"Өңірлерді дамыту 2020-2025" мемлекеттік бағдарламасының арқасында ауылдық аумақтарды абаттандыру, инфрақұрылымды жақсарту бойынша кешенді шаралар атқарылуда. Қайыңды халқын мазалаған жаңа көпір салу жұмыстары сәтті аяқталып, тұрғындарға қуаныш сыйлады.
Қайыңды ауылын екіге бөліп ағып жатқан өзенге жаңа көпір салынып, пайдалануға берілді. Көпір салу бүгінгі күнге дейін ауыл тұрғындарының түйткілді мәселесіне айналған еді. 50 жыл бұрын қаланған көпір аласа болып, мұз қата берген соң, 1980 жылдары қайта бетон құйып, биіктетіп жөндеген. Жарты ғасырға жуық уақыт өткеннен кейін көпірдің материалдары шіріп кеткен. Тіпті, көліктер өте алмайтындай күйге түскен. Соңғы бірнеше жылда ауыл тұрғындарынан «ауылға көпір керек» деген ұсыныс жиі айтылды.
11 қараша күні аудандық әкімшілік ғимаратындағы «Ашық әкімдік» кеңсесінде Самар ауылдық округінің әкімі Ахмет Күдербаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерімен брифинг өткізді. Журналистермен кездесуде округ әкімі Самар ауылының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері туралы баяндама жасап, болашақ жоспарларымен таныстырды.
- Самар ауылдық округінің аумағы 103640 га құрайды. Округ бойынша тұрғындар саны - 6837 адам. Экономикалық белсенді халық құрамы - 3520 адам. Жергілікті қауымдастық округте өтетін барлық іс-шараларға белсене қатысады, округтің мәселелерін шешеді және өздерінің кеңестерін береді. Округте барлығы 53 ауыл шаруашылық тауар өндірушілері бар. Олар 48 шаруа қожалықтары және 5 ЖШС ауыл шаруашылық құрылымдары.
11 ноября аким Самарского сельского округа Ахмет Кудербаев провел брифинг для представителей СМИ в офисе «Ашық әкімдік», располагающемся в здании районного акимата. На встрече с журналистами глава округа рассказал о ключевых показателях социально-экономического развития Самарского с/о и поделился планами на будущее.
- Территория Самарского сельского округа составляет 103640 га, население - 6837 человек. Экономически активное население составляют 3520 человек. Местное сообщество активно участвует во всех мероприятиях, принимает участие в решении общих проблем. В округе зарегистрированы 53 сельхозпроизводителя. Это 48 крестьянских хозяйств и 5 ТОО.
«ҚДС департаментінің Көкпекті аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы» РММ ұсынған мәліметі бойынша қарашаның 9 мен 12 аралығында Көкпекті ауданында 6 адам коронавирус індетін жұқтырған.
5 науқаста коронавирустық инфекцияның белгілері бар, 1 адам симптомсыз санатқа жатады.
Коронавирус індетінің жаңа дерегі келесі елді мекендер бойынша тіркелген: Самар ауылында 1, Көкжайықта 2 жағдай, Үлкенбөкенде 2 және Үлгілімалшы ауылдық округінде 1 жағдай тіркелді. Науқастармен байланыста болған адамдар анықталды, олардың барлығынан коронавирусқа ПТР-талдаулар алынды.
По информации, предоставленной РГУ «Кокпектинское районное Управление ККиБТУ», в Кокпектинском районе с 9 по 12 ноября зарегистрированы 6 новых случаев заражения коронавирусной инфекцией.
5 заболевших имеют проявления симптомов коронавирусной инфекции, 1 относится к категории «бессимптомных».
1 новый случай зарегистрирован в селе Самарское, 2 в Кокжайыке, 2 случая в Улкенбокенском сельском округе и 1 в Ульгулималшинском с/о. Определен круг контактных лиц заболевших, у всех взяты ПЦР-анализы на коронавирус.
Тұрғын үй мәселесі бүкіл Қазақстан бойынша, сондай-ақ біздің ауданда ең өткір мәселелердің бірі болып табылады. Оны шешу үшін түрлі тұрғын үй бағдарламалары іске асырылуда, қазақстандықтарға көптен күткен жеке тұрғын үйдің иесі болу мүмкіндігі бұйырмақ.
Біздің ауданда да осы бағытта жұмыстар белсенді жүргізілуде.
Ауыл тұрғындарына арнап үй тұрғызып, көмек қолын созып жүрген кәсіпкерлердің ісі көңіл қуантады.
Солардың бірі "Көкпекті Жолдары" ЖШС басшысы Гүлназ Нұрғалиева.
2020-2021 оқу жылының І тоқсанындағы білім беру ұйымдарының жұмыс қорытындылары туралы аудандық білім бөлімінің бас маманы Гаухар Жұматайқызы Каребаевамен сұхбатты назарларыңызға ұсынамыз.
1. 2020-2021 оқу жылында оқыту қандай форматта өтті?
2020 жылдың бірінші қыркүйегінде Көкпекті ауданында 2020-2021 оқу жылын 4099 балалар контингентімен 37 жалпы білім беретін шағын жинақты мектеп бастады. 180 балаға дейінгі контингенті бар 32 мектеп I тоқсанда 2499 баланы қамти отырып, штаттық режимде оқытылды. Қашықтан оқыту форматында 1072 баланы қамтитын 5 толық жинақталған мектеп оқытылды, онда 56 кезекші сынып жұмыс істеді, 528 оқушы оқыды.
1 ноября 2020 года в Кокпектинский район в рамках реализации Государственной программы развития здравоохранения прибыл передвижной медицинский комплекс для обследования жителей отдаленных регионов.
Подробно об этом комплексе нам рассказал пресс-секретарь КГП на ПХВ «РБ Кокпектинского района», врач-эпидемиолог Е.И.Сорокина.
Передвижной медицинский комплекс — это настоящая больница на колесах, которая оснащена самым современным оборудованием: имеется зона для гинекологического осмотра, отсек рентгена и флюорографии, общего приема, кабинет врача общей практики, лабораторной диагностики, зона функциональной диагностики (УЗИ, ЭКГ). Данный комплекс произведен на костанайском заводе «СарыаркаАвтоПром».
1991 жылдың 1 қазанында Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ассамблея шешіміне сәйкес жыл сайын Халықаралық қарттар күні өтіледі. Қай заманда болмасын қоғамда қарияларға деген құрмет, ізет-ілтипат ерекше болған, олардың даналықтары мен өмірден түйген мол тәжірибесіне ден қойып отырған.
Қарттарға қамқорлық – біздің халқымыздың санасына терең сіңген қасиет. Ардагерлер – еліміздің алтын қоры. Олар бүкіл саналы ғұмырын, қажыр-қайратын ел игілігіне, ұрпақ тәрбиесіне жұмсады. Кейінгі буын да өз кезегінде алдыңғы толқын ағалардың салған сара жолын лайықты жалғастырып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев әрбір ардагердің, әрбір қарттың қажеттіліктерін ескеру,оларға қамқорлық жасау – біздің басты борышымыз екендігін ескертіп, ерекше мән берді.
Қазіргі таңда патриотизмді қалыптастыру міндетінен маңызды міндет жоқ. Сондықтан, осы мәселе үшін алаңдайтын әр азаматқа Отанға деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеудің өзіндік идеологиясын ойластырған жөн. Адамдар патриотизмді түсінуге әртүрлі жолдармен келетінін ескеру қажет: біреу туған елінің табиғаты немесе өнері арқылы, екіншісі оның тарихы арқылы, үшіншісі діни сенім арқылы, ал біреу Отан алдындағы қызмет арқылы түсінеді. Патриотизмнің қазіргі заманғы тұжырымдамалары адамның сана-сезімін белгілі бір адамның туған жерінде, оның тәрбиесінде, балалық және жастық әсерлерінде, оның тұлға ретінде қалыптасуындағы қоршаған орта әсерінің көріністеріндегі эмоциялармен байланыстырады.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.
<< | < | Қараша 2020 | > | >> | ||
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |