Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

15 Қыркүйек 2014

ӨМІРДЕН ТҮҢІЛМЕУ ҮШІН, МАҒАН ҚАЛАЙ ӨМІР СҮРУ КЕРЕК? «БЕЙЖАЙ БОЛМАУ КЕРЕК»,- ДЕГЕН ЖАУАП АЛДЫМ

Азық-түлік қауіпсіздігінің мәселесі, инфляция үрдісін тоқтату кейінгі кезде қоғамның басты тақырыбына айналуда. Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі осыған байланысты болды, биліктің атқарушы органдары, біздің ірі бизнесмендер ауданда алдын-ала сақтандыратын тұрақтандыру қорын құруды қолдады. Бұл - ең өзекті және қызу талқылайтын тақырыптардың бірі. Бүгінде бағалар туралы әңгімені әрбір адамның аузынан естуге болады.

9 қыркүйекте жұмыс тобы,аудан әкімінің тапсырмасы бойынша құрылған, Көкпекті ауылының сауда нуктелерін аралады. Қоғамдық ұйымдардың өкілдері,аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы, биліктің жергілікті атқарушы органы кәсіпкерлермен  құрылымдық кемшіліктер туралы сөйлесуге әрекет жасады. Сөз баға туралы ғана болып қойған жоқ. Жұмыс тобының мүшелері кәсіпкерлерге  ең қажетті заттарға 10 пайыздық баға қосуды сақтауға шақырды.Олардың көбіКөкпекті округінің әкім аппаратымен  осы мәселе бойынша меморандум келісімін жасаған. Әңгіме барысында  кәсіпкерлердің азаматтық ұстанымын көтеру, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін көтеру.Мониторингтің көрсетуі бойынша, осы күні ең қажетті азық-түліктің бағасы: бірінші сорт ұнның келісі - 74-76теңге; күнбағыс майының бір литрі - 250 теңге; макарон өнімдері - 140-150 теңге; қант-190-200 теңге; күріш - 230-250теңге, тұз - 45-50 теңге. Ең тұрақты баға барлық азық-түліктің түріне «Шынар» дүкенінде Ж.Сәрсенбаева және «Әлия» Ә.Мұқашева дүкенінде.Баға шарықтаудан алдына жан салмайтын дүкендер «Айдын» Р.Мұхаметжанова, «Кешу» М.Құрмакешова. Дүкендерді аралау кезінде қызмет көрсету орталықтарында басқа да, мәселелер жарыққа шықты.Жұмыс тобының мүшелері кейбір дүкендерде касса аппараттарының жоқтығын атады. Бар дүкендерде чек соғылмайды. Сауда нүктелеріне қойылатын талап екнін бола тұра көп дүкендерде бағалар қойылмаған. Бұл сатушыларға ыңғайлы ма деп ойлаймын, аспанға қарап бағаны көбірек айта салу. Дүкендердің сыртқы келбеті туралы талай жаздық, бірақ одан нәтиже жоқ. Дүкендердің, сатушылардың сыртқы бейнесінен көп нәрсені аңғаруға болады.

Біздің тілші

Read more

БАБЫН ТАПСАҢ - БАЙЛЫҚ ЖЕРДЕ

Аудан әкімі Д.М.Мусиннің тапсырмасымен, жерді тиімді пайдаланып, шаруасын шырқ үйіріп отырған белді шаруа қожалығы әкелі-балалы Виничуктер отбасының егіс даласына бардық. Күзгі жиын-терін науқанының қызған шағында орақ барысымен танысып, күнбағыс өсіп тұрған алқапты өз көзімізбен көріп қайттық.

«Жер қадірін - диқан білер» деп бекер айтылмаса керек. Жыл он екі ай егіс танаптарын баласындай күтіп-баптайтын - диқан бейнеті мен зейнеті мол еңбектен күс-күс болған алақанының жылуын, жүрегінің мейірімін, өзін, өзін ғана емес, бала-шағасын асырап отырған қара жерге дәнмен қоса сіңіреді. Өйтпесе болмайды. Жер — өзін қылаусыз сүйген адамға ғана жомарт. Еліміз тәуелсіздігін алып, жеке шаруашылық жүргізу үрдісі қалыптасқаннан бері ауданымызда диқаншылар әулетінің қалыптасуына негіз қаланды. Біз әңгімелегелі отырған Виничуктер әулетінің тыныс-тіршілігі егіншілікпен тығыз байланысты. Жас жігіттер егіншілік технологиясына да жете мән береді. Ол құрғақшылықта да астықсыз қалдырмайды. «Шегірткеден қорыққан егін екпейді» дейді қазақ. Үстіміздегі қуаңшылықтың зәрәзап қылғанына қарамай, тәуекел еткен диқаншы ағайындылардың еңбегі жанып, күнбағыс егістігі бітік шығыпты.

Бос жатқан жерлерді өңдеп, егіншілікпен айналысқандарына көп бола қоймаса да ағайынды Виктор мен Юрий «Әке көрген - оқ жонар» деген аталы сөздің ақиқаттығының дәлеліндей өздерін кішкентайынан еңбексүйгіштікке баулыған әкесі Владимир Виничуктің еңбек мектебінен өткенін көрсетіп жүр. Жастайынан өзі де еңбекпен шыныққан В.Виничук ұлдарына бағыт-бағдар беріп, үнемі қолдау жасап, ақыл-кеңес беріп отырады. Олардың жас та болса диқаншылықтың қыр-сырын меңгеріп, жердің жомарттығын пайдалана білуі, күн-түн демей істеріне адалдықпен қарауы - ауданда жұмыссыз сенделіп жүрген жастарға үлгі етерлік өнеге деуге болады.  

-Егіншілікпен біз бүкіл отбасымызбен шұғылданамыз. Сондай-ақ, екі тракторшы жігіттерді жұмыспен қамтып отырмыз. Жалпы көлемі 2000 гектар жерге күнбағыс,бидай мен арпа септік. Ауа райы қолайсыздығының залалы бізді де айналып өтпегенмен егістігіміз жаман шыққан жоқ. Көктемгі егін егу науқанын уақытылы бастау, агротехникалық шараларды толық сақтау мен сапалы тұқым құрғақшылық белең алып тұрған жазда да мол өнім алуға мүмкіндік беретіні сөзсіз. Мөлшермен алғанда 1 гектарынан 7-8 центнерден өнім аламыз ба деп отырмыз. Биыл егістік алқабына элита тұқымды бидайдың «Омская-18» сұрпын Өскемен қаласындағы «Тандем-Агро» компаниясынан сатып әкелдік. Бұл жерде агрономда, механизатор да, күзетші де өзіміз. Біріміз түнде күзетсек, екіншіміз комбайнмен орамыз, енді біріміз жерді қайта жыртамыз. Осылайша таңның атысы, күннің батысы бидайды жинап алғанша тыным таппаймыз. Одан кейінгі кезек күнбағыс жинауға тиеді, - дейді жас диқан Юра күнге тотыққан жүзі нұрлана жымиып.

Оның айтуынша, күнбағыстың гибрид тұқымын Өскеменнен сатып әкеліп, биыл бірінші рет салған. Ал «Рокки» тұқымын екінші жыл өсіруде. Күнбағыстың «Арена ПР» сұрпының артықшылығы - осы дақылға зиян келтіретін пероноспороз және тағы басқа ауруларға төзімділігі. Аталмыш гибрид тұқымдыққа жарамағанмен, майлы сұрып болып табылады.

Арнайы дала аруы өсіп тұрған алқапты аралағанымызда көргеніміз, олар түп-түзу қатарлармен, дәнге толы табақшаларын көтере алмай, бастарын иіп тізіліп көздің жауын ала қызықтырады.

Юраның айтуынша,ұзаққа созылатын кезеңіне байланысты күнбағысты нәрлендіру заттары біршама көп талап етіледі. Өсімдіктен 1 центнер тұқым алу үшін топырақтың 6 кг азоты, 2,6 кг фосфоры, 8,6 кг калий қажет болады. Жеткілікті калийі бар қара топырақта ерекше тиімді азот және фосфор тыңайтқыштары болуы керек. Басқа топырақтарда фосфор және калий тыңайтқыштарын жер жырту барысында пайдаланады. Азот тыңайтқыштарын көктемде ұрықтандыру кезінде қолданады. Органикалық тыңайтқыштар із салушы астына салынады Егер бұны тікелей күнбағыс астына төсейтін болса, онда оның сабағы тым ұзарып кетеді. Күнбағысты әрдайым бір егілген жеріне үнемі егу, әркезде араға 8—10 жыл салып жерді тыңайту керек. Биылғы салған гибрид тұқымын олар жыл сайын көктемде сатып алып сеппек. Өйткені, бұл әртүрлі табиғат жағдайларына төзімді, бейімделген сұрып.

Биылғы жылы жігіттер үкіметтен алған 3 млн. теңге субсидияға элеватор сатып алып, оған жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Үкімет тарапынан іспен шұғылданам деушілерге көмек болып жатса, ендеше дана халқымыз «ақсұңқар жемін шашып жейді» дегенге сай, диқан жігіттер де жақсылық жасау азаматқа жарасатынын біледі. Олар да өз ауылдастарын азық-түлікпен қамтамасыз етуде көмек қолын созуға әрқашан даяр екендіктерін айтады.

Кәсіп әкеден балаға ауысса, ырыс бірге ауысады. Әке жолын қуған Витя мен Юраның қасынан кенже інісі Николай да қалмай, олармен бірге еңбек етуде. Ол екеуі де диқаншылық кәсіптің берері мол екенін түсінген, жер қадірін біледі. Ендеше, бұл әулет егіншіліктен қол үзбейтіні анық. «Бабын тапсаң – байлық жерде» дегеннің байыбына көзі жеткен жас диқандарға еңбектерің жансын, табыстарың еселене берсін дегіміз келеді.

Бақыт МҮЛІКОВА

 

Read more

МЕЙІРІМДІЛІК ЖҮРЕКТЕН

Міне, жаңа оқу жылы да басталды. Әдеттегідей тамыз, қыркүйек айлары «Мектепке жол» акциясына арналады. Бұл шарадан Көкжота орта мектебі де тыс қалған жоқ.

«Жақсының жақсылығын айт нұры тасысын» дегендей, біздің мектеп ұжымы қайырымдылық акциясына бар ынталарымен атсалысты. Сондай-ақ, демеушілер тарапынан көп балалы және аз қамтылған отбасындағы оқушыларға қажетті киімдер мен оқу құралдары табысталды. Биылғы оқу жылында мектеп оқушылары бірыңғай мектеп формасына көшті. Осы мектеп формасын алып беруге қатысқан Аққала ауылының тұрғыны Қантаева Сәуле Чайкеланқызының жомарттығын айтуға тұрарлық. Сәуле Чайкеланқызы өз тарапынан аз қамтылған және тарихи Отанына қайтып оралған қандастарымыздың балаларына арнап, 4оқушыға мектеп формасын ұсынды. Осындай игі істердің ұйытқысы бола білетін демеушілерімізге алғысымыз шексіз!

Дауыл Мақпал, Көкжота орта мектебінің аға тәлімгері

Read more

ДЕНІ САУДЫҢ – ЖАНЫ САУ

Денсаулық – адам өміріндегі ең жоғары бағалы дүние болғандықтан, әр адам өз ағзасының саулығына көңіл бөле қарау қажет екені белгілі. Әр адамның бойында салауатты өмір салтын қалыптастыру, оған ынталандыру, дене тәрбиесімен айналысу, зиянды әрекеттерден жат ағымдардың ықпалына еріп кетудің алдын алу – бүгінгі күннің басты мәселесі. «Дені саудың – жаны сау» деген аталы сөз бекер айтылмаса керек. Елдің келешегі жарқын болу үшін денсаулығы мықты ұлт қалыптастырудың маңызы зор. Осыған орай, денсаулық және спорт фестивалін бүкіл елімізде жаппай бір күнде өткізу жыл сайын дәстүрге айналуда.

Көкпекті ауылындағы орталық алаңда 6 қыркүйек күні «Денсаулық фестивалі - 2014» атты акция аясында мекемелер мен кәсіпорындар, мектеп оқушылары арасында дене шынықтыру мұғалімдерінің нұсқауымен жаттығу жасалды. Қ.Раев атындағы балалар үйінің ұжымы, қорғаныс бөлімі, өрт сөндіру ұйымы, мектеп ұжымы және оқушылар Президенттік миля бойынша жүгіруден өткен жарысқа белсенді қатысқан мекемелер. Атап айтсақ, балалар үйінің тәрбиешілері Қ.Тыныбаев пен Г.Жұманова, оқу ісінің меңгерушісі Х.Құсайынов, қорғаныс бөлімінен Д.Нұрекенов пен Рысбек ???сынды азаматтар жүгіруден алдарына жан салмады. Жүгіріс сайысынан соң спорттық іс-шара, кіші футбол, қол күрес, гір көтеруден жарыстар өткізілді. Жарыс жеңімпаздары спорт бөлімінің арнайы тағайындаған бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

С.Теміржанов, аудандық спорт және дене шынықтыру бөлімінің бас маманы

Read more

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қыркүйек 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз