей Республики и команды из Российской Федерации. Несмотря на большое количество достойных соперников, ученик 9 класса Жандос Сатыбалдин сумел выдержать все поединки и блестяще одержал победу, заняв 1 место в весовой категории 50 кг. Жандос получил звание Чемпиона Казахстана и приглашение на участие в Мировом турнире по боксу, который пройдет в мае следующего года в Монголии.
Второй не менее успешный боксер и гордость школы – Виталий Черкашин 14-18 ноября этого года принял участие в областном Чемпионате по боксу и стал бронзовым призером в весовой категории 63 кг.
Тренер ребят А.Мизамитов с гордостью рассказывает о своих воспитанниках. – Ребята подают большие надежды в боксе. Я рад, что они с достоинством представили наш район на прошедших соревнованиях и показали хорошие результаты. Теперь, наша задача стать еще более успешными и добиться самых высоких побед в этом виде спорта. Я горжусь своими ребятами, и рад, что они поднимаются все выше по спортивной лестнице.
Ну а мы поздравляем ребят и их тренера с победами и желаем им успехов в дальнейших испытаниях.

Екатерина СКУДАРНОВА по данным аппарата акима сельского округа

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2015 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 18 19 20 21 22
23 24 26 27 28 29
30            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз